Білімберуұйымы: ....... бөбекжайы балабақшасы Топ/сынып: Кіші топ (................) Балалардың жасы: 2 жастағы балалар
Жоспардыңқұрылукезеңі: Қыркүйек айы 2024 жыл
Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып)
Негізгі қимылдар: педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру
бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру
Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу
Екі қолмен 1-1,23 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай)
доптарды домалату
Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-23 см, ұзындығы 2-2,3 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру
Мәдени-гигиеналық дағдылар. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.
Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.
Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.