Лимон қышқылы, лимон қышқылының өндірісі. Лимон қыш-
қылы – табиғи тағам қышқылы. Көп мөлшерде лимонда болады.
Қазіргі уақытта лимон қышқылының темекі сабағынан, қарақаттан,
ит бүлдіргеннен жəне тағы басқа көптеген шикізаттардан бөліп алады.
Лимон қышқылы – өте маңызды микробиологиялық өндірістің
негізі өнімінің бірі болып табылады.
Лимон қышқылы көп мөлшерде тағам өнеркəсібінде жəне
əртүрлі сусындар өндірісінде, фармацевтикалық өнеркəсіпте,
техникалық мақсатта қолданады. Металл өндірісінде де пайдала-
нылады. Тағам өнеркəсібінде: кондитер, шарап, алкогольсіз сусын
өндірісінде қолданады. Оны қолдану жылдам ерігіштігіне жəне
жағымды қышқыл дəм беруімен қатар, төмен улылығына байла-
нысты. Наубайхана өнімдеріне қамыр көтерілуі үшін ғана емес,