Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


Сары (Царь), Тәңірқұт, Күнби, Қаған, Хан және  тағы басқа. Бұл – көшпелі қоғамда қолданылатын  меритократиялық



Pdf көрінісі
бет7/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз


Сары (Царь), Тәңірқұт, Күнби, Қаған, Хан
және 
тағы басқа. Бұл – көшпелі қоғамда қолданылатын 
меритократиялық 
дәстүр;
үшіншіден: бір атадан тараған үш жүздің жиыны әр түрлі рулардың 
басын біртұтас 
Ел
бірлестігіне жинақтаған 
мемлекет түрі.
Бұл елдік жүйе - 
әлем-жүйесінің ұйымдасудағы көрінісі; төртіншіден: көктен түскен алтын 
заттар арқылы адамның төрелік етуге құқығы Аспанмен айғақталды және
идеялды модельді қоғамды тиянақтауға негізделді
; бесіншіден: рулардың 
өзара аға, іні тәртібімен 
туысуы.
Көшпелілердің этникалық туысуы өзіне 
қашан да генеалогиялық дәнекер іздейді. Мәселен, Алаша хан туралы аңыз. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Бұл қатынас Ел тұтастығын дәйектейді. Бұл тіршілік рудың мызғымас 
беріктігін сақтайтын 
заңға
бағыну керек. Осы заңды жаратқан - Тәңір. 
Көшпелі құрылымдарға тән «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген 
ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық тағы 
сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін 
білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйытқысы ретінде сакралдық көзқарас басты 
қызметін атқарды. Туыстық жүйе арқылы қалыптасқан қоғамдағы қатынас 
рудың негізін қалаушы түп атаға, ондағы буындардың генетикалық 
қашықтығына байланысты жүзеге асты. Яғни, генеалогиялық құрылымның 
қандай да бір жігіне жату қандай да бір топтың, рудың, жеке адамның қарым-
қатынасының сипатын айқындады. Тек генеалогиялық құрылымда алатын 
орнына байланысты бекітілген құқықтық міндеттері болған, оның өзі салт-
жоралық деңгейде іске асатын. Бұл қатынас институтталған жүйе арқылы 
реттеліп отырды. Бір ата, жеті ата, ру, ұлыс, жүз – тағы сол сияқты буындар 
өз кезегінде әкімшілік-әлеуметтік жүйенің ұйтқысы болды. Ал тектік 
атауларды қолдану 
билік
қатынастарында аса маңызды қызмет атқарды. 
Жоғарыда айтылған рулық құрылым - билік және билік қатынастарын 
заңдастырды.
Болмыс тіршілігі мал кәсібін 
жетекші
шаруашылық 
көзіне айналдырды. 
Көшпелі өркениет шаруашылық жағынан бірнеше құрамдас бөлігі бар жүйе 
ретінде өмір сүрген соң, олардың арасында 
айырбас 
дами бастады. 
Отырықшы мекендер қала дәрежесіне жетіп, көшпенділердің әкімшілік 
орталықтарына, сауданың орнына айнала бастады. Ұлы Далада керуен жолы, 
Ұлы Жібек жолы дамып қалыптасты. Әртүрлі шаруашылық жүйесін 
бақылауда көшпенділерге шеберлікпен басқаратын билік аппараты қажет 
болды. Уақыты мен сипатына қарай олар - тайпа одағы, ерте мемлекеттік 
бірлестіктер, империялық болып ұйымдасып, дамуына қарай негізделді.
Осы мәліметті Каутский былай деп баяндайды: «
взаимодействия крестьян и 
номадов привели к тому, что номады подчинили крестьян себе и сделали их 
своими данниками. Кочевые племена соединили многочисленные общины и 
крестьянские области в одно целое, стали во главе этого общества, начали 
его эксплуатировать и перестали быть при этом кочевниками. Так были 
созданы первые государства». 
Көшпенділер локальды мәдениеттерді байланыстырды, әлемдік жүйенің 
конструкциясын жасады. Интеграция үрдісі өзіндік түркі мәдениетін 
тудырды. Мәселен, Түркі қағанаты осындай синтездің үлкен жетістіктерінің 
бірі еді. 
Төрт мың жылдай тарихы бар көшпелі өркениетін алты кезеңге бөліп 
қарастыруға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет