9-ТАРАУ. СПИРТ ЖƏНЕ АРАҚ-ЛИКЕР ӨНДІРІСІ СПИРТ ӨНДІРІСІ Алкогольді сусындарды құрамында қанты бар шикізатты ашыту
арқылы алады, соның нəтижесінде спирт жəне көмірқышқыл газы
түзіледі. Спиртті сусындар өндірісінде көбінесе жиі S. сerevisiae жəне S. carlsbergensis ашытқыларының штамдарын қолданады.
Олардың арасындағы басты айырмашылық мынада: S. сarlsbergensis толығымен рафинозаны ашыта алады, ал S. сerevisiae бұған
қабілетсіз. S. сerevisiae ашытқылардың беттік жəне түптік ашуын
көрсетеді. S. carlsbergensis – ашытқылардың түптік ашуы, олар-
ды жеңіл сыра өндірісінде қолданады. Кейбір сыра қайнатушылар
Sacсharomyces uvarum ашытқыларын қолданады.
Алкогольді сусындар өндіруде ашытқыларға қойылатын талап-
тар: ашытқылар ашуды толық қамтамасыз ету керек; ашытқылар
жылдам ашып, жеңіл шөгуі керек.
Этил спиртін биохимиялық жолмен алуда ашытқы саңырау-
құлақтарының белгілі түрінің тіршілік əрекетіне негізделіп, қоректік
ортадағы қантты спиртке айналдырып, көмір қышқыл газы жəне
қосымша өнімдер кейбір қанттардың бір бөлігі синтез процесінде
ашытқы клеткаларын өсіруде пайдаланады.
Ортаға жиналған спиртті бөліп алып, көмір қышқыл газын арнау-
лы аппаратпен ұстап, сұйық жəне қатты көмір қышқылына айнал-
дырады. Қосымша өнімдерді ашытуда дəл солай ашытқылардағы
сияқты бөліп алады, оларды техникада жəне нан өндірісінде
қолданады.
Спирт зауытында өндіріледі: этил спиртінің шикізатының
құрамында спирт 88%-дан төмен болмау керек; қоспалардың құрамы
0,4-0,5%; ректификатталған этил спирті əртүрлі дəрежедегі тазалау-
дан өтуі қажет.
Өндірісте заманауи технологиялық сызбалар бір шикізаттан
жəне барлық қосымша өнімдер мен өндірістік қалдықтардан көп
мөлшерде таза спирт алуға бағытталған.
Өндірісте тағамдық жəне техникалық этил спирті өндіріледі.
Тағамдық этил спиртін бидай, картоп, қант қызылшасы, жəне ме-
лассаны қайта өңдеп ашыту арқылы алады; ол техникалық спиртті: