144
ерекше эмоциялы-экспрессивті мүмкіндіктерін барынша пайдалануға
тырысады. Көркем шығармалар кез келген халықтың алыс замандар-
дан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дəстүрі, заттық жəне
рухани мұраларының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа сақталуын
қамтамасыз етеді.
Қай кездің қандай қоғамы болмасын, заман келбетін, заман шындығын
бейнелеуде ұлт тілінің əлеуеттілігі қыры сынбай қырланып, ұштала бе-
реді. Сол кезеңнің, дəуірдің асқынған, ушыққан тұстарын суретті сөзбен
кестелеп береді. Мысалы, қазіргі қазақ мəдениетінде «сайлау», «сай-
лау науқаны» сияқты сөздер қоғам көрінісінен мағлұмат береді. Мына
төмендегі мысалдардан автордың ауыл əкімдерін сайлауды кезіндегі
ойларынан үзінді оқимыз.
Мысалы:
• Сөйтіп, бұған дейін
айрандай ұйып отырған
кейбір ауыл жұрты
ештеменің бас-аяғын түсінбей, өз өзінен бүлінген
алашапқын,
қызылтанау болған бір күйге
ұшырады да қалды.
Екінші жағынан, əлгі бастықтың қызметіне ұсынылған кандидат-
тар өз жақындарымен
аяқ астынан шөпілдесіп, өзді-өзіне ғана
бүйрегі бұрғандай емешегі елжіреп, бала мінез қара жұрттың
қанын осылай қыздырған
жайы бар. Бұл əрекеттер демократияның
түбін ойлаудың
орнына,
рушылдықтың ұранын ғана дүбірлеткен
əрі аңғал, əрі сауатсыздау
қазақы бəсеке
болды да шықты.
Аузы
күйген үрлеп ішедіні бастан кешкен жұрт
меніңше, ендігі жерде
талантсыз руласын, тасыраңбай танысын іздеп əуреге түспейді деп
сенемін. («ЕҚ» 17.07.01).
Курсивпен көсетілген тіркестер бүкіл сөйлемдердің ажарын ашумен
қатар, ерекше бейнелілік арқылы айтылар ойды жандандырып, оқушы
көз алдына күнде көріп, естіп жүрген жағдайлардың мəн-мазмұнын одан
бетер қоюлатып, оқиғадан сырт бей-жай қалдырмайды.
Сонымен, көркем шығармалар халық өмірінің табиғи жəне тарихи
дамуының, салт-дəстүр, таным-тіршілігі мен ұлттық мəдениетінің бей-
нелілік құралдарының көрінісі.
ü
Достарыңызбен бөлісу: