19-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
137-бап. Ағалары мен апаларының өздерінің кəмелетке толмаған жəне еңбекке жарамсыз, кəмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарындастарын) асырау жөніндегі міндеттері Кəмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің
(қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі
болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты
бар еңбекке жарамды, кəмелетке толған ағалары мен
апаларынан сот тəртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке
жарамсыз, көмекке мұқтаж кəмелетке толған ағалары мен
апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кəмелетке
толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан)
немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.