Монография «Елтаным баспасы»


Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мəн ба-



Pdf көрінісі
бет83/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

 Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мəн ба-
сым болады.
Мұнда кез келген тіркестің фразеологиялық мағынасында 
«неге осылай айтты екен» дейтін ішкі ой мазмұнында тыңдаушы мен 
айтушының білім өресін сынап алатын тұстары жетерлік. Демек кім 
өз елінің өткен-кеткен тарихын жақсы білсе, қай ортада болса да, тіл 
үшін, тарих үшін, мəдениет үшін таптырмас білімнің қайнар көзі болмақ. 
В.М. Мокиенконың пікірін келтіре кетсек: «... концептная информация 
добывается фразеологами прежде всего на основе 
исторической фра-
зеологии
, т.е. погружением во внутренюю форму фразеологизма» [2008, 
с. 20].
Лингвомəдениеттану ғылымының зерттеу нысандарының бірі пре-
цедентті жалқы есімдер. „Прецедентті атау дегеніміз – халық үшін 
нақты құндылығы бар, кеңінен танымал көркем шығармамен, тарихи 
есіммен, саяси тұлғамен, географиялық реализммен, сонымен қатар тіл 
иелеріне кеңінен танымал қатынастарға, нақты оқиғаларға байланыс-
ты қолданылатын жəне қабылдаушы танитын жеке есімдер« [Мəдиева, 
2005, 145].
Ұлт тілінде белгілі себептермен ел аузында жиі-жиі қайталанатын 
атақты қазақ есімдері бар. Сол есімдермен байланыстыра айтылып 


121
жүрген тұрақты тіркестер қазақ халқының тарихында əр түрлі қоғамдық 
дəуірлерде болған оқиғалардың жайын толық айқын айтып бере алады. 
Мəдени-тарихи жағдайлар кейде бір ғана атақты кісі есімімен-ақ, сол 
ұлтқа қатысты маңызды талай сырды аңғартып, коннотациялық мəнге 
ие болады.
Мəселен, қазақ тілінде əріден келе жатқан белгілі кісі есімдері 
Қорқыт, Майқы би,
Аяз би, Абылайхан, Жиренше шешен 
т.б. кісі ат-
тары тарихи фразеологизмдердің жасалуына ықпал болды. 
Тарихи деректерге қарағанда 8-ғасырда өмір сүрген Қорқыт желма-
ясымен дүниенің төрт бұрышын кезіп, қобызын күңірентіп, өлімнен 
қашқаны, қайда барса өзіне қазылып жатқан көрді көретіні туралы 
ел аузында қалған, жұртқа мəлім 
қайда барсаң да, Қорқыттың көрі
есте жоқ ерте кезден қалған бір ауыз сөз əйтеуір Қорқыт баба туралы 
ел аузында бір дерек қалдырды. Фразеологиялық мағынасы – жолы 
болмау, яғни қайда барса да алдынан əлдебір кедергі тұрады. Мұндай 
тіркестердің шығу көзі – кезінде түрлі аңыздық сипат алған ертегілер мен 
ел аузындағы əңгімелер – ауыз əдебиеті арқылы жеткен халық санасында 
сақталып қалған үлгілері. 
Аяз би əліңді біл, құмырысқа жолыңды біл 
(асып-тасып кетіп, өткен 
күніңді ұмытпа, өз орныңды біл) тіркесі, сондай-ақ шешендік өнер 
əңгімелеріндегі Жиреншенің байлардан қандай сый-құрмет көрсе де, 
жатса сирағы сыртына шығатын өзінің жаман лашығына келіп, 
қайран 
өз үйім, кең сарайдай боз үйім
деп жантаятыны туралы ел аузында ұдайы 
қайталанып айтылуы – тарихи есімдердің ұмытылмай сақталуының бір 
кепілі.
«Тіл – мəңгіліктің мəңгілігі» дейтін Ғ.Мүсірепов аксиомасы – уақыт 
озған сайын тіл өз диалектикасымен тарих беттерінде тапылжымай қала 
беретінінің айғағы. 
Қазақ ономаст ғалымдары Т.Жанұзақ пен Қ.Рысберген: «Антро-
понимдік жүйенің қызметі əрбір қоғамның əлеуметтік-экономикалық 
жəне мəдени өресінің дамуымен ұштасып жатады. ...Тіліміздегі кісі 
аттары қоғамның даму кезеңі, оның мəдениеті мен этнологиясы, са-
яси экономикалық күй-жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар 
мағлұматқа ие келеді» – дейді. (2004, 43).
Тарихи адамдардың есімдеріне байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет