Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

1. 
Тас дәуірі
– 
адамның және адам болмысының қалыптасу кезеңі, 
дұрысын айтқанда, антропосоциогенез дәуірі деп айтады. Адамның пайда 
болу мәселелерін зерттеу орасан көптеген теориялар туғызды, олардың 
ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады – діни және 
ғылыми.
Адамдардың еңбек құралдарына байланысты археологиялық топшылау 
бойынша тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оны шартты түрде 
«ғасырлар деп атайды. Олар: тас (III млн. – б.д.д. III мыңжылдық), қола 
(б.д.д. III мыңжылдық – б.д.д. VIII-VII ғғ.), темір ғасырлары. Тас ғасыры өз 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
кезегінде ерте тас ғасыры (палеолит), орта тас ғасыры (мезолит), жаңа тас 
ғасыры (неолит) және өтпелі кезең мысты тас ғасырына (энеолит) бөлінеді.
Әзірше бізге белгілі археологиялық мәлімет бойынша адамдар Қазақстан 
аумағын шамамен миллион жыл бұрын мекендей бастады. Бүкіл тас ғасыры 
бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Соған орай адамдардың іс-
әрекеті бейімделу қарқынында жүрді деуге болады. 
Біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп 
көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы (Бөріқазған, Тәңірқазған, 
Қазанғап және т.б.). Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дөрекі және 
үлкен шапқылар (бифастар – екі жақты, унифастар - бір) болды. Біртіндеп 
анағұрлым кішірек және едәуір жақсы өңделген микролиттерге көшу 
байқалды. Палеолит пен мезолит кезеңінің шаруашылығында аңшылық пен 
терімшілік басты рөл атқарды. Аң аулаудың тәсілдері әртүрлі болды. Аң 
аулау құралдарының дамуына ірі жануарлардың жойылуы үлкен серпіліс 
берді. Қолайлы жерлерде алғашқы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгір 
(гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршіктер) көмегімен балық аулаумен 
айналысты. 
Әрбір тас ғасыры (жекеленген кезеңдері) өзіне тән ерекшелігімен және 
қасиетімен сипатталады. Еңбекке қаулысы бар көне адамды хомо хабилис – 
епті адам деп атады, ол «олдувай» кезеңінің адамы. Келесі «ашель» 
мәдениетінің адамы (б.д.д. 800-140 мыңжылдық) эволюция деңгейінде «хомо 
еректус» - тік жүретін адам қалпында болды, ол отты пайдаланып аңшылық 
пен терімшілікпен айналысты. Орта тас дәуірі еңбек құралдарын өңдеудегі 
техникалық серпілісі байқалады, соған орай тас құралдарының ұлғаюы 
көрініс тапты. Бұл адам отты алудың бірнеше тәсілін білді, ағаштан және 
жануарлар сүйегінен жасанды тұрғын-жайлар – жер үстіндегі кепелер мен 
жертөлелерді де құра білді және жыныстық жас мөлшеріне негізделген 
мамандану еңбек бөлінісі пайда болды. Яғни, иницияциялар деп 
жасөспірімдердің ересектер қатарына өту межесін білдіретін салттардың 
кешенін айтады. Кейінгі палеолит дәуірі эволюция қарқынында биологиялық 
кезеңі аяқталды деуге болады, ендігі жерде оның әлеуметтік негізі бастау 
алды. Адам ол кезде жердің жан-жақты климаттық зоналарға таралды, нәсіл 
мен нәсілдік топтар қалыптаса бастады. «Алғашқы адамдар тобыры» немесе 
«көне қауым» құрылым орнына біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым 
берік формасына орын беретін тұрақты иерархиялық бірлестіктер аналық ру 
келді, ол адамды «хомо сапиенс» - саналы адам матриархат заманы келді. 
Рудың аса маңызды белгісі эндогамия, яғни, ру ішіндегі некелік қатынастарға 
тыйым салу болды. Некенің бастапқы формасы – топтық неке, бұл кезде 
рудың барлық мүшелері (жігіттері) екінші рудың мүшелерімен (қыздарымен) 
некеге тұруға құқылы және тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың 
дамуы жұптық некенің қалыптасуына әкелді. Сүйек иненің пайда болуына 
байланысты адам ол кезде киім тіге бастады. Сондай-ақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет