Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет104/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

ботадай боздау
– қатты жылау, 
екі иығына екі кісі мінгендей
– өте тұлғалы,
 киіктің асығындай
– кішкентай, сүйкімді,
 аузынан түсіп 
қалғандай, егіздің сыңарындай 
– өте ұқсас т.б. 
Тұрақты теңеулер арқылы адамның дүниені алғаш қабылдау жəне 
құбылыстың жалпы қасиеттерін салыстыра отырып, өзінше ұқсатуы, 
салыстыруы жүзеге асады.
3. Фразеологизмдер. Мұнда ең басты мəселе – фразеологизмдердің 
ауыс мағынада қолданылу уəжділіктерін түсіндіру.
4. Мақал-мəтелдер. Бұл – этнолингвистикалық арнаның фразеоло-
гизмдер сияқты ең құнарлы саласы. Ə.Қайдар мұнда əрбір мақал мен 
мəтелдің бойында этнос болмысына, оның рухани, заттық мəдениетіне, 
дүниетанымына, салт-дəстүр, əдет-ғұрып, наным-сенімге қатысты бай 
информация жинақталғанын жəне олардың этнос болмысын танып-білу-
ге қосар үлесінің зор екеніне тоқталады. Сондықтан мақал-мəтелдердің 
тілде пайда болу факторлары мен жеке адамның мінез-құлқына, іс-
əрекетіне, қалып-күйіне т.б. қасиеттеріне ауысу мотивтерін айқындаудың, 
мəн жайын түсіндірудің маңыздылығы ескеріледі. Мысалы: 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал «от басында 
қандай тəлім-тəрбие, үлгі-өнеге көрсең, өсіп жеткенде де соны істейсің» 
деген ауыс мағынасын түсіндіреді. Ол – о баста қыран құстар өмірін 


158
байқаудан туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес 
болған. Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында 
түлеп, қара қанат болып ұшқанға дейін сол төңіректегі барлық аң-
құстардың, мал төлінің етімен қоректендіреді. Бұл жайттың мақалда 
«отбасындағы көрген тəлім тəрбие, үлгі-өнеге» мағынасына баланып, ал 
бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда «иісін алып, дəмін татып, құшарлана 
жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде 
де отбасында көрген үлгі-өнегесін істейтін əдетіне» айналатынын сөз 
етеді.
5. Бір затты екінші бір затқа балап айту арқылы адамның ой-өрісін 
кеңейтіп, тапқырлыққа баулайтын маңызды құбылыс жұмбақтар. Автор 
«Айдалада қу қазық, мергеншіге жол азық» деген жұмбақтың шешімі 
«қоян» екенін тек қазақы түсінік негізінде ғана табуға болатынын ес-
керіп, жұмбақталған объектіге сəйкес сайланған баламаның мотивін 
тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде айқындап түсіндіруге 
болатынына тоқталады. 
6. Ауыз əдебиеті үлгілері. Олар – этнос өмірінде туындап, сол этностың 
өзіне ғана тəн рухани, мəдени танымды суреттейтін ең бір ауқымды 
байлық. Ғалым ауыз əдебиеті үлгілері тұлға, құрылым жағынан əр алуан 
– бірде жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, енді бірде шағын мəтін, қысқа 
баяндау, өлең-жыр т.б. сияқты болып келсе де, «тірек» сөз арқылы не-
гізгі жəне туынды мағыналық бірліктерге қатысты əр түрлі тақырыптық 
топтарда сипатталуға тиісті екені айтылады.
Бұлар – ұзақ ғасырлар бойы этнос тəжірибесінен туындап, этнос ту-
ралы небір деректер беретін этнолингвистикалық арналар [1998, 17].
Этнолингвистика саласында елеулі орын алатын «Этнолингвисти-
ка негіздері» атты монографиясында проф. М.М.Копыленко қазақ тіл 
біліміне акад. Ə.Қайдар бастаған этнолингвистикалық мектептің өзіндік 
зерттеу объектілері мен ерекшеліктеріне тоқталады. «Это направление 
изучает этнос в зеркале языка. В нем симбиоза дисциплин, поскольку 
язык представляется главным и непосредственно предметом анализа; 
этнология, история, культурология и прочие нелингвистические дис-
циплины привлекаются как вспомогательные» дей келе, онда халық 
тілінде көрініс тапқанның бəрі – бүкіл тұрмыс-тіршілігі, тарихы, заттық 
жəне рухани мəдениеті зерттелетінін сөз етеді [1995, 17]. Сонымен 
қатар М.М.Копыленконың бұл еңбегінің құндылығы мыңнан аса (1044) 
ғылыми зерттеулер көрсеткішінің берілуімен де арта түседі.


159
Қазір қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХ1 ғасырдың 
алғашқы он жылдығында этнолингвистика саласындағы зерттеу 
жұмыстары айтарлықтай. Мысалы: Р.Иманалиеваның «Этнолингвисти-
ческие вопросы изучения средств выражения пространственной ориента-
ции в казахском языке» (1989), А.Мұқатаеваның «Этнолингвистические 
изучение лексики казахского эпоса) (1989), Қ.Ароновтың «Қазақ тілін-
дегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты» (1992, 
Б.Уызбаеваның «Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің 
этнолингвистикалық сипаты» (1994), Қ.Ғабитханұлының «На-
ным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер» (1995), 
С.Жанпейісованың «Қазақ тілінің рухани мəдениет лексикасы» (1996), 
Н.Оңғарбаеваның «Қазақ жұмбақтарының тілі» (1997), Ж.Манкееваның 
«Қазақ тілінің заттық мəдениет лексикасы» (1997), К.Күркебаевтың 
«Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты», 
сондай-ақ, əр аймақтың, мəселен, «Қазығұрт өңірі топонимиясының 
этнолингвистикалық сипаты» (Б.Тасполатов, 2010) т.б. зерттеу нысаны-
на арқау болды. 
Этнолингвистиканың зерттеу материалдарының бірі тіліміздегі – 
этномəдени лексикалар тобы. Бұл жөнінде де қазақ тіл білімінде біраз 
зерттеулер баршылық.
Мəселен, солардың ішінде Е.Жанпейісовтің «Қазақтың этномəдени 
лексикасы» атты зерттеу еңбегі (1989) айырықша аталады. Бұл зерттеуде 
М.Əуезовтің шығармаларының негізінде заттық жəне рухани мəдениетке, 
туыстық қатынастар, халықтық өлшемдерге қатысты лексикадан тұратын 
материалдарға тілдік талдау жасалады.
Тіл білімінің осы жаңа саласын көптен бері зерттеп келе жатқан 
Е.Жанпейісов: этнолингвистика қазір өз алдына дербес пəн ретінде 
ғылымның алдыңғы шебіне шығып, басқа білім салаларымен өзінің 
ара –жігін, объектісі мен зерттейтін материалын, міндетін анықтап алу, 
қалыптасу сəтін бастан кешіруде. Этнолингвистика өзінің бітім-болмы-
сы, табиғаты жөнінінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі 
ол этностың қазіргісін емес, көбіне-көп өткенін зерттейді. Ал этностың 
өткені оның этномəдени лексикасынын айқын көрінеді. Этномəдени 
лексикаға сол этнос мекен еткен аймаққа тəн табиғат құбылыстарының, 
заттық мəдениет лексикасы, рухани мəдениет лексикасы жатады, -дейді 
[1989, 7]. 


160
Акад. Ə.Қайдар: «Этнолингвистиканың негізгі объектісі – 
этнографиялық лексика. Бұл лексиканың құрамында өткен өмірді бей-
нелейтін сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Бірақ олардың көбі 
күнделікті қарым-қатынаста айтылса да, бəрі бірдей бүгінгі ұрпаққа 
айқын бола да бермеуі мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы тары-
лып, о бастағы мағынасы күңгірттенген, не мүлдем ұмыт болғандары 
аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, дəстүрлік қолданысын 
зерттеу этнолингвистика үлесіне тиеді» дей келе, «этнолингвистикалық 
зерттеулер тіл байлығын макросистемалар (Табиғат. Адам. Қоғам.) мен 
микросистемаларға бөліп алып, оларды табиғи жүйе бойынша жіктеп 
алып, өзара байланысты сала-салаға бөліп қарастырады», – дейді [1998, 
35].
Қазақ тілі этнолексикасының негізін тіліміздегі мағынасы күңгірт-
тенген, тіл иесі сөйлеу барысында бұл сөзді қолданғанымен де, 
мағынасына терең бойлап, жете түсіне бермейтін, не қолданыстан шығып 
архаизмге айналған сөздер құрайды. Олардың көбін фразеологиялық 
тіркестердің сыңарлары ретінде кездестіруге болады. Этнолексиканың 
осындай тобын зерттеуде қазақ білімінде Р.Ғ.Сыздықованың еңбектері 
ерекше құнды. Ол кейінгі жылдарда эпостық жəне лиро-эпостық жырлар 
мен жыраулар тіліндегі көптеген көнерген сөздерге текстологиялық тал-
даулар жасады. Бұлардың көпшілігі «Сөздер сөйлейді» кітабына енді.
Сонымен, көне тамырлы этнолексика халықтың этномəдени тари-
хы жəне тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі 
болып табылса, оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың дені 
ұлттық мəдениеттің, рухани байлығымыздың түбірі. Осыған байла-
нысты этнолингвистикалық зерттеулерде тілдің қызметіндегі жəне 
дамуындағы тілдік, этномəдени жəне этнопсихологиялық факторлардың 
өзара əсеріне ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені этнолингвистика үшін 
тіл мен мəдениет байланысы – басты зерттеу объектісі. 
Этнографиялық мəнге ие бірліктердің көпшілігі тілімізде тіркес 
ретінде қолданылатын күрделі сөздер мен фразеологизмдер жəне мақал-
мəтелдер түрінде кездеседі. Осыған орай Ə.Қайдар: «Бүгінгі фразео-
логизм, мақал-мəтел деп жүрген тұрақты тілдік единицалардың басым 
көпшілігі бір замандағы күнделікті қарапайым тірліктің, құбылыстың 
нəтижесі ретінде қалыптасқан тілдегі көрінісі. Олар бара-бара тұрақталып, 
мағыналық өзгерістерге ұшырауы салдарынан этнофразеологизм жəне 


161
мақал-мəтел дəрежесіне көтеріледі. Олардың дүниеге келуі о баста 
малға, аңға, өсімдіктерге, аспан əлеміне, табиғат құбылысына байланыс-
ты болса да, бүгінде бəрі айналып келіп адам тұрмысына, мінез-құлқына, 
жақсы-жаман қасиетіне, ішкі-сыртқы көрінісіне бағышталады», – дейді 
[1998, 18].
Этнолингвистикалық арналардың бірі фразеологизмдер əр халықтың 
дүниетанымы, əдет-ғұрпы, салт-санасы мен ұлттық мəдениетінен хабар-
дар етеді. Тұрақты тіркестер арқылы халықтың барлық келелі ой, пікір-
түсінігі сырлы сөзбен кестеленіп беріледі. Олар адамның құлақ құрышын 
қандырып, сезіміне əсер етіп, ойындағы бейнелілікті жандандырады. Бұл 
жағынан алғанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде ең бай, əрі шұрайлы 
тіл. Тілдегі тұрақты тіркестер – халықтың ұлттық ерекшелігін көрсететін 
басты байлықтың бірі. Ең алғаш тұрақты тіркестермен таныстық бала кез-
де естіген жыр, аңыз, əңгіме, ертегілерден басталады. Айтылар ой көркем 
болу үшін сан алуан тұрақты тіркестер қолданылып, ауыздан-ауызға 
таралады. Əйтседе, тілді тұтынушы ол тұрақты тіркестердің қалыптасу 
уəжіне көңіл бөлмей, мəнерлі сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Осы 
тұрақты тіркестердің қалыптасу уəжділігін айқындауды тіл білімінің 
этнолингвистика саласы атқарады.
Фразеология тіл байлығы ретінде тек сөз өнерінің өрісін кеңейтіп 
қана қоймай, сонымен қатар ерте замандардан бергі барша рухани 
өміріміздің байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап, жан-жақты 
сипаттайды. Тек фразеологизмдер ғана халықтың өткен өміріндегі əр 
кезеңдерінен алуан түрлі құбылыстар мен оқиғаларды өрнекті тілмен 
суреттеп, бүгінгі уақытпен үндестіреді. Сондықтан фразеологизмдердің 
қалыптасу мотивін анықтауда тілдік фактілерді халықтың рухани, əрі 
заттық мəдениеті мен тарихына, салт-дəстүрі мен ұлттық дүниетанымына 
байланыста зерттеуді мақсат ететін тіл білімінің жаңа да құнарлы саласы 
– этнолингвистиканың рөлі ерекше құнды.
Сонымен, этнолингвистиканың объектісі – этнос жəне оның тілі. 
Тілде əрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тəсілінің, мінез-
құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері
мəдениеті, əдет-ғұрпы, əдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа 
ауысып отырады. Жалпы, тіл – мəдениеттің барлық саласының дамуына 
дəнекер. Адамзат қоғамы тілдің осы қасиеті арқылы ілгерілеген. Қандай 
халық болмасын оның ұлттық тілі сонау рулық, тайпалық, халықтық 


162
сатысынан бастау алып, сол дəуірдегі мəдениетпен бірге өмір сүріп, əр 
дəуірдің мəдениетін жалғастырып, қазірге дейін жетуіне арқау болған. Ал 
осы ұлттық мəдениетіміздің зерттеу, соның ішінде тұрақты тіркестердің 
мəнін ашу – этнолингвистика үлесі. 
Этнолингвистика тілді ұлттық мəдениетпен, халықтық менталитетпен 
байланысты зерттеуге бағдарлайды. Олай болса, халық тіліндегі тұрақты 
тіркестер бірден фразеологизмдерге айнала қойған жоқ. Олардың өз даму 
жағдайы мен қалыптасу үрдістері бар.
 
«Фраземалардың пайда болуының 
экстралингвистикалық көздерін аша білу олардың қалыптасу кезіндегі 
əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық ситуациялардың тарихын ашуға 
мүмкіндік беретіні сөзсіз» [Авакова, 2002, 57 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет