«Кодекс куманикус» қолжазбасындағы үстеулердің лексика
-
грамматикалық сипаты
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
ISSN 1999-4214
№
4/2022
49
ғасырдың басынан күні бүгінге дейін үстеудің тарихы, табиғаты және лексика
-
грамматикалақ ерекшеліктері жайлы көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Соған
қарамастан қазіргі тіл тұрғысынан қарағанда үстеу сөздердің әлі де айтылмай,
әлі де
шешілмей келе жатқан мәселелері жеткілікті екені анық. Соның бірі –
«Кодекс
куманикус» қолжазбасындағы үстеулердің қолданысы туралы мәселе.
Тілдің тарихи дамуы барысында сөз таптарының бірден пайда болмай, біртіндеп
жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан айқын көрінеді. Қазіргі
түркі тілдерінде қолданылып жүрген көптеген үстеулер де бір кезде басқа сөз таптарына
тән, өзге функцияда қолданылған сөздер тобы болған. Мұндай сөздер өздерінің
қолданылу ыңғайына, сөйлемдегі қызметіне байланысты
пысықтауыштық функцияға
тұрақтанған. Кейіннен мағыналық реңкінің ауысуына, бастапқы нақты мағынасының
жалпылануына, дерексізденуіне байланысты үстеу сөз табының ерекшеліктерін,
қасиеттерін
бойына сіңіріп, сол топқа ауысқан.
Түркі тілдеріндегі үстеу сөзжасамы әр дәуірге тән өзіндік белгісімен даму,
қалыптасудағы арнайы заңдылықтармен көне заманнан, яғни ежелгі Орхон
-
Енисей,
Талас
ескерткіштері, одан беріде Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн еңбектерінен
белгілі. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген үстеулердің біршамасы көне
дәуірде қолданыс тауып келе жатқан сөздер тобы. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: