ми, оқу, ғылыми-көпшілік. Ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар тек бір саланың маман-
дарына ғана арналып, зерттеліп отырған мəселе арнайы лексика мен терминология арқылы
баяндалуы мүмкін. Ал оқу материалдары сол ғылыми жетістіктерің жалпыхалықтық тіл мен
терминологияны ұштастыра отырып жеткізеді,олар да ғылыми күрделі ұғымдар оқырман
мен студенттің қабылдауына сай жеңілдетіліп,нормативтиік түсінік ретінде беріледі. Ғылы-
ми- көпшілік əдебиеттің мақсаты бұқара халықты ғылымның əр саласындағы жаңалықтар-
мен, жаңа теориялармен таныстыру болғандықтан,терминдер аз, көбіне сипаттама құрылым-
ды ұғымдармен беріледі. Соның өзінде ғылыми-көпшілік əдебиеттің түсінілуі біркелкі
болмайды, мəселен,гуманитарлық ғылымдар материалдарын барлық əлеуметтік топтардың
өкілдері түсінсе, жаратылстану ғылымдарының хабарламалары туралы олай айта алмайыз.
«Сингертика» терминін неміс физигі Г.Хакен ғылыми айналымға енгізген. «Синергетика»
өзара ықпалдасу жəне өзді-өзі ұйымдасу туралы ғылым деп ұғынылады. Оның заңдылықта-
рыы бойынша кез келген күрделі жүйені құрайтын элементтер тұрақты емес,олар кез келген
уақытта алмасып келіп,бір-бірімен ықпалдасу,əрекетесу негізінде үнемі өзгеріп отырады жəне
олардың өзектенуі рет-ретімен,бір бағытта бола бермейді,бірақ бұл элементер əр жүйеде түр-
ліше өзектеніп отыруына байланысты күрделі жүйенің қабылдануын да өзгертіп отырады.
Синергетика заңдылықтары кең мағынада адамның қоғамдағы лингвомəдени болмыспен не-
месе кеңістікпен байланысырын көрсетеді. Ғылыми стиль мəтіндері жанрлық тұрғыдан үшке
бөліп қарастырылады:академиялық жанр мəтіндері (белгілі бір ғылым саласына арналған
мақала,баяндама, оқу құралы, оқулық, диссертация, автореферат,монографиялар); ғылы-
ми-ақпараттық жанр мəтіндері (энциклопедия,сөздік, түрлі анықтамалықтар, техникалық си-
паттама); ғылыми-бақылау жанры мəтіндері (рецензия,пікір,саяси қайраткердің талдамалы
баяндамасы,сараптама қорытындысы). Ғылыми стиль мəтіндерінің белгілі бір құрылымы
болады: (зерттеудің мақсат-міндеттері; авторлық бағалау, яғни өзектілігі, жаңалығы, ғылыми
құндылығы), негізгі мəтін, қорытынды бөлім, пайдаланылған əдебиет, қосымша.
Ғылыми стильге тəн ең негізгі ерекшелік-баяндау, яғни ойды түсінікті,толық, жүйелі,
дəл,обьекивті жеткізу. Ғалымдар өзі зерттеп отырған мəселені белгілі бір əдіснаманы бас-
шылыққа ала отырып,жан-жақты, диахронды жəне синхронды тұрғыда, басқа да ғылым не
құбылыстармен салыстыра қарастырып,өзінің дəлелді,негізделген тұжырымын,қорытынды-
сын ұсынды. Ал пікір,көзқарас дұрыстығын дəлелдеу үшін ойлау заңына, яғни логикаға сүй-
ену қажет. Кез келген жаңалық,ескі түсініктердің күйреуі жəне жаңа тұжырымдардың пайда
болуы интуиция мен ойлаудың белсенді қызметімен,бір нəрсені бағалау, сынау,дəлелдеу,сен-
діру арқылы ғылымға жаңа теорияны қосу қажеттілігмен байланысты,сондықтан ғылыми
стильдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік қатаң сұрыпталған тілдік бірліктерден байқал-
ды [2,24].
Ғылыми мəтіндерге тəн белгілер:сөйлемдер толық құрылымды,жалпылама мағыналы
сөздер,бір мағыналы сөздер, қатаң логика,терминология,эмоционалды бояудың жоқтығы,күр-
193
делі сөздер, қысқарған сөздер, символдық белгілер, неологизмдер, сілтемелер, нақтылау,
түсіндіру мақсатындағы қыстырынды құрылымдар,концептуалды метафоралар. Ғылыми
мəтін лексикасын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: жалпыхалықтық қолданыстағы
лексика,барлық ғылым саласына ортақ терминдер жəне белгілі бір ғылым саласына ғана
тəн терминдер.Құрылымдық белгілеріне сəйкес əр түрлі функционалды стильдегі мəтін-
дердің өздерін қарапайым,күрделі жəне кешенді деп бөлу қалыптасқан.Қарапайым немесе
примитив мəтіндерге түрлі ұрандар,жарнамалар ,тақырып атаулары,түрлі атаулар жатса,е-
кенішісіне құрылымы да,семантикасы да күрделі,көп қатпарлы жəне көлемді көркем мəтін-
дер мен ғылыми мəтіндер жатқызылады,ал кешенді мəтіндер қатарына мəтін ішіндегі мəтін
құрылымды əдеби шығармаларды кіргізеді.Əрине,соңғы пікір даусыз емес.
Қорытындылай келе,мəтін лингвистикасы-мəтін түзуші құралдар мен санаттар.Лингви-
стикалық тұрғыдан,мəтін-коммуникативтік мақсаттарына қарай біріктірілген сөйлемдердің
белгілі бір тəртіппен ұйымдастырылған жиынтығы. Когнитивтік бағыт бойынша,əлемді
танып-білудің негізгі құралы-тіл,сол себепті мəтін автордың болмысты танып, түйсінуінің
жеке дербес тілдік бейнесі ретінде қарастырылады да, концепт арқылы танылады.
Мəтін лингвистикасы мен грамматикасы мəтіннің жалпы түзілк заңдылықтарын,фор-
мальды құрылымы мен механизмдерін, сөйлем,абзац,күрделі синтаксистік тұтастықтар ара-
сындағы байланыстарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |