Себінді ашытқыларды тазалау əдістері. Зақымдалған ашыт-
қыны тазалаудың бірнеше технологиялық жолдары бар. Астық картоп
шикізатын өңдейтін заводта ашытқыларды екі жолмен тазартады:
1) күкірт қышқылын рН 2,7-3,0 дейін қышқылдандырады.
Ашытқыларды осы қышқылдылықта 3-4 сағат ұстап, осы кезеңде
бірнеше рет сынама алып микроскопта зерттейді. Өлі клеткалар 50%
жеткенде, ашытқылар бұрын дайындалған жаңа суслоны ашытуға
жібереді. Бактериялардың көп бөлігі өліп, қалған тіршілікке қабілетті
ашытқы клеткалары белсенділенеді.
2) Затор ашытқыларды қоректендіру үшін сүт қышқылын ашы-
тып, кейін келесі заторды ашыту үшін сұрыптап алып, қалған сусло-
ны 85
о
С 30 мин пастерлейді. Суыған суслоны күкірт қышқылымен
2,5-2,7
о
С
дейін қышқылдандырады. Осындай қышқыл ортада
зақымдалған ашытқылар бактерия микрофлорасынан тазаланып,
əлсіз ашытқы клеткалары өледі, өңделген ашытқылар саны норма-
мен салыстырғанда 15-20% көп болу керек, ал ашудың алғашқы
температурасы 1-2
о
С көтерілу тиіс.
Меласса зауытында себінді ашытқыларды күкірт қышқылымен та-
залайды, заторды 2-4 сағат ұстап 3
о
С-ке дейін қышқылдандырады. Əр
20-30 минут сайын микроскоппен бақыланады. Өлі клеткалар 30-40%
жеткенде, дрожжанкіде қышқылдылығы болатын 0,9-1,0
о
жаңа суслоны
құяды жəне аэрациялайды. Температура 25
о
С-тан аспау керек.