заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сəйкес неке қию
кезінде қолданылған заңдармен айқындалады.
204-бап. Некенің бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер
немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы
некені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның
азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында
бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол
берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк
мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасының
азаматтары
мен
шетелдіктер
немесе
азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет
мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан
Республикасында заңды деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің
заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында
заңды деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: