Монография «Елтаным баспасы»


Əйелдің жақсысы – ақылшың



Pdf көрінісі
бет52/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Əйелдің жақсысы – ақылшың.
Қазақ салтында əйелдің сан алу-
ан абзал қасиеттерінің біріне оның еріне кеңес беріп, ақылын айтып оты-
руын жатқызады; қазақ сахарасында дүйім елді аузына қаратып, өзінің 
елден ерекше ақыл парасатымен құрметке бөленген аналар аз болмаған. 
Сондай ақыл парасаттың кені болған əйелдер əрқашан да еркектің басы-
на қиын-қыстау күн түскенде жанынан табылып, оған ақыл айтып, күш, 
рух беріп отырған. (Ə.Қайдар. Халық даналығы. Алматы, 2004.)
Қазір моральға міндеттейтін болашақ жар, əйел, ана дейтін сөздермен 
қыз балалардың лингвистикалық интуицияларын өте керемет деп айтуға 
болмайды. Олардың бойында бұл ұғымдар туралы имплициттік білім 
көрінісі бəсеңдеп барады. Қазақта: «Əйелі азған елдің болашағы жоқ» 
деген қатаң ескерту бар. 
Қазақ əйелінің ойлау қабілеті, зейін-зерде ерекшелігі, парасат-пайым 
деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. 
фразеологизмдер суреттейтін тілдік көрінісі этностың ерекше этноцентр-
лік концептілерін құрайды. Болашақта «Қазақ əйелі» макроконцептісінің 
қазіргі заманға сай «іскер əйел» т.б. микроконцептілеріне, имиджіне, 
кəсіби-интеллектуалдық өрісіне дəйектелген динамикалық жүйесін 
қазіргі қазақ қоғамының рухани-əлеуметтік үрдісімен салыстыра 
қарастыруды қажет етеді.
2.6 Фразеологизмдер
дің ішкі формасы 
Фразеологизмдердің ішкі формасы – бұл фразеологизм мағынасының 
уəжділігінде жатқан бейне, белгілі бір жағдаят, «гештальт», «су-
рет», фразеологизм сипаттап отырған жағдаяттың бейнелі көрінісі. 
Фразеологизмнің ішкі формасын дұрыс түсініп білу – фразеологизмді 
дұрыс қолданудың кепілі. 
Қарапайым мысал ретінде күлкілі жағдаятты келтіре кетсек. 


76
Бір кездерде студенттер арасында «жеңіл барып, ауыр қайт» дей-
тін тілек түрінде айтылатын фразеологизм болды. Оның мəні ауылға 
бара жатқанда жеңіл-желпі барады, арқалайтын ауыр заты жоқ
ал үйден қайтарда студент тамағын асырау үшін ауылы не береді, 
соның бəрін көтеріп келеді. Демек, əрі қарай тоқшылық, молшылық 
дүние деген сөз. Бірде, тілек астарын түсінбеген орыс тілді қазақ 
бойжеткен құрбысына «жеңіл барып, аяғың ауыр болып келсін» деп 
айтып, көпке дейін мазаққа ұшырап жүрді. Мұндай мысалдар жастар 
арасында көптеп кездеседі. «Құрбым екеуміз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет