Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет10/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 
 
 


Əдебиеттер 
1. Антокольская М. В. Семейное право.- М.: Юристъ, 1996. 
2.  Антокольская  М.  В.  Курс  лекций  по  семейному  праву.-  М.: 
Юристъ, 1995. 
3.  Нечаева  А.  М.  Семейное  право.  Курс  лекций.-  М.:  Юристъ, 
2000. 
4. Максимович Л. Б. Брачный контракт.- М.: Ось-89, 1997. 
5. Пчелинцева Л. М. Семейное право России. Оқулық.- М.: 1999. 
6.  Короткова  Л.  Б.  Что  такое  фиктивный  брак?  Государство  и 
право.-1993.- № 8. 
7. Шершеневич Г. Ф. Курс гражданского права.- Тула: Афтограф, 
2001. 
Есептер 
1. 2001 жылдың 15 наурызында  Алматы  қаласы  Бостандық 
ауданының  АХАЖ  бөлiмiне 1985 жылы  туылған  Михайлова  неке 
жасын  төмендетудi  өтiнiп  арыз  бередi.  Өзiнiң  арызында  Михайлова 
2000  жылдың  қаңтар  айынан  берi  Дубровинмен  азаматтық  некеде 
тұратынын  жəне  сол  некеден 2001 жылдың 10 ақпанында  дүниеге 
келген  ортақ  бiр  қыздарының  бар  екендiгiн  көрсетедi.  Осы  уақыт 
аралығында олар бiрлесiп пəтер, автомобиль жəне басқа да мүлiктер 
сатып алған болатын. 
Осы  жағдайда  АХАЖ  органдары  тарапынан  қандай  əрекеттер 
жасалуы  тиiс  жəне  осы  кезде  олар  қандай  заң  нормаларын 
басшылыққа  алады?  Неке  жасын  төмендетуге  қандай  жағдайлар 
себептi негiз болып саналады? 
2. 23 жасар Ахмад  Садуов жəне 20 жастағы  Анастасия  Андреева 
АХАЖ органына арыз берiп, өз некелерiн тiркеудi тездетудi өтiнедi. 
Олар  сондай-ақ  өз  некесiн  тiркеудi  тездетудi  өтiнедi,  себебi 
Ахмадтың  ата-анасы  бұл  некеге  үзiлдi-кесiлдi  қарсы  едi.  Ахмадтың 
ата-анасының бұл некеге қарсы болуының басты себебi - баласының 
мұсылман  емес  қызға  үйленгiсi  келгендiгi  болатын.  Ал  Ахмадтың 
үлкен  ағалары  тiптi  олардың  екеуiн  де,  некелесуге  келген  күнi 


өлтiруден  тайынбайтындықтарын  айтып  қорқытады.  Осы  жағдайда 
Ахмадтың  ата-анасы  мен  ағаларының  пiкiрлерi  ескерiлуге  тиiс  пе? 
Қазақстан  Республикасының  отбасы-неке  заңдарында  қандай 
жағдайларда некенi бiр айға дейiн немесе сол арыз 
берген күнi тiркеуге жол берiледi?  
3.  Анасы  мезгiлсiз  қайтыс  болғалы  Наташа  Соколова  анасының 
əкпесi - Ирина Давыдованың қолында тəрбиеленiп жүредi. Күндердiң 
күнiнде  əкпесiнiң  баласы    Александр  мен  Наташаның  арасында 
сүйiспеншiлiк, махаббат сезiмi пайда болады. Наташаның жасы 18-ге 
толғанда,  олар  Алек-сандр  екеуi  АХАЖ  органына  арыз  берiп 
олардың заңды некесiн тiркеудi сұрайды. Алайда, АХАЖ органының 
меңгерушiсi бұл екi жастың өзара туыс болып келетiнiн айтып жəне 
олардың  болашақ  ұрпағының  тағдырын  ойлағандықтан  олардың 
некенi  тiркеу  туралы  арызын  қабылдаудан  бас  тартады.  АХАЖ 
органы  бөлiмi  меңгерушiсiнiң  пайымдауларына  жəне  əрекетiне  баға 
берiңiздер.  Некенi  тiркеуге  жол  бермейтiн  заңмен  белгiленген  қан-
дай жағдайларды бiлесiз?  
4.  Алматы  қалалық  сотына  азаматша  Бекова  азамат  Кизиловпен 
жасалған некенi жарамсыз деп тану туралы талап-арыз бередi. Өзiнiң 
талап-арызында  ол  жауапкердiң  жанұя  құру  мақсатында  емес, 
онымен  шын  ниетiмен  некеге  отырмай  тек  оның  пəтерiне  ие  болу 
үшiн  ғана  отырғанын  баяндайды.  Осыған  байланысты  ерлi-
зайыптылардың  арасында  жиi  түсiнiспеушiлiктер  туындап  тұрады 
жəне  күйеуiнiң  таяу  күндерi  Бековамен  некенi  бұзып,  пəтердi  сот 
арқылы бөлiске салатындығы туралы ескертедi. 
Кизилов  Бекованың  талап-арызына  наразылық  бiлдiредi,  оның 
ойынша  неке  жарамсыз  деп  танылмауы  тиiс  тек  бұзылуы  мүмкiн. 
Себебi  некенi  жарамсыз  деп  тануға  ешқандай  да  негiз  жоқ,  өйткенi 
Кизилов өзiнiң бар тапқан табысын ортақ мүддеге жұмсау үшiн үйге 
алып  келетiн  жəне  əр  кез  əйелiне  материалдық  жəрдем  көрсетiп 
тұратын. 


Бекованың  талап-арызына  байланысты  сот  қандай  шешiм  шыға-
руы тиiс? Некенi жарамсыз деп танудың негiздерiн атаңыздар. 
Некенiң  жарамсыз  деп  танылуынан  қандай  құқықтық  салдарлар 
туындайды? 
5.  Алексеев  пен  Шмелева  АХАЖ  органына  арыз  берiп  өздерiнiң 
некесiн  тiркеудi  сұрайды.  Неке  тiркелетiн  күнi  АХАЖ  органына 
Николаева 
келiп 
Алексеевтiң 
онымен 
азаматтық 
некеде 
тұратындығын  жəне  сондай-ақ  Алексеевтiң  қазiргi  күнге  дейiн 
Николаевамен  бiр  үйiнде  тұрып  жатқанын,  олардың  ортақ  шаруа 
жүргiзетiндiктерiн  жəне  екеуiнiң  үш  жасар  баласының  бар  екендiгi 
жайлы айтып бередi. 
Николаева осы жағдайларрды ескерiп АХАЖ органынан Алексеев 
пен  Шмелеваның  некесiн  тiркемеудi  өтiнедi.  АХАЖ  органы  бұл 
жағдайда не iстеуге тиiс? 
Николаевадан  белгiлi  болған  жағдайлардан  қандай  құ-қытық 
салдарлар туындауы мүмкiн? 
6.  Алматы  қаласының  тұрғыны  Жиров  сотқа  арыз  берiп  өзiнiң 
Калашниковамен  жасаған  некесiн  жарамсыз  деп  тануды  сұрайды. 
Сотта Жиров мына жағдайларды мəлiмдейдi: 2000 жылдың жазында 
Қапшағай  көлiнiң  жағажайында  ол  өте  сұлу,  əрi  ашық  мiнездi  Анна 
есiмдi  қызбен  танысады.  Евгений  қызды  ұнатып  қалады.  Арада  аз 
ғана  уақыт  өткенiне  қарамастан  ол  көп  ойланбастан  Аннаға  өзiне 
тұрмысқа  шығуды  сұрайды.  Некелерi  тiркелгеннен  кейiн  жас 
жұбайлар бiрден бөлек отау құрып, Алматы маңындағы елдi мекеннiң 
бiрiнде  тұрып  жатады.  Уақыт  өте  келе  Аннамен  тұрып  жатқан 
Евгений оның кейбiр қылықтарының ақылға сай еместiгiн байқайды. 
Мəселен,  бiр  күнi  Анна  күйеуiнiң  бар  киiмдерiн  түгелдей  жинап 
алып  оны  суға  салып  езiп  қояды.  Тағы  бiр  күндерi  үйдегi  барлық 
заттарды  көшенiң  дəл  ортасына  үйiп  жинап  қояды.  Өзiнiң  бұл 
əрекетiн 
Анна 
“жоғарыдан 
келiп 
түскен 
бұйрықпенң 
байланыстырады. Нəтижесiнде Анна Калашникованың науқастығына 
байланысты  психиатрлық  ауруханада  есепте  тұратыны  анықталады. 


Бiрақ,  Аннаның  əрекет  қабiлеттiгi  əлi  сот  тəртiбiмен  танылмаған 
болатын.  Жировтың  талабын  қанағаттандыруға  бола  ма?  Анна 
Калашникованың  қылығынан  көрнiс  тапқан  жоғарыдағы  жайлар 
некенi жарамсыз деп тануға негiз бола ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет