135-бап. Ерлі-зайыптылардан жəне бұрынғы ерлі- зайыптылардан сот тəртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Ерлі-зайыптылардың
(бұрынғы
ерлі-зайыптылардың)
арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда
жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тəртібімен өндіріп алынатын
алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-
зайыптылардың)
материалдық
жəне
отбасы
жағдайын,
тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала
отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген есептік
көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.
136-бап. Жұбайды екінші жұбайды асырап-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу 1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші
жұбайды асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған
кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір
мерзімге мынадай жағдайларда:
1) спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға
салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы
салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып
қалған;
2) ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
3) алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін
лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.
2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай
жағдайларда:
1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
2) осы Заңның 134-бабына көзделген мəн-жайлар жойылғанда
сот шешімімен тоқтатылады.