Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

 ұлттық салт-дəстүр


145
Қайсыбір ұлттың мəдениетін алсақ та, ондағы 
сал
т-дəстүрлер
жүйесіне бірден назарымыз ауады. 
Салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар əрбір елдің, халықтың тəлім-тəрбие 
беру ережелері мен нормаларының жинағы болып табылады жəне олар 
жазылмаған заң есебінде жүреді.
Академик А.К. Кон: «Əдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда 
немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар ара-
сында қалыптасқан қоғамдық тəртіптің түрі. Ол əлеуметтік өмірдің əр 
түрлілігіне жəне күрделілілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда 
адамдардың біркелкі əрекет етуін қалайды. Яғни, бір қоғам ішінде-
гі адамдардың еңбек ету тəсілдері мен əдістерінің жалпыға ортақ бо-
луын, олардың саяси қоғамдық іс-əрекетінің жəне күнделікті қарым-
қатынасында бірыңғайлық əрекеттің болуын талап етеді. Осының бəрі 
əдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады», – деп 
тұжырымдаса, ал дəстүр дегеніміз – əдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетіл-
ген əр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-
əрекетімен мінез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып 
берілетін түрі», – деген анықтама береді [17, 425].
Салт-дəстүрлер отбасылық тəрбиеде қалыптасады. Жеке адам салтты 
ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта ал-
майды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дəстүрге жаңалық 
енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп отыра-
ды. 
М.Гердер: «Салт-дəстүр – тіл мен мəдениет бастауларының ана-
сы» – дейді (1977:252). Жазу-сызу мен азаматтық қоғам əлі жоқ кез-
де салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз 
мүмкіншілігі болды. Сондықтан ескі салт-дəстүр, əдет-ғұрыптардан 
ұлттық мəдениеттің негізі аңғарылады. Ұлттық салт-дəстүр халықтың 
тіршілік кəсібіне, наным-сеніміне, өмірге, қоршаған ортаға деген 
көзқарасына байланысты туып, қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, 
жаңарып отырды.
Кез келген халықтың салт-дəстүрлер жүйесі – көптеген ғасырлар 
бойындағы тəлім-тəрбиенің жемісі. Осы жүйе арқылы əрбір халық өзін, 
өзінің рухани мəдениетін, мінезін жəне психологиясын қайта жаңғыртуға 
мүмкіндік алады. Егер от өшіп қалса, оны көршіден сұрап алуға болады, 
өнім өспей қалса, оны қайта сеуіп, жаңадан өндіруге болады, алайда егер 


146
қандай да бір себептерге байланысты уақыт аралығындағы байланыс 
үзіліп қалса, егер жас ұрпақ өткен салт-дəстүрлерді жоғалтып алса, оны 
қайта жаңғырту оңайға тимейді. Сондықтан ата-бабаларымыз қандай 
қиын-қыстау кезеңде болсын өз салт-дəстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа 
сақтап қалуға тырысты. Өйткені мұнда олардың адамгершілік сезімдері 
мен əлеуметтік-саяси көзқарастарының мол тəжірибесі орын алды.
Ғасырлар бойы адамдар арнайы бір дəстүрлерді ұстанып, қандай да 
бір салт, ырым-жораларды жасап келді. Сондықтан оның формалары əр 
түрлі, саны шексіз. 
Салт-дəстүрлер халықтың наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына, 
тіршілік кəсібіне байланысты туып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, 
өмірге қажеттілері дамып, жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетін-
дері жойылып отырады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда ақ қой 
сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен төс түйістіріп, анттасып 
дос болатын болған «Достықты бұзғанды ант атсын»– деп серттескен. 
Бұл жаугершілік заманда батырларды бірлікке тəрбиеледі. Ал кейіннен 
қоғамның дамуына байланысты, анттасу салты мүлде жойылды.
Қоғамның дамуындағы ұлтаралық, халықаралық байланыстар ұлттық 
психикаға əсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ салт-дəстүрлердің пайда 
болуына себепкер болды. Мəселен, кеңес дəуірі кезінде еңбек кітапша-
сын табыс ету, неке куəлігін тапсыру, жастарды əскер қатарына шығарып 
салу сияқты салт-дəстүрлерді туғызды. Мұндай өзгерістердің болуы 
– заңды құбылыс.
Бұрын қазақ халқының салт-дəстүрлерінің көпшілігі малмен, көшіп-
қонумен байланысты туып дамыған. Олардың түрлері тілде қатталып 
қалып отырды жəне қазір этнографиялық фразеологизмдер ретінде 
талданады. Мысалы, төмендегі атаулар арқылы ұғынылатын: 
наурыз 
тойлары
, көшіп келген ағайынға 
ерулік беру, бие байлау,
сірне, қымыз 
жинау, малдың төлдеуімен байланысты 
уызға шақыру
, күздікте 
қарын-
майға шақыру
, қыста 
соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа 
салар əкелуі, баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, енші 
беру, ажырасар аяқ жасау
, т.б. ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың 
қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-
дəстүрлердің қалыптасуы, халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланыс-
ты туғанын дəлелдейді. Яғни, салт-дəстүрлер, бір жағынан, халықтың 
тұрмыс-тіршілігінің көрінісі болса, екінші жағынан, еңбекке, адамгер-
шілікке, өнерге, баулуда тəрбие құралы болған. 


147
Тілімізде 
салт пен дəстүр сөзін аса көп бөліп-жармай қолданыла 
бергенімен, екеуінің аралығында елеулі айырмашылықтар бар. Салт 
көбінесе адамгершілік, күн-көріс, тұрмыстық қатынастарда кеңірек тара-
лып, сонда қалыптасады. Ал дəстүрдің қолданылу аясы салтқа қарағанда 
анағұрлым кең. Дəстүрлер қоғамның құқық, саясат, ғылым, дін, филосо-
фия, өнер, мораль сияқты барлық саласында көрініс табады. Сонымен 
қатар, ол адамдардың өндірістік өмірін де қамтиды (еңбек дəстүрі).
Дəстүрге қарағанда салт нақты бір ситуациядағы іс-əрекеттің шартын 
береді. Ол қандай да бір мезгілде, қандай да бір жағдайға байланысты 
адамның іс-əрекетін көрсетеді. Яғни, салтта ең бастысы жүріс-тұрыс ере-
жесі – нақты бір жағдайда қандай əрекеттер жасау керектігін егжей-те-
гжелі жеткізу. Ал дəстүрде ондай іс-əрекеттің барысына толық сипаттау 
берілмейді. Мұнда жүріс-тұрыс, мінез-құлықтың нормалары, принцип-
тері негізгі орын алады. Ол іс-əрекеттің жалпы бағыттарын, ең бастысы 
адалдық, қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, сыпайылық т.с. сияқты ру-
хани қасиеттерді білдіреді. Салт қандай да бір нақты іс-əрекетке тығыз 
байланысты болса, дəстүрде ондай тығыз байланыс болмайды.
Əйтсе де, дəстүр мен салт екі əлеуметтік ортақ функцияларды орын-
дайды. Ол: белгілі бір қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың 
тұрақтану құралы болу жəне осы қатынастарды жаңа ұрпақтың өмірінде 
қайта жаңғырту [Елікбаев, 1992:10].
Қоғамдық сананың өсуі қоғам өміріндегі əлеуметтік-экономикалық 
жағдайларға негізделеді. Сондықтан салт-дəстүрлердің пайда болуы-
на қоғамдық қатынастар, қоғамдық тұтыныстар мен қызығушылықтар 
негіз болады. Осыған орай айта кететін жайт, заттық өндіріс саласына 
жақындау қалыптасқан салт-дəстүрлер өзгерістерге өте икемді болады. 
Мəселен, еңбек дəстүрлеріне экономикалық қатынастар əсер етеді. Ал 
қоғамның рухани тұтыныстары нəтижесінде қалыптасқан салт-дəстүрлер 
неғұрлым тұрақты. Əсіресе, тұрмыстық салт-дəстүрлердің тұрақтылығы 
анағұрлым басымырақ.


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет