Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Pdf көрінісі
Дата15.12.2023
өлшемі171,07 Kb.
#138541
түріБағдарламасы
Байланысты:
2 жастағы перспективалық жоспары



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
 
Білім беру ұйымы: «» бөбекжайы КМҚК 
Топ:
Балалардың жасы : 2 жастағы 
 
Ай
ы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қ
ырк
үй
ек
 2022 ж

Дене шынықтыру 
Жалпы дамытушы жаттығулар. 
Бұрылу(оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі 
жағына жазу,қолды шапалақтау.
 
қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, 
саусақтарын ашып жұмуға үйрету.
 
Негізгі қимылдар: 
Жүру.
Педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру 
бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер 
бойынша 
Секіру.
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру 
Еңбектеу, өрмелеу.
Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен 
Лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру.
Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) 
нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай). 
Тепе-теңдік сақтау.
Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) 
гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ 
модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу;
 
Сөйлеуді дамыту 
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. 
Айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі 
дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді үйрету; 
Сөздік қор. 
Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға үйрету.
 
Тілдің грамматикалық құрылымы. 
Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды 
сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға үйрету.
 
Байланыстырып сөйлеу.
Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және 
құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы 
басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге
 


Көркем әдебиет 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
Ертегілердің,әңгімелердің,тақпақтардың мазмұнын 
түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға үйрету; 
Сенсорика
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын 
қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету. 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін 
кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен 
жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) 
қарапайым түсініктерін қалыптастыру; ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін 
құстарды бақылау. 
Құрастыру 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
құрылыс материалдарынан және ірі конструктор 
бөлшектерінен құрастыруға үйрету; құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, 
қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін 
бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру. 
Сурет салу 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
балалардың бейнелеу әрекетіне деген 
қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;
 
сурет салу техникасын 
жетілдіру; түзу, көлденең, тік сызықтарды жүргізуді үйрету.
 
Мүсіндеу 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру:
балалардың сазбалшық, ермексаз және оның 
қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
 
сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру; 
Жапсыру 
Біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру: 
фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру 
және орналастыру;
 
Музыка 
Музыка тыңдау:
музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық 
шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды 
қалыптастыру; 
Ән айту:
ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке 
буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту,
 
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау; 
Пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы 
дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу); 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет