Нәтижелер. «Кодекс куманикус» еңбегі контекстік материал емес, сөздік
болғандықтан, ондағы тілдік деректер көбіне лексикалық бірліктер. Сондықтан сөздікте
мөлшер семантикасының берілуінде лексикалық деңгей негізгі тәсіл саналады. Басқа
деңгеймен салыстырғанда мөлшер семантикасын білдіретін лексикалық бірліктер
әлдеқайда көп. Мөлшерлік лексемалардың өзін әлденеше микромөлшерлік ұғымдарға
топтастыруға болады. Біз көне түркі ескерткіштерінде мөлшер семантикасын білдіретін
лексикалық бірліктер айтарлықтай көп болмағандықтан, тіл деңгейлері шегінде
жинақтай қарастырдық. Сөздікте мөлшер семантикасын білдіретін лексикалық
бірліктерді қашықтық, уақыт, салмақ, көлем, аудан, сыйымдылық, құн мөлшері сынды
микроұғымдарға топтастыруға болады.
«Кодекс куманикус» еңбегінде «уақыт» ұғымын білдіретін лексикалық бірліктер
үстеу сөздері арқылы беріледі және олардың саны басқа сөздермен салыстырмалы түрде
айтқанда көбірек. Еңбекте «уақыт мөлшері» семантикасын білдіретін
емдідән кері (бұрын), анғынча (осы уақытқа дейін) ,
анғынча - анығынша (оған дейін) сөздері
кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегі
-
ша,
-
ше функционалды жұрнағы үстеу тудырушы
жұрнақ ретінде уақыттың белгісіз созылыңқылық мөлшерін, шегін және күшейтпелі
мөлшерлік семантиканы білдіреді. Бұл жұрнақ XV
-
XVIII ғасыр мұраларында мөлшерлік
семантикада кездеспейді. XIII
-
XIV ғасырларда
-
чә,
-
ча формасында, X
-
XII және V
-IX
ғасырларда
-
ча,
-
че формасында кездеседі. Бұл форманың түркілік кездегі тілдік қызметі
мен мағынасында төлтілдік кезеңнен айтарлықтай өзгешеліктердің барлығы байқалады.
Яғни
-
ча,
-
че аффиксінің түркілік кезеңде көбіне заттардың сандық, шамалық мәнін
салыстыру, уақыт шегін көрсету мәнінде жұмсалып, мөлшер семантикасын білдіру
қызметі басымдау болған. Ал қазіргі қазақ тілінде бұл семантикалық қызмет
-
дай,
-
дей,
тай,
-
тей формасына ауысқан.
Ал М.
Қашқаридың сөздігінде «уақыт мөлшері» семантикасын білдіретін мәңгү //
мәңгі, былдұр // былтыр, иыл // жыл, көш // сәт, уақыт сөздері кездеседі. Бұл сөздер де,
бір жағынан, уақыт, мезгіл атауын білдірсе, екінші жағынан, сол атаудың уақыттық
мәнін, мерзімін, мөлшерін білдіреді. Ғалым бұл
сөздерге былайша түсініктеме береді:
–
Мәңгү // мәңгі, мәңгілік, шетсіз
-
шексіз. Бұл сөз әрі есім, әрі мәсдар. «Мәңгү ажұн
// мәңгілік дүние». Жырда былай деп келген:
Тұғұп тақы қалмады мәңгү ерен // адам мәңгі қалмайды, туса
-
туар,
Ажұн күні иұлдұзы тұтшы тұғар // дүниенің күн, жұлдызды туар
-
тұрар! (МҚ, Т3
-
506);
–
Былдұр // былтыр (өткен жыл) (МҚ, Т1
-516-517);
–
Иыл // жыл: бір иыл кешті // бір жыл өтті (МҚ, Т3
-12);
–
Көш // сәт, уақыт: бір көш күдзгіл // бір сәт күткін, біраз күт (МҚ, Т1
- 380).
Сөздіктерде «салмақ», «көлем», «сыйымдылық» ұғымдарын білдіретін лексикалық
бірліктер де кездеседі. Алайда олар саны жағынан тым шектеулі және нақты мөлшерлік
шаманы емес, мөлшерді сындық тұрғысынан сипаттау мәнді болып келеді. Айталық,
«салмақ» ұғымына қатысты
сөздікте ағыр // ауыр, (МҚ, Т1
-
82), иенік // жеңіл (МҚ, Т3
-
30) сөздері кездеседі де, мынадай түсініктеме берілген: Ағыр // ауыр, салмақты: ағыр
адзақ емрүлді // ауыр аяқ тыншыды. Яғни, «аяғы ауыр адам қыбырлап ақырын жүрсе де
межелі жерге, дегеніне жетті» дегені (МҚ, Т1
-
82). Ағыр // ауыр сөзі қимыл
-
әрекеттің
сылбырлығы, қиындығымен қатар, нақты заттардың да салмағына байланысты
қолданылады. Мұнда зат салмағының ауыр не жеңіл болмағы арасында түрлі шамалар
жиынтығы өмір сүретіндіктен, ол түрлі деңгейден құралатын «мөлшер» ұғымына
жатады. Заттардың салмағы ауыр не жеңіл болуы сол заттың ішкі межесіне және барлық
Г.Ы. Серкебаева, С.Р. Боранбаев 52
№
4/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института. BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute. адамдардың санасында қалыптасқан орталық меже негізінде анықталады.
Зерттеу барысында «Кодекс куманикус» қолжазбасында күшейткіш үстеудің –
5,
мақсат үстеудің
–
5, мезгіл үстеудің –
46, мекен үстеудің –
24, мөлшер үстеудің –
13,
себеп
-
салдар үстеудің –
12, сын
-
қимыл үстеудің –
35 түрі кездесетіндігін анықтадық.