2.2 OTN-OTH транспорттық желісінің моделі OTN-OTH транспорттық желісінің моделі өзінің құрылымы бойынша
екі дербес деңгейден тұрады: OTN желісі мен қолданушы.
OTN желісінің деңгейі үш физикалық және логикалық байланысқан
деңгейшелерден тұрады: толқын ұзындығы бойынша (WDM) бөлінген
беріліс сигналының ортасы; OTS (Optical Transmission Section) оптикалық
ретрансляция және OMS (Optical Multiplex Section) мультипликсирлеу
секциялары; OTUk (Optical Transport Unit-k) оптикалық транспорттық блок
түріндегі OCh (Optical Channel) оптикалық арналар мәліметтер блогы бар
және оларға қоса өз кезегінде құрамына OPUk (Optical Channel Payload Unit-
k) оптикалық арналардың тиімді жүктеме блогы кіретін OTUk (Optical
Transport Unit-k) оптикалық арналары. k индексі ОТН
{ к - 1,2,3)
иерархиялық баспалдағына және әртүрлі ұзындықтар, сыйымдылықтар мен
беріліс циклінің жылдамдығына сәйкес.
Осы оптикалық арнасы оптикалық желіде 3R типті цифрлық сигнал
регенерациясы терминдеу функциясы кезінде оптикалық желіде
орындайды, яғни, импульстер амплитудасын (1R) қалпына келтіреді,
олардың пішінін (2R) және жинақталған фазалық қымбаттауды (3R) жояды
Сондай-ақ,
оптикалық
модуляция
және
детекторлеу,
цифрлық
мәліметтердің OTUk и ODUk блоктарына жіберілу сапасы және т.б.
жүргізіледі.
Оптикалық OTN-OTH транспорттық желісінің
қолданушы деңгейі транспорттық желі мен транспорттық қызмет қолданушыларының желісі
арасында интерфейс функциясын орындайды, оларға SDH, ATM, Ethernet
және т.б. желілер жатады. Желілер арасындағы нәтижелі келісім үшін
оптикалық арналарда қолданушы мәліметтері орналасқан әртүрлі шешім
хатаммалары қолданылады. Бұл хатаммалар: GFP (Generic Framing
Procedure) кадрларды қалыптастырудың жалпы процедурасы, қорғалатын
дестелік сақина хатаммасы немесе RPR (Resilient Packet Ring) өздігінен
қалпына келтіру функциясы бар дестелік сақина, және тағы да басқа кейбір
келесі тарауда қарастырылатын хатаммалар. Хатаммалар қолданушыдан
әртүрлі сыйымдылықты мәліметтер дестесін таратудың кездейсоқ уақыты
оптикалық арналарда мәліметтерді циклдық таратуға мүмкіндік береді,
мысалы MPLS немесе Ethernet дестелері.