негізделеді,
осы
Заңнан,
отбасылық
құқық
нормалары
қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.
5-бап. Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды
қолдану
1. Осы Заңның 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен
реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерінің
арасындағы мүліктік жəне мүліктік емес жеке қатынастарға
азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы
қатынастарының мəніне қайшы келмейді.
2. Осы заңның 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен
немесе тараптардың келісімімен реттелмеген жəне оларға
қолданылатын əдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың
мəніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас
қатынастарды реттейтін неке-отбасы жəне (немесе) азаматтық
заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған
жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-
отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен
мəні жəне адалдық, парасаттылық пен əділеттілік талаптары
(құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: