Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет39/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

 
 
7-тақырып. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей 
жаңа заман жағдайында. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы 
(1 сағат) 
1. Қазақстанның саяси жағдайы. Жоңғар агрессиясы. 
2. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан.
3. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың І жартысында патша үкіметінің 
Қазақстанды отарлау саясатының мәнін анықтаңыз. 
2. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Кіші жүздің хан өкіметінің 
дағдарысқа ұшырау себептерін ашыңыз. 
1. 
XVIII ғ. Қазақ хандығы үшін ауыр дәуірдің бірі болды. Себебі неде? 
Қасым, Есім және Тәукенің еркімен және ерлігімен құрылған Қазақ 
хандығының тұтастығына ешкім күмән келтірген жоқ еді. Бірақ өмірде 
жетекші орын ертеңгі күнді ойлай алмайтын және ойлағысы келмейтін 
тұтынушылық психологиялы адамдарға тигенде және екінші жағынан – 
арыстандай көршілері аңдып, кім-кімді жеңгенін күтіп, бір-бірлеріне айдап, 
тұтас жатқан елдің көркін бұзды, келбетін өзгертті. Қазақ пен жоңғар 
арасындағы соғыс екеуіне де ешқандай пайда әкелген жоқ. Бір-бірін құртып, 
біреудің жойылуына, біреудің өзгеге бодан болуына ғана жағдай жасады.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан кейін Қазақ хандығында 
тарихындағы ең қиын саяси жағдай орнайды. Тәуке ханның өлімінен кейін 
оның еріксіз, әрекетсіз баласы Болат хандыққа сайланды. Әрине, Болат 
ханның әлсіз еркі мемлекеттің ыдырауына әкеледі. Болат ханның мұндай 
қылығы нәтижесіз қалмады: солтүстіктен бір уақытта сібір казактары, Еділ 
қалмақтары және башқұрттар шабуыл жасады; елдің оңтүстік-батысында 
орта азиялық хандықтардан да тыныштық болған жоқ. Бұл жағдайды 
Жоңғар хандығы пайдаланып кетеді. Жоңғарлар (қалмықтар, ойраттар) – 
батыс моңғол тайпалары (чоросстар, дербенттер, хошоуттар, торғауыттар) 
ХVІ ғасырдың екінші жартысында өз одақтарын құрса, 1635 жылы Жоңғар 
хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер қатынасы Қазақстан 
пайдасына шешілген жоқ. Өйткені Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғалар 
осылармен байланысты. Әсіресе билікке Цеван-Рабтан келгеннен кейін 
жоңғарлар мен қазақтар арасындағы тайталастар үздіксіз жаулап алу 
соғыстарына айналды. Осы жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» 
атымен мәлім болды (1723-1727). 
Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі 
келіспеушіліктер – Қазақстанның қоғамдық және саяси өмірінің ережелерінің 
бұзылуына әкелді. «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» уақытын бастан 
кешірген
 
халық басына төнген ауыртпалықты батырлар мен билер 
шешпекші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет