Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет54/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

шырға тартты
тіркесі бар. «Құсбегілер тіліндегі 
шырға
– «қызыл», «далбай», «кеп», 
«тірі» сияқты атаулармен айтылады. Қазақ халқының ауыз əдебиеті 
мен жазба əдебиетінде шыр, шырға, шырғалау деген сөздер көп кез-
деседі. Бірақ бұл сөздің төркіні (этимологиясы) жете зерттеліп, əлі 
анықталмаған», – дейді Ж. Бабалықов [1983, 53 б.)]. 
Шырға тартты
а) Қыран құсты дəніктіру, қанатын бекіту үшін 
сүйретілген түлкі терісіне қызыл байлап алдыру тəсілі. ə) Ауыс. Алдау-
сыратып сыр тартты, сынап көрді. [ҚТТС, Т. ІХ. 352].
Шырға
зат – алғыр құсты аңға үйретудің тəсілі. 
Қырғыз тілінің түсіндірме сөздігінде 
шырға 
– «бүркітті баптап 
үйретуде қолданылатын түлкінің кебі» делінген.


78
Қазақ тілі лексикасында «
шыр біту
» тіркесі бар. Бұл тіркестің беретін 
мағынасы семіру, ет алу, қоңдану.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіде 
шыр
сөзінің үш түрлі мағынасын 
көрсеткен. Солардың бірі – нəр жəне əл, қуат, күш деп берілген.
І. Шыр 
зат, көне 1. Нəр, маңыз. 2. Əл, қуат, күш. 
ІІ. Шыр 
зат,көне. 
Ынтымақ, бірлік, татулық. 
ІІІ. Шыр
зат. Қанша бала болса да қатыса 
беретін асық ойынының бір түрі. [ҚТТС, Т. ІХ. 349 б.]. 
Шыр
сөзінің арғы түп-төркі бойынша көне түркі тілінде 
май, еттің 
майы
дегенді білдіреді [ДТС, с. 146]. 
Сонда 
шыр біту
май біту дегеннің көне варианты болып шығады. 
Майды шыр сөзімен атаудың өзі ұтымды болғанымен, бұл сөздің өз 
мағынасында тіркес құрамында сақталып қалған. Мысалы, шыр байла-
ды (бітті), шыр жұқпады. Бұл сияқты құбылыс қазіргі қазақ тілінде де 
аз кездеспейді.
М.М.Гинатуллиннің анықтамасы бойынша: «Мотивация – раздел 
лексикологии, задачей которого, является изучение связи между слова-
ми и вещами в момент их наименования, а также состояние и степень 
мотивированности слов на определенном этапе развития языка» (1973, 
73). Яғни, мотивация құбылысы зат пен оның аталу кезіндегі сөзбен 
байланысын қарастыратын болса, біз осы құбылыс арқылы тұрақты 
тіркестің қалыптасуына негіз болған уəжділікті анықтауымызға бола-
ды. А.Мелерович: «Ішкі форма дегеніміз – жаңа мағына жасауға негізі 
болатын ең жақын семантика-этимологиялық мағына», – дейді [1971, 
59 б.].
Фразеологизмнің ішкі формасын анықтау фразеологиялық мағынаның 
қалыптасуымен тікелей байланысты. Сондықтан тұрақты тіркестің ішкі 
формасын анықтау үшін, тіркесті толық қайта ой елегінен өткізу ке-
рек. Осындай қайта ой елегінен өткізу нəтижесінде ауыспалы мағынада 
беріліп тұрған тіркестің нақты нəрсені ойша абстракциялаудан жəне 
соның негізінде жаңа түсініктің пайда болатынын байқауға болады. 
Кейіннен даму барысында ол жалпыланып, соңында фразеологиялық 
мағынаның қалыптасуына негіз болады. Егер сөз тіркесінің мағына 
өзгерісі баяу, əрі ұзақ болса, өзгеріс іштей байқалмай қала берді. Соны-
мен қатар, оның даму барысына бастапқы сөздік комплекс сəйкес келсе, 
тіркестің семантикалық өзгерісі оның формасына əсер етпейді. 
Тілді тұтынушыларға ішкі форма арқылы көрінген нысанның түрлі 


79
белгілері кейде ұқсас бейнелердің ассоциациясын туғызады. Осыған 
байланысты бейнелілік терминіне назар аудару керек .
Бейнелілікті тілді тұтынушылардың қабылдау жүйесіне қарай 
қарастырады. Бейнелілік – тілдік жүйеде фразеологизмнің құрылым-
дық-семантикалық ерекшелігін жинақтаған лексика-семантикалық ка-
тегория. Бейнелілік – менталдық құбылыс ретінде тілдік құралдардың 
мүмкіндігімен жүзеге асырылатын ұғымдық-логикалық, заттық-айғақтық 
мазмұн аясында біздің танымымыздағы нақты көріністер мен «бояулы» 
тіршіліктің суреттері. Демек бейнелілік тілдік антропоцентрлік аясына 
жатады. Тіл бірлігіндегі бейнелілік екі жақтың: адам психикасының лин-
гвокреативтік ерекшелігі жəне адам танымының экстралингвистикалық 
факторларының бірігуінен пайда болады. 
Бейнелілік, фразеологизмдегі бейнелілік жəне ішкі форма генетикалық 
байланыста. 
Бейне – бұл адам санасында нысанның аталымы бейне, сурет жəне 
фрейм түрінде коммуниканттарда пайда болатын заттық-сезімдік кес-
кін.
Ал бейнелілік – фразеологизм ерекшелігі бойынша, сақтау, көз алдына 
көшірме сияқты қайта келтіріп, сөйлеу процесінде қолдану. Тілдік санада 
бейне, картина жəне фрейм түрінде фразеологиялық тіркес этнотілдік 
сипатымен дараланады. Бейнелі-ассоциациялар потенциалы тіл-тілде 
бір-бірімен жарыса жүруі заңдылық. Мұндай факторларды зерттеу əдісі 
когнитивтік фразеологияның басты міндеті болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет