Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет23/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 


Əдебиеттер 
1. Антокольская М. В. Семейное право.- М.: Юристъ, 1996. 
2.  Антокольская  М.  В.  Курс  лекций  по  семейному  праву.-  М.: 
Юристъ, 1995. 
3.  Гражданское  право.  Оқулық. 3 бөлiм // А.  П.  Сергеев,  Ю.  К. 
Толстойдың редакциясы бойынша.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998. 
4.  Нечаева  А.  М.  Семейное  право.  Курс  лекций.-  М.:  Юристъ, 
2000. 
5.  Акбергенова  М.  Н.  Обзор  практики  рассмотрения  семейных 
споров Актюбинским городским судом // 
Гражданское законодательство РК. В. 9.- А.: ТОО Баспа, 2000. 
Есептер 
1. Абилова Фарида мен Абилов Мақсат 1995 жылдан бастап заңды 
некеде болады, осы некеден олардың 1997 тамыз айында туған Хасан 
есiмдi бiр ұлдары бар болатын. 1999 жылдың тамыз айында Алматы 
қаласы  Алмалы  аудандық  сотының  шешiмi  бойынша  ерлi-зайыпты 
Абиловтардың арасында неке ажыратылады. 
Автопаркте жүргiзушi болып жұмыс iстейтiн Мақсат Абилов неке 
бұзылған  уақыттан  бастап  зайыбының  талап-арызы  бойынша  жасы 
кəмелетке жетпеген Хасанға алимент төлеп тұрады. 
Кейнiнiрек Абилов жұмыс орнын ауыстырып, яғни 2000 жылдың 
сəуiр  айынан  бастап  ЖШС-ке  экспедитор  болып  жұмысқа  кiредi  де, 
сол кезден бастап алимент төлеудi тоқтатады. 
Сонымен  жоғарыда  аталған  уақыт  пен 2002 жылдың  ақпаны 
аралығында Абиловтың алименттiк борыштары қордаланып қалады. 
Осы жағдайда алимент төлеудiң тəртiбi қандай болмақ? 
2.  Қуанышбаева  Э.  М. 2001 жылдың 15 шiлдесiнде  сотқа  талап-
арыз  берiп  А.  С.  Бекеновты  баласының  əкесi  деп  тануды  жəне  одан 
алимент  өндiрiп  берудi  сұрайды.  Өз  арызында  талапкер  мына 
жайларды  хабарлайды: 1996 жылдың  қараша  айында  Алматы 
қаласының  орталық  мешiтiнде  Беке-новпен  азматтық  некеге 
тұрғанын,  некенi  рəсiмдеу  кезiнде  екi  жақтан  да  жақын  туыстардың 


болғанын,  оның  соңы  неке  тойына  ұласқандығы  жайлы  айтылады. 
Осыдан кейiн олар Алматыда тұрып жатады да 1997 жылдың тамыз 
айында  күйеуi  екеуi  араздасып  қалып  Қуанышбаева  Э.  М.  Есiк 
қаласына  өз  ата-анасының  үйiне  кетiп  қалады.  Бұл  кезде 
Қуанышбаева Э. М. жүктi болатын. 
Келесi жылдың 6 ақпанында ол ұл туады, бiрақ Бекенов оны iздеп 
келмейдi.  Сотта  Бекенов  болса  Қуанышбаеваның  бұл  талабын  мой-
ындаудан  бас  тартып,  өзiнiң  талапкермен  шын  мəнiнде  алты  айдай 
көлемде  азаматтық  некеде  болғанын,  бiрақ  оның  жүктi  екендiгiн 
бiлмегенiн,  оның  үстiне  Қуанышбаева  өзiнiң  жүктiлiгi  жайлы  оған 
ештеңе айтпағанын баяндайды. Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс. 
Талапкердiң өтiнiшiн қанағаттандыруға заңды негiз бар ма? 
3.  Ерлi-зайыпты  Леоновтардың  некесiнен  ортақ  үш  бала  болады. 
Олар өздерiнiң некелерiн бұзған кезде балаларының тағдыры жайлы 
екеуi  төмендегiдей  келiсiмге  келедi:  екi  қыз  шешесiмен,  ал  ұлы-
əкесiмен қалатын болып шешiледi. 
Леонова  мектепте  мұғалiм  болып  жұмыс  iстейтiн,  алатын 
жалақысы 6 000 теңгенi  құрайды  да,  ал  Леонов  болса  жүргiзушi 
болып  iстеп 25 000 теңге  еңбекақы  алады.  Ерлi-зайыпты  Леоновтар 
арасында  алимент  төлеуге  байалнысты  дау  туындайды.  Леонова 
күйеуiнiң жалақысының 25% алимент төлемi етiп белгiленуi тиiс деп 
санайды, себебi оның асырауында тек бiр ғана бала бар, ал өзiнде екi 
қыз бар. 
Осы iс бойынша сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? 
Балалар ата-аналардың екеуiне де қалдырылған жағдайда алимент 
төлеу қалай жүзеге асырылады? 
4.  Дорошенко  сотқа  талап-арыз  берiп,  онда  Виноходовтан 
кəмелетке  толмаған  бала  үшiн  алимент  өндiрiп  берудi  сұрайды, 
себебi баланың əкесi өз еркiмен алимент төлеуден немесе қандай да 
бiр  материалдық  көмек  көрсетуден  үнемi  жалтаратындығы  жайлы 
жəне  олрдың  арасында  алимент  төлеу  туралы  келiсiмнiң 
болмағандығын көрсетедi. 


Сот  Дорошенконың  талабын  қанағаттандырып,  Виноходовтың 
бар-лық табыс көзiнiң 1/4 бөлiгiн бала кəмелетке толғанша төлеу тиiс 
деп шешiм шығарады. 
Сот шешiмiмен келiспеген Виноходов кассациялық шағым жазып 
талапты  қанағаттандырудан  бас  тартуды  сұрайды.  Өз  шағымында 
Виноходов  баланың  туу  туралы  куəлiгiнде  оны  баланың  əкесi  деп 
көрсетiлгенi  болмаса,  шын  мəнiнде  оның  балаға  əке  болып 
табылмайтындығын  айтады.  Сондай-ақ  бала  оның  тегiнде 
(фамилиясында)  емес,  Дорошенко  болып  жазылатындығын,  сол 
себептен  де  одан  алимент  өндiрiп  алуы  заңсыз  деп  мəлiмдейдi. Iстi 
шешiңiздер.  Виноходовтың  кассациялық  шағымы  бойынша  қандай 
шешiм қабылдануы керек? 
5. 1998 жылы  Аман  Бекенов  Айман  Абдулловамен  неке  бұзған 
болатын. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешiмiмен ол 
өзiнiң 9 жасар баласы Дəулетке алимент төлеп тұруға тиiстi болатын. 
Сот  шешiмi  шыққаннан  кейiн  алғашқы  жарты  жыл  бойы  ол  үзбей 
алимент  төлеп  тұратын,  алайда  кейiн  кенеттен  Қаскелен  қаласынан 
iз-түссiз жоқ болып кетедi. 
Абдуллова  өзiнiң  бұрынғы  күйеуiн  iздеп  табуды  өтiнiп  қалалық 
полицияға  арыз  бередi.  Екi  жылдан  кейiн  iздестiрудiң  нəтижесiнде 
Бекенов  табылады.  Ол  Тараз  қаласында  тұрып  жатқан  екен.  Оның 
тұрғылықты  жерi  туралы  мəлiмет  Айман  Абдулловаға  дереу 
хабарланады,  ол  оны  ести  салып  Тараз  қаласына  келiп,  сондағы 
қалалық  сотқа  талап-арыз  жазып  Бекеновтан  екi  жыл  төленбеген 
алименттi  өндiрiп  берудi  сұрайды.  Бұл  кезде  Бекенов  екiншi  рет 
некеге тұрған екен жəне одан бiр қызы бар болып шығады. Сондай-ақ 
Абдулловаға  Бекеновтың  коммерциялық  банкте  күзетшi  болып 
жұмыс  iстейтiнi  жəне  екiншi  əйелiнiң  ата-аналары  тарапынан  сыйға 
тартылған екi бөлмелi пəтерде тұрып жатқа-ны белгiлi болады. 
Iстi сотта қарау кезiнде төмендегiдей мəн-жайлар белгiлi болады: 
Бекеновтың өзiнiң жеке мүлкi мен ақшасы болмайды, ал үйiндегi бар 


мүлiк  оның  екiншi  əйелiмен  бiрлесiп  жинаған  ортақ  бiрлескен 
меншiгi болып шығады. 
Екi  жыл  бойы  төленбеген  алимент  соммасы  осы  кезде  бiршама 
қордаланып  қалған  екен.  Алименттiк  борышты  Бекеновтан  толық 
өндiрiп  алу  мүмкiн  болмағандықтан  Абдуллова  өзiнiң  бұрынғы 
күйеуiнiң  ерлi-зайыптылардың  ортақ  меншiгi  болып  табылатын 
мүлкiндегi үлесi есебiнен борышты өтеудi талап етедi. 
Iстi  шешiңiздер.  Қандай  жағдайларда  алименттiк  төлемнiң  өтемi 
ретiнде борышқордың мүлкi есебiнен борыш өтелуi мүмкiн. 
“Алимент төлеушiнiң мүлкiң дегендi қалай түсiнесiздер? 
6. Асхат Садыров Марина Китаевамен некеге тұрғаннан кейiн бiр 
жыл өткеннен соң Шымкент қаласынан Маңғыстау облысына табыс 
iздеп  жолға  шығады  да  кейiн  сол  жер-дегi  мұнай  компанияларының 
бiрiне  бұрғышы  болып  жұ-мысқа  тұрады.  Асхат  Маңғыстауға 
аттанардың  алдында  олардың  тұңғышы    Ильяс  дүниеге  келген  едi. 
Бастапқы  кездерi  Асхат  өз  жанұясына  үнемi  үзбей  хат  жазып  жəне 
ақша салып тұратын. 
Алайда  арада  үш  жыл  өткеннен  кейiн  Марина  өзiнiң  зайыбынан 
не  хат,  не  ақша  алмайтын  болады.  Өзiнiң  жанұяға  деген  мұндай 
көзқарасына  көңiлi  толмаған  Китаева  сотқа  талап-арыз  берiп 
Садыровты  Баланы  асырауға  байланысты  өзiнiң  əкелiк  мiндетiн 
орындамағаны  үшiн  ата-ана  құқығынан  айырып  əрi  одан  алимент 
өндiрiп берудi өтiнедi. 
Сот Китаеваның талабын қанағаттандырады. Сот шешiмiне сəйкес 
Садыров  баласына,  яғни  Ильясқа  кəмлетке  толғанша  алимент  төлеп 
тұрады. 
Арада 30 жыл өткеннен кейiн Садыров пенсияға шығып əрi екiншi 
топтың  мүгедегi  болып  Шымкентке  қайтып  оралады,  бiрақ  сол 
бұрынғысынша жанұясына қосылмай бөлек тұра бередi. 
Бұл  кезде  Ильяс  Садыров  мектептi  бiтiрiп,  педагогикалық 
институтқа  түсiп  оны  аяқтаған  кейiн  колледжде  мүғалiм  болып 
жұмыс iстеп жүредi. 


2001  жылы  Асхат  Садыров  сотқа  талап-арыз  берiп  ұлы  Ильяс 
Садыровтан өзiне алимент төлеудi талап етедi. 
Өзiнiң  баласына  қойған  бұл  талабын  ол  былайша  негiздейдi:  мү-
гедек  болуына  байланысты  оған  жиi  қымбат  дəрiлiр  сатып  алуына 
жəне  дəрiгерлердiң  қызметiн  өтеуге  көп  қаражатты  қажет 
ететiндiгiмен  түсiндiредi.  Ильяс  болса  əкесiнiң  бұл  талабын 
қанағаттандырудан бас тартады. 
Бұл  iс  сотта  қаралған  кезде  Асхат  Садыров  өзiнiң  Ильяс 
Садыровқа  алимент  төлегенiн  өзiндегi  сақтаулы  құжаттармен 
дəлелдеп бередi. 
Iстi шешiңiздер. Асхат Садыровтың талабы негiздi ме? Бұл арада 
Ильяс Садыровты алимент төлеуден босатуға негiз бар ма? 
7.  Неке  бұзардың  алдында  ерлi-зайыпты  Рашид  пен  Фа-рида 
Мусиннiң  арасында  ауызша  келiсiм  жасалады,  ол  бойынша 
Мусиндердiң 14 жасар  баласы  Əмiр  əкесiмен  қалады  да,  ал  Фарида 
Мусина  оны  асырау  үшiн  оған  ай  сайын 6 мың  тенге  ақша  беретiн 
болып  өзiне  мiндеттеме  алады.  Фарида  халықаралық  ақпарат 
агенттiгiнде  аудармашы  болып  жұмыс  iстейтiн  жəне  оның  еңбек 
ақысы  Қазақ  ботаника  ғылыми-зерттеу  институтында  ғылыми 
қызметкер болып жұмыс iстейтiн Рашидтiң жалақысынан едəуiр көп 
едi. Арада бiр жыл өткеннен кейiн Рашид институттан жұмыстан шы- 
ғып  кетедi  де,  Алматы  қаласындағы  киiм  сататын  базардың 
бiрiнде  аяқ  киiм  сатумен  айналыса  бастайды.  Сегiз  ай  өтпей-ақ 
Рашидтiң  табысы  Фариданың  табысынан  екi  есе  көп  болады.  Мұны 
естiп  бiлген  Фарида  Мусина  бұдан  былай  баласына  алимент 
төлемейтiндiгiн  мəлiмдейдi,  себебi  оның  табы-сы  азайған, 
сондықтанда  Рашид  баланы  оның  көмегiнсiз-ақ  асырай  алады  деп 
шешедi. Рашид Мусин Фариданың пiкiрiмен келiспей, егер али-мент 
төленбеген  жағдайда  сот  тəртiбiмен  талап  етуге  мəжбүр 
блатындығын 
айтады. 
Ерлi-зайыпты 
Мусиндердiң 
жасаған 
мəмiлесiне  құқық-тық  тұрғыдан  баға  берiңiздер.  Егер  Рашид  Мусин 
сотқа  талап-арыз  берген  жағдайда  оның  талабы  қанағаттандырлуы 


мүмкiн  бе? 8. Ерлi  зайыпты  Назаровтардың  жанұясында  дүниеге 
келген сəби қыздың атын Индира деп қояды. 
Перзентханадан шықаннан кейiн ерлi-зайыпты Назаровтар сəбидi 
АХАЖ  органында  тiркетедi.  Арада  сегiз  ай  өткеннен  кейiн  кезектi 
дəрiгерлiк  тексеру  барысында  жаңа  туған  жас  сəбиде  сал  (ДЦП) 
ауруының  белгiлерi  бар  екенi  анықталады.  Индираны  ауруханаға 
емдеуге жатқызады. Емдеу ешбiр нəтиже бермегендiктен, дəрiгерлер 
ерлi-зайыпты  Назаровтарға  аурудың  жазылмайтындығын  айтып 
Индираны үйге алып кетудi жəне оған тиiстi күтiм жасауды айтады. 
Осыдан  кейiн  ерлi-зайыптылар  өзара  кеесiп  қызды  ауруханада 
қалдыру жөн деп шешедi жəне өздерiнi шешiмiн олар дəл қазiр қызды 
күтiп  бағуға  олардың  жанұясында  ешбiр  жағдайдың  жоқтығымен 
байланыстырады. Ерлi зайыпты Назаровтардың баладан бас тартқаны 
туралы  аурухана  қызметкерлерi  қорғаншы  жəне  қамқоршы  органға 
ха-барлайды,  ал  олар  болса  дереу  сотқа  талап-арыз  берiп  ерлi-
зайыпты Назаровтардың əрқайсысының қызға алимент төлеуiн талап 
етедi.  Сот  қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның  талабын  қа-
нағаттандырады. Ерлi зайыпты Назаровтар сот шешiмiн дауламастан 
жүйелi  түрде  қызына  алимент  төлеп  тұратын  болады.  Индира 18-ге 
толғанда  Назаровтар  алимент  төлеудi  тоқ-татады.  Қорғаншы  жəне 
қамқоршы  орган  ерлi-зайыпты  Назаровтардан  алимент  төлеудi 
жалғастыруды  талап  етедi.  Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның 
талабын  қанағаттандыруға  негiз  бар  ма?  Сот  ендi  қандай  шешiм 
шығаруы  тиiс?  Жасы  кəмелетке  толған  балалар  үшiн  алимент 
төлеудiң негiздерiн атаңыздар. 
9. 2001 жылдың маусым айында Қалиева некенi бұзу туралы сотқа 
талап-арыз бередi. Өзiнiң талап арызында Қалиева 1972 жылдан берi 
Қалиевпен  заңды  некеде  болғанын  жəне  осы  некеден  бұл  күнде 
олардың төрт баласының бар екендiгiн баяндайды. 1986 жылдан берi 
ерлi-зайыптылар  бiрге  тұрмайды. 2000 жылдан  берi iс  жүзiнде  ерлi- 
зайыптылардың  некесi  бұзылған  болып  саналады,  ал  Қалиева  қазiр 
балаларды алып ата-анасының қолында тұрып жатқан едi. Мiне содан 


берi  ол  жауапкермен  ешбiр  қатнаста  болған  еместi.  Сондай-ақ 
Қалиевтан балаларды асырауға алимент талап етпегендi. Сот қандай 
шешiм шығаруы тиiс? Алимент төлеу қай кезден басталады? 
10. Мария Қабашева басқа қалада тұратын өгей шешесiнiң қайтыс 
болғандығы  туралы  хабар  алады.  Ол  ұшақпен  жедел  оның  жерлеу 
рəсiмiне  қатысуға  аттанып  кетедi.  Ұшақ  қонар  кезде  сəтсiздiкке 
ұшырап  нəтижесiнде  ұшақтың  барлық  жолаушылары,  соның  iшiнде 
Мария Қабашева да қайтыс болады. 
Марқұмның күйеуi - Нүркен Тажиев үшiн зайыбының бұл қазасы 
аса  ауыр  тиедi.  Арақпен  өзiн  жұбатпақ  болған  Нүркен  көп  уақыт 
өтпей  спирт  iшiмдiктерiне  мүлдем  салынып  кетедi  де,  ақыры 
созылмалы  алкоголизм  ауруына  шалдығады.  Ол  iшiмдiкке  салынған 
күндерi  оның  алты  жасар  қызы-Наргиз  бiрнеше  күндер  бойы  ешбiр 
күтiмсiз қалатын. Бұл жай қорғаншы жəне қамқоршы органға белгiлi 
болады. Жоғарыда аталған дəлелдердiң негiзiнде Алматы қаласының 
Бостандық  аудандық  сотының  шешiмiмен  Нүркен  Тажиев  ата-ана 
болу  құқығынан  айырылады  да,  ал  бiр  ай  өткеннен  кейiн  сот 
шешiмiмен оның əрекет қабiлеттiгi шектеледi. 
Нүркен  Тажиевтiң  қамқоршысы  болып  оның  ағасы - Бектемiр 
Тажиев  тағайындалады.  Наргиздi  Марияның  əкпесi-Сарбасова  өз 
тəрбиесiне  алады.  Көп  өтпей  Сарбасова  ресми  түрде 7 жасар 
Наргиздiң қорғаншысы болып тағайындалады. 
1999  жылдың  наурыз  айында  Нүркен  Тажиев  кеннеттен  жоқ 
болып кетедi. Ол туралы Бектемiр Тажиев iшкi iстер органына дереу 
хабарлайды,  алайда  полиция  тарапынан  жүргiзiлген  iздестiру 
шаралары ешбiр нəтиже бермейдi. 
2001  жылдың  жазында  өзiнiң  жазғы  демалысын  Көкшетау 
қаласында өткiзiп қайтқан Сарбасованың бiр танысы оған Көкшетау 
қаласынан  Нүркендi  көргендiгiн  жəне  оның  осы  жердегi  өзен 
параходствасында жұмыс iстейтiндiгi туралы айтады. 
Осыдан кейiн Сарбасова Нүркен Тажиевтен Наргиз үшiн алимент 
төлеудi талап етедi. Қыздың əкесi бұл талапты мойындап айына 4 000 


тенге  алимент  төлеп  тұруға  келiседi.  Алайда  Сарбасова  бұл 
келiсiмнiң жазбаша түрде жасалып нотариалды түрде куəлендiрiлуiн 
талап етедi. 
Нүркен  Тажиев  оған  қарсы  болмайды.  Сонымен  алимент  төлеу 
туралы 
келiсiм 
жазбаша 
нысан-да 
жасалып 
нотариуспен 
куəлендiрiледi. 
Төмендегi  сұрақтарға  жауап  берiңiздер:  ата-ана  құқығынан 
айрылған  Нүркен  Тажиев  өзiнiң  қызына  алимент  төлеп  тұруға 
мiндеттi  ме?  Нүркен  Тажиевтiң  алимент  төлеу  туралы  келiсiмге 
қамқоршысы-Бектемiр  Тажиевтiң  рұқсатын  алмай-ақ  қол  қоюға 
құқысы бар ма? 
Алимент  төлеу  туралы  келiсiмге  отырғаннан  кейiн  алимент 
төлеушi бiржақты осы келiсiмдi орындаудан бас тарта ала ма? 
11.  Қойгелдинова  сотқа  талап-арыз  берiп,  өзiнiң  бұрынғы  күйеуi 
Бошкуловтан  кəмлетке  жасы  жеткен  қызы  үшiн  қосымша 
шығындарды  өтеуге  қажеттi  ақша  сомасын  төлетiп  берудi  сұрайды, 
өйткенi ол жауапкермен осыған дейiн заңды некеде болған жəне сол 
некеден  олардың  жасы 18-ге  толған  бiр  қызының  бар  екендiгiне 
жайлы өз арызында көрсетедi. 
2000 жылы қызы ақылы негiзде, жоғары оқу орнына оқуға түседi, 
ондағы  əрбiр  оқу  жылы  үшiн 500 американ  долларын  төлеуге  тиiс. 
Оның  жаңғыз  өзi  мұндай  ақша  төлеуге  мүмкiндiгi  жоқ  болатын. 
Осыған  сəйкес  Қойгелдинова  жауапкердi  айына 5 000 тенге  төлеп 
тұруға  мiндеттеудi  сұрайды.  Сот  қандай  шешiм  шығаруы  тиiс? 
Қосымша шығындарды өтеудiң негiздерi мен тəртiбiн атаңыздар. 
12.  Боброва  Ирина  сотқа  талап-арыз  берiп  Бобров  Алексейден 
өзiнiң 1998 жылдың 24 мамырында  туылған  баласы  Владимир  үшiн 
бiр-жолғы  төлем  түрiндегi  алимент  төлемiн  өндiрiп  берудi  сұрайды. 
Боброва  өз  арызында 1999 жылдың  ақпанында  Бобров  Алексеймен 
сот арқылы ажырасқанын жəне сот шешiмiне сəйкес жауапкер 4 500 
тенге алимент төлеуi тиiс болғанын баяндайды. 


Осы iс сотта қаралған кезде төмендегiдей мəн жайлар, яғни, қазiр 
Бобровтың Беккер деген əйелмен заңды некеде екендiгi, сондай-ақ ол 
осы  таяу  күндерi  Германияға  тұрақты  тұру  үшiн  көшкелi  жатқаны 
анықталады.  Осы  аталған  себептерге  байланысты  Боброва 
жауапкерге бiр жолғы төлем түрiндегi алимент төлемiн, яғни 250 000 
тенгенiң  барлығын  өндiртiп  берудi  сұрайды.  Бобров  бұл  талапты 
қанағаттандырудан  бас  тартып,  өзiнiң  дəл  қазiр  жұмыссыз 
жүргендiгiн  жəне  екiншi  некеден  бiр  қызының  бар  екендiгiн  соттың 
ескеруiн өтiнедi. Сондай-ақ көшуге байланысты қазiр оның жанұясы 
үшiн  қосымша  шығындар  шығаруларына  тура  келiп  тұрғанын  да 
айтады.  Соған  қарамастан  ол  бiрден 120 000 теңге  төлеуге  даяр 
екенiн,  ал  қалған  соманы  Германияға  көшiп  барып,  жұмысқа 
тұрғаннан  кейiн  əр  ай  сайын 5 000 теңге  көлемiнде  салып 
тұратындығы  туралы  қолхат  жазып  бередi.  Сот  қандай  шешiм 
шығаруы тиiс? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет