2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың
ережелері, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге
тұратын адамдардың əрқайсысының некеге тұратын кезде қай
мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңдарымен, осы
Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергі болатын мəн-жайлар
жөніндегі талаптарын сақтай отырып белгіленеді.
3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының
аумағында некесін қию ережелері сол адамның тұрақты тұратын
жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: