Есептер
1. Алматы қаласының тұрғыны Тохтахунов “Свидетели Иеговың
атты дiни сектаға барып жүредi, ол бiр күндерi бұл iске өзiнiң 12
жасар баласы Фархатты да тартады. Бастапқыда Тохтахуновтың əйелi
бұл жайға аса мəн бермей жүретiн, алайда күйеуi Фархатты бiрнеше
сағаттар бойы дiни əдебиеттер оқуға мəжбүрлей бастағанда ол бұған
күдiк-пен қарай бастайды. Осы мəселеге байланысты айтылған əй-
елiнiң наразылығына Тохтахунов ешбiр құлақ аспай оны əркез
елеусiз қалдырумен болады.
Тохтахунов арада бiр ай мерзiм өткеннен кейiн, мектеп баланы тек
тəрбиесiздiкке ғана баулиды деген сылтаумен, Фархаттың мектепке
баруына мүлдем тыйым салды. Өз баласының болашағына алаң
болған Тохтахунова заңгерге ба-рады. Iстi шешiңiздер. Фархаттың
əкесi баласының қандай құқықтарын бұзуда? Неке жəне отбасы
заңнамаларында өз балаларының құқықтарын бұзғандығы үшiн ата-
аналарға жауапкершiлiктер көзделген бе?
2. Ново-Алексеевка орта мектебiнiң оқушысы Петя Во-ронов
мектепке бетi-қолы жарақаттан көгерiп келiп жүредi. Мұны байқаған
мектеп мүғалiмi оның ата-анасын мектепке шақыртады. Алайда
мектепке тек Петяның анасы ғана келедi. Баланың бетi-қолындағы
жарақат қайдан пайда болған деген сұраққа анасы нанымды жауап
бере алмайды.
Мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша ұйымдастырылған
қорған-шы жəне қамқоршы орган жүргiзген тексеру нəтижесiнде,
төменде-гiдей мəн-жайлар белгiлi болады: Петяның əкесi
- Алексей
Воронов көп жылдардан берiараққа салынып, маскүнем болып
кеткен, сол себептi ол күнде жанұя мүшелерiмен жанжалдасып дау
шығаруды дағдыға айналдырған. Арақ iшiп, мас болғанда ол баласын
себепсiз ұрып соғатын, сонымен қоймай Петяға араша түспек болған
əйелiн де соққыға жығатыны белгiлi болады.
Баланың құқығын қорғау мақсатында Петяның əкесiне қандай
шара қолдануға болар едi?
Мұқашев бұрынғы əйелi Нұргүл Мұқашеваның талап қою мерзiмiн
өткiзiп алғандығына сiлтеп, оның ескертуiн елеусiз қалдырып,
əйелiнiң талабын орындаудан бас тартады. Осы қалыптасқан
жағдайда Нұргүл Мукашева қандай əрекеттер жасауы тиiс? Неке
жəне отбасы туралы заң бойынша алимент өндiрiп алуға талап қою
мерзiмi қолданыла ма?
5. 2001 жылдың мамыр айында Шарипова заң кеңесшiсiне келiп,
өзiнiң Ташимов пен заңды некеде болғанын айтады.
Некеде болған алғашқы жылы зайыбы оған ерекше көңiл бөлетiн,
жиi гүл сыйлап, сыйлықтар тарту ететiн, қонаққа жəне түнгi
клубтарға, театрларға бiрге баратын. Алайда бiрге тұрғандарына бiр
жыл толғаннан кейiн зайыбы оған бұрынғысынша аса көңiл
бөлмейтiн болады. Ол өзiнiң көп уақытын достарымен өткiзiп,
олармен аң аулауға шығып, үйде бiрнеше күндер бойы болмайтынды
шығарады.
Заңгерден кеңес алуға келген Шарипова күйеуiн өзiне
ертеректегiдей ерекше көңiл бөлiп қаратуға мəжбүрлеудiң заңды
тəсiлi бар ма деп сұрайды. Сондай-ақ Шарипова Ташимовпен некенi
бұзғысы келмейтiндiгiн жəне күйеуiне қойылатын бiрден-бiр кiнə тек
жоғарыда айтылған жайлар екендiгiн баяндайды. Сiздер Шариповаға
қандай кеңес берер едiңiздер? Неке-отбасы заңдарымен қандай
қатынастар реттеледi?
Достарыңызбен бөлісу: