Монография «Елтаным баспасы»


Қазіргі қазақ фразеологизмдерінің



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

3.4 Қазіргі қазақ фразеологизмдерінің 
мəдени-қатысымдық дискурсы
Қазіргі қазақ қоғамында сөз саптауы айналасына үлгі болатын, 
сөз мəдениетін жоғары қоятын тілдік тұлға жазушылар мен өнер 
қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, оқытушылардың ғана үлесіне 
тиіп отыр. 
Өткен ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында бұрынғы СССР терри-
ториясынан бөліп шыққан егеменді мемлекеттердің əлеуметтік жəне 
мəдени өмірінде айтарлықтай жемісті өзгерістер болғаны мəлім. Бұл 
əсіресе олардың тілінде, сөйлеу мəдениетінде бұқаралық ақпарат 
құралдарынан бастап барлық саларында көрініс тапты. Қазақстан да 
мұндай өзгерістерден шет қалған жоқ. Ұлт тілі мемлекеттік мəртебе 
алған соң, орыс тілі ресми тіл ретінде ұлтаралық қатынас тілінің рөліне 
ие болды. «Қазіргі Қазақстанда тілдік жағдаят – қоғамдағы саяси, 
этнодемографиялық, əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістердің тіке-
лей көрсеткіші» [Сүлейменова, 2005, 274]. 
Славян тілділермен қатар, өзбек, ұйғыр, татар т.б. түркі тілдес 
халықтар арасына орыс тілі ұлтаралық жəне мəдениаралық қатынасты 
тереңдету қызметіне ие болғандығы белгілі. Ұлттық сананың тереңдеуі 
мен ұлт мəдениетінің ерекшеленуі ХХ1 ғасырдың соңғы он жылдығында 
жаһандану кезеңіне де тұспа-тұс келді. Қазақстан жағдайындағы көп 
ұлттық – (130-ға жуық мекен ететін) мəселесіне бұл жағдайдың ерек-


107
ше əсері болды. Өйткені егемендік алған 90 жылдардың статистикасы 
бойынша жергілікті ұлт өкілдері сол кезде өз ана тілін 50% жетер-жет-
песі ғана меңгерген. Ал ұлттар тілі мен олардың мəдени өмір сүру 
ерекшеліктері жаһандану үрдісінде біркелкі деңгеймен көрінбейтіні 
ақиқат шындық. Бұл арада орыс тілінің функционалдық қызмет шеңбері, 
əсіресе терминологиялық салалары қазақ тіліне қарағанда жаһандануға 
қарсы тұрарлық қабілеті бар. Жəне бұрынғы кеңестік дəуірде де, қазіргі 
жағдайда да орыс тілінің Ресейден басқа ТМД мемлекеттерінде де да-
муы, толығуы жүріп жатқан, жүре беретін процесс. Ал басқа ұлт тілдері 
туралы əңгіме басқа. Мəселен, біртұтас кеңестік кезде жергілікті ұлт 
өкілдерінің азшылығы əрі кеңестік саясаттың ықпалымен білім беру 
мекемелерінің орыс тілінде басым болуы, ұлт тілінің ана тілі ретінде 
толық меңгерілмеуі, қолданыс аясының шектеулігі, кірме сөздер мен 
калькалардың көптігі, терминдердің аудармасыз енуі т.б. толып жатқан 
экстралингвистикалық фактілер қазақ мəдениетіне басқалай реңк əкелді. 
Ана тілінде емес, орыс тілінде білім алған жергілікті ұлт өкілдерінің 
басқа тілде сөйлеуімен қатар, бүкіл таным-болмысын, тəрбиесін, қазақи 
менталдығы мен ұлтқа тəн мəдениетін бүтіндей өзгертті. Бұл қазақ əдеби 
тілінің кемелденуіне өзіндік кері əсері болғаны жасырын емес. Қазақ 
тілінде көркем əдебиет оқымайтын, өз ана тілінің сөз асылдарын таны-
майтын, білмейтін бірнеше ұрпақ қалыптасып үлгерді. 
Қазақ тіліндегі паремиологиялық, фразеологиялық қордан ұлт өмірінің 
менталдық таным ерекшелігі жəне тұрмыс-тіршілігінің мəдениеті 
байқалады. Əсіресе, фразеологизмдердің ойды бейнелі, суретті етіп жет-
кізудегі орасан тілдік қуатын пайдалану, жетілдіре түсу қазіргі жастар 
тілінде орын алмаған.
Əр ұлттың өзіндік ұлттық танымын танытатын стеоретиптері оның 
ғасырлар бойы қалыптасқан мақал-мəтелдері мен фразеологизмдерін-
де жатыр. Сондай-ақ, тілдегі көркем де бейнелі сөз орамдары – фра-
зеологизмдер əдеби тілдің байлығы жəне тіл мен сөйлеу мəдениетінің 
көрсеткіші. Бұл ретте В.В.Виноградов «Əдеби тіл – қоғамдық өмірдің 
дамуы, халықтың материалдық жəне рухани ілгерілеуі, əлеуметтік күрес 
қаруы, сондай-ақ, халықты тəрбиелеу мен ғылым мен техниканың, ұлттық 
мəдениеттің жетістіктерін бағалаудың құралы. Əдеби тіл – ұжымдық 
шығармашылық əректінің нəтижесі» деп атап жазады [1978:288]. 
Жылдар бойы бойы қалыптасып, ғасырлар бойы қолданыстан 


108
түспейтін тұрақты тіркестер қазіргі жазба əдебиетте жəне қалың 
көпшіліктің сөйлеу мəдениетінде қандай ерекшеліктермен көрінеді де-
ген сұрақ қашан да өзекті болмақ. Əсіресе, сөйлеу мəнері көмескі тар-
тып бара жатқан жастар тілінің қазіргі хал-ахуалы туралы мəселе, тіпті 
ана тілінде сөйлейтіндердің тіл байлығы мен тіл тазалығы қазіргі қазақ 
ұлтының соқталы проблемаларына айналды. Бұл ХХ ғасырда дендеген 
ауру, ХХI ғасырда тамыр жайып кетті. 
Тіл – ұлттың жаны. Бұл аксиомаға айналған қағида. Өз ана тілінің 
мəнерлі де бейнелі сөздерінен хабарсыз, махрұм болып өскен ұрпақтар 
тілі қазақ сөйлеу мəдениетінің ежелден келе жатқан би-шешендер 
дəстүрін қорғауға, жетілдіруге, насихаттауға, бір сөзбен айтқанда 
ұлтының образды сөйлеу ерекшелігін сақтауға тиіс еді. Алайда дəл 
бүгінгі қазақ жастарының сөйлеу мəдениеті мүлдем бөлек арнаға түсті, 
мұның барлығы билингвизмнің əсері деуге болады.
Кітап оқуды мүлде қойған қазіргі жастар тілінің жұтаңдығы, қысқа 
қайырыммен сөйлеуі, ойларын жеткізудегі мəнерлілігінің жоқтығы күн 
санап, уақыт озған сайын тереңдеп барады. Кезінде ата-анасының əке-
шешесі, оның ата-бабасы, оның арғы бабалары сөйлеген ұлттың нəрлі тілі 
бүгінгі күнде қан сөлінен айырылып, мəнерлілігі азайып кетті. Бұл ере-
сектерге де, жастарға да тəн көрініс болғаны ақиқат. Тіпті алдымыздағы 
студент шəкірт, мəселен, мына фразеологиялық тіркестерді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет