Монография «Елтаным баспасы»


Вербалды-семантикалық немесе нөлдік сипат



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Вербалды-семантикалық немесе нөлдік сипат
– жеке адамның 
табиғи сөйлеу қабілетімен меңгерген сөздік қорындағы сөздер мен тір-
кестер. Бұл арада лексикалық бірліктер жəне оларды өзара қарым-қатынас 
жағдайында дұрыс қолдану, кейде грамматикалық ережелерден ауытқулар 
болуы да мүмкін.
Лингвокогнитивтік сипат 
адамның интеллектуалдық өрісіндегі 
танымдық əректінің деңгейімен байланысты. Əр жеке тұлға–индивидтің 
даму, қалыптасу кезеңіндегі айналаны «өзіндік түсінікпен қабылдау, 
мəдени құндылықтарды түсіну, бағалау, əр түрлі белгілі əлеуметтік 
əрекеттерге қарай қалыптасқан тəжірбие сияқты иерархиялық жүйе 
бар. Бұл оның сөйлеу мəнері мен əдебінде, жеке сөз қолданыстарынан 
байқалады, сол арқылы белгілі тұлғаны танимыз. (Мысалы, Мен, мен 
едім. Мен Нарында жүргенде, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» де-
гендегі мен мұндалаған Махамбет пен мұңлы Абай). Осы тілдіктанымдық 
деңгейде жеке тұлғаның интеллектуалды сипаты «түсінік», «концепт 
өрістері», «идея»сияқты таным бірліктерімен анықталады.
Прагматикалық сипат 
– айтушының мақсатына қарай, қатысымдық 
жағдайдың орны мен ерекшелігіне байланысты анықталады. Айтушының 
жеке көзқарасына қатысты «қатысымдық-əрекеттің қажеттілігіне» 
қарай, (Караулов) яғни тілдік тұлғаның прагматикалық деңгейі басты 
фактор ретінде жеке адамның ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік-
тер индивидтің логикалық ой-талқысына жəне білімі мен эмоциялық 
жағдаяттарына т.б. деңгейлеріне байланысты. Тілдік тұлғаның осы ке-
шенді сипатын əр кезде анықтау оңай емес.
Себебі вербалдық қатысым жағдайында айтушының вербалдық 
мүмкіндігі сөздер арқылы белгілі болып тұрады, ал тілдіккогнитивтік 
сипатында концептілер немесе түрлі түсінік, идеялар прагматикалық си-
патта «қатысымдық-əрекеттің қажеттілігіне» қарай жүзеге асатындықтан 
оларды жүйелеп, пихолингвистикалық жəне əлеуметтік жағынан тілдік 
тұлғаның прагматикалық құрылымын дəл айқындау қиын. 
«Тілдік тұлға – сөйлеу əркетіндегі қабілет дəрежесіне қарай баға-
ланатын тілді жеткізуші, тіл иесі; тілдік тұлға ең алдымен индивидтің 


102
психофизикалық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Ол – сөзден мəтін 
түзуге жəне қабылдауға ықпал ететін сөздің тілдік тұлғасы. Ол – тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланушы адамның вербальды əрекеті 
ерекшелігінің жиынтығын білдіретін коммуникативтік тұлға» [Маслова, 
2007: 24 ] болғандықтан, «тілдік тұлға» алдымен тек тіл иесі – жеке адам 
(индивид) деп қабылданады. 
Адам бойындағы тілге қатысты жекелік болмыс, ерекшелендіретін 
қасиет оқшау дамып, қалыптаспайды. Кез келген индивид бойына өзіне 
дейінгі тұлғалардың сөз байлығын сіңіріп қалыптасады. Əрі қарай жеке 
тілдік ерекшелік үйренген тіл байлығын одан əрі жетілдіру, сөз мəнерін 
ұштау, жалпы танымдық білімін тереңдету арқылы өзгелерден озық тіл-
дік тұлға болып танылады. 
Адресанттың адресатқа ақпар жеткізу қажеттілігі табиғи əрі рухани 
қажеттілік болса да, кез келген тіл тұтынушысы тілдік тұлға дəрежесіне 
көтеріле алмайды. Тілдік тұлға табиғатының кешенді сипаттарын 
саралағанда, ең алдымен өз халқының ұлттың құндылықтарын толық 
меңгерген аса жоғары интеллект болуы тиіс. Сонда ғана табиғи, ұлттық, 
рухани қажеттіліктерді өтейтін ерекшеліктерімен танылған тілдік 
тұлғаның болмысындағы қуатты ойды жеткізетін экспрессиясы жоғары 
тілдік бірліктер ғана тыңдаушы санасына əсер етеді. 
Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет