Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологизмдерді фреймдік талдау əдістері



Pdf көрінісі
бет61/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

2.8 Фразеологизмдерді фреймдік талдау əдістері
Фразеологиялық семантиканы фреймдік талдау бірте-бірте 
лингвистикалық мəртебе алады. Бұл фразеологиялық зерттеулерде ай-
тылып жүр. (Н.Н.Болдырев. Когнитивная семантика. Тамбов. 2002., 
Н.Ф.Алефиренко. Фразеология и когнитивистика в аспекте лингвисти-
ческого постмодернизма. 2008). 


87
Фреймдік семантика – тілдің семантикалық жəне ойлау кеңістіктеріндегі 
тілдік мағына мен білім құрылымының өзара əрекеттестігі. Ол фразе-
ологизмдер мағынасы арқылы адамдардың өмірлік тəжірибесінің си-
паттары мен жалпы білімдерінің сыртқа шығуын, қатысымдық актіде 
фразеологизммен сипатталу процесін модельдеуге мүмкіндік береді. 
Мұнда ең басты назар аударатын нəрсе: фразеологиялық мағына мен 
адамдар тəжірибесінің арасын белгілеуде нақты меженің болмауынан 
фразеологиялық жəне когнитивтік құрылымдардың заңды байланысын 
айқындау əркез оңай еместігі.
Тіпті «фрейм» терминінің қолданысында бірізділік жоқ. Бірде 
менталдық кеңістік, когнитивтік аймақ, схема, сценарий т.б. 
Егер тіркес жасайтын жаңа нысан қатар, біртектес басқа нысан-
дармен ассоциацияланса, онда этнотілдік танымда оның уəжділігі 
анықталып, фразеологизм мағынасы түсінікті, есте жақсы сақталады 
жəне қолданысқа ие болады. 
Мысалы, 
сөзді жүндей сабау

 ад
амның көп сөйлейтін жағымсыз 
қасиетін айтады.
Мұнда прототип – нақты іс-əрекет: ұйысқан жүнді 
ұзақ сабағанда ғана жұмсарып, мамық сияқты болады. Жүн сабаушының 
қолындағы екі шыбықтың сартылы мен жерді сабалаған дыбысы құлаққа 
аса жағымды тимейді. Құбылыстың ұқсастығынан санада ой мен ны-
сандар ауыстырылып, құралдың орнын 
сөзбен
алмастырғанда бұрынғы 
танымдағы ассоциация негізінде тіркес уəжділігі ашылады. 
Фразеологиялық мағынаны когнитивтік деңгейде қарастыру
 фреймдік 
талдау мен прототиптік семантика
талдау əдістері арқылы тек тілдік 
қана емес, тілден де тыс, энциклопедиялық білімдерді ескеруге тура ке-
леді. Оның үстіне, фрейм барлық фразеологиялық жүйенің ұйымдасқан 
құрылымын тануға құрал ретінде жұмсалады.
Жағдаятты толық игеру айтушы мен тыңдаушының позицияларына 
қарай анықталады. Олардың назары фразеологиялық фреймнің кез кел-
ген бөлігіне түсуі жəне есте сақталуы мүмкін. Себебі фразеологиялық 
мағынада біздің жадымыздағы стеоретиптік жағдаяттар бейнесінде 
бұрынғы іс-тəжірибеміз бойынша, белгілі бір прототиптік фрейм тұрады. 
Тіркес мазмұнында фразеологиялық семантиканың прототиптік фреймі-
не сай келетін қабылдау бар.
Прототиптік семантика əдісін фразеологизмдердің пардигмаларын 
(семантикалық топтары, фразеосемантикалық өрістері) когнитивтік 
тұрғыдан қарастырғанда тиімді деп есептейді. 


88
Фразеоло
гиялық парадигмалардың құрылымы ядро мен перифериядан 
тұрады. Прототип ретінде ядро тұрғандықтан, ол бұл категорияның негізі 
болып саналады. Мысалы, қазақ тілінде фразеологиялық парадигмадан 
көрінетін «құс» бейнесіне прототиптер түрлі бүркіт, қаршыға, сұңқар тек-
тес құстардың биіктен, қиыннан ілетін ерекше қырағылық қасиеттерін 
жалпы 
қыран құс
фразеологизмімен сипаттайды. Ал аталған құстардың 
жеке-дара өзгешеліктеріне қарай тұрақты тіркестер жасалған. 
Мəселен, түс атауын білдіретін «ақ» сөзі фразеологизмдер тудыруға 
ұйытқы болған. 
Мысалы: 
• 
Ақ сұңқар / ақ сұңқар құс
– 1.қыран құс; 2. Ер азамат деген 
мағыналда. 
Ақ сұңқар келіп шырмалар
Саятшы алдын парласа (Мұңлық-Зарлық)
• 
Ақ иық
– мұз балақ, ерекше қыран, айрықша асыл қыран 
мағынасында қолданылады. Кейде фразеологизмнің орнына – «ақ 
иық мұзбалақ» варианты қолданылады.
Мысалы:
• 
Ақ иық мұз балақпын жерге түспес. (Айтыс)
• 
Ақ иық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
• 
Құсбегілер ұстаған бүркіттердің «Алтайдың ақ иығы», 
«Қарағайдың қызыл балақ сарысы», «Түменнің сары құсы» деп 
аталуы да мекен-жайына байланысты қалыптасқан осындай 
бітім ерекшеліктерінен туса керек. (Т.Əлішеров).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет