Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
Мемлекеттің қоғаммен генетикалық байланысы. Мемлекет 
туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда 
әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста 
болатындығын,  оның,  яғни  қоғамның  тарапынан  белгілі  бір 
ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал 
ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, 
оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының 
көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен 
негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам – адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, 
соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, 
тұтынылып  және  айырбасталып  жатады,  осының  өзі  белгілі 
бір тәртіпті, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың 
орнықтылығы  мен  тұрақтылығын  нығайтуға  бағытталған, 
өз  мүшелерінің  мінез-құлқын  басқарудың,  реттеудің  және 
ықпал  етудің  ерекше  құралдарының  болуымен  сипатталады.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет 
құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол – қоғам дамуының 
белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, 
сипаты және табиғаты қандай болса, мемлекет те сондай болады. 
Жартылай жабайы қоғамның өзіне лайықты мемлекеті болса, 
өркениетті қоғамда мүлде басқа мемлекет болды. Өркениеттің 
әр басқышы әр алуан мемлекеттермен сипатталып отыр. Қоғам 
дегеніміз – мемлекеттің объективті негізі іспетті, соның базисі, 
өзгеше «тіршілік ету ортасы». Ол мемлекеттен әлдеқайда көп 
бұрын  пайда  болды.  Ұзақ  уақыт  бойы  ол  мемлекетсіз  өмір 
сүрді, туындаған мәселелерді басқа ұйымдық құрылымдар мен 
институттардың көмегімен шешіп отырды. Алайда қоғам өзі 
тудырған мемлекет оның өте қажетті серігі, міндетті түрдегі 
атрибуты болып шықты. Бір кезеңнен екінші кезеңге өткен сайын 
ол дамып, түрленіп, өзгеріп келді және жақын, алыс келешекте 
тарих сахнасынан шығып қалуы және жойылып кетуі екіталай. 
Қоғам  тіршілік  етіп  жатқан  кезде  мемлекет  те  сақталады. 
Алғашқы кезде қоғам мен мемлекет бірдей болды деген 
сияқты оқу әдебиеттерінде кездесетін пікір біздің ойымызша, 
дұрыс  емес.  Келтірілген  тезистің  авторы  Л.И.Спиридонов 


6
айтып  отырған  ежелгі  полис  бір  мезгілде  әрі  мемлекет,  әрі 
қоғам болуы мүмкін емес. Оның бойынан өз құрылымдары бар 
мемлекет болып не табылатынын және шын мәнінде қоғамды не 
құрайтынын айыру керек. Олар сәйкес келмейді, сәйкес келуі 
мүмкін де емес, өйткені әртүрлі дәстүрдің құбылыстарына жатады.
Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік 
етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан 
мемлекеттің  мүмкіндігі  зор.  Орасан  зор  материалдық,  адам, 
ұйымдастыру ресурстарына, саяси – идеологиялық потенциалға, 
басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына 
иелік ете отырып, мемлекет (оларды үнемді әрі тиімді пайдаланған 
жағдайда)  экономиканың,  әлеуметтік,  рухани  және  басқа 
жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке 
қол  жеткізуге,  қоғамда  қажетті  моральдық  –  психологиялық 
ахуал  қалыптастыруға  оң  ықпал  ете  алады.  Мемлекеттің 
жоғарыда  аталып  өткен  мүмкіндіктерінің  қоғамға  барынша 
пайда  келтіретіндей  етіп  жүзеге  асырылуы  аса  маңызды.
Алайда, кейде мемлекеттің қоғамға масыл болатын жағдайы 
да  кездеседі,  қоғамға  зиян  және  түгелдей  орны  толмайтын 
залал  келтіре  отырып,  оның  дамуына  теріс  (тойтаратын, 
жансыздандыратын, тежейтін) роль атқаруы мүмкін. Мемлекеттің 
қоғамға теріс ықпалының мүмкіндігі аса зор болғандықтан оның 
қоғамды  деформациялау  сияқты  салдары  да  болуы  мүмкін. 
Мысалы, фашистік және басқа тоталитарлық мемлекеттердің 
қоғам  дамуындағы  рөлі  шын  мәнінде  қатерлі  болып  шықты: 
экономиканың милитаризациялануы, демократияның дамымауы, 
жеке адамның құқығының аяққа тапталуы, полицияның зорлық 
– зомбылығы, жаппай заңсыздық – міне осының бәрі қоғамның 
табиғатын бұрмаламай тұра алмады, оған теріс бағыт берді.
Көріп отырғанымыздай, қоғамға қатысты мемлекеттің рөлі 
біржақты бағалана алмайды екен.
Қоғам  мен  мемелекеттің  қатынасының  үйлесімділігінің 
қажеттілігі. Қоғам алдында тұрған көптеген міндеттерді шешуді 
мойына  алған  мемлекет  қалай  болғанда  да  қоғамның  түрлі 
саласындағы  тіршілік  әрекетіне  араласуға  мәжбүр  болады.
Тарихтың әр кезеңіндегі мұндай араласудың сипаты мен шегі 
әр түрлі. Оларға көптеген объективті және субъективті факторлар 
әсер етеді: экономиканың даму деңгейі,халықтың әл-ауқаты, елдің 


7
әлеуметтік тұрақтылығы, қоғамдықжәне мемлекеттік құрылыстың 
демократиялық  деңгейі,  аса  маңызды  саяси  институттардың 
арақатынасы, басқару элитасы мақсаттарының бағыттылығы, 
басшылардың жеке басының қасиеті. Осыған байланысты мемлекет 
пен қоғамның өзара карым-қатынасының тұрпаты қалыптасады. 
Мемлекет өзінің дамуының ең алғашқы кезеңдерінде қоғаммен 
өзара қарым–қатынасында жабайы әрі дөрекі нысандарды жиі 
қолданды: үстемдік ету, сөзсіз бағынуды талап ету, қатаң бақылау 
мен ұсақ тәртіп белгілеушілік, мәжбүрлеу және күштеу әдістерін 
қолдану арқылы жаппай мемлекеттендіру. Тек кейінірек, халықтың 
сана – сезімі мен менталитетінің өсу, мемлекеттік және қоғамдық 
институттарды бірте – бірте демократияландыру адамның және 
азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың қажеттігі туралы 
идеяның пайда болуы мен таралу деңгейіне қарай бұл дөрекі әрі 
қарапайым нысандар қалай болғанда да өзгереді, жұмсарады, 
басқаларға орын береді. Өркениеттік бастаулар, мемлекет пен 
қоғамның қарым–қатынасына кіре отырып, оларды жаңа сатыға 
көтереді, оларға жаңа сипат береді.
Әрине, бүгінде қоғамды табанына салып таптағысы, оған 
өзінің еркін таңып, дербестік пен автономиялық жоққа шығарғысы 
келетін мемлекеттер де кездесіп қалады. Алайда, олармен қатар, 
көптеген мемлекеттер қоғаммен өзара қатынастарын үйлесімділік 
пен тең құқықтық принциптеріне құра отырып, әміршілдік – 
бұйрықшылдық нысандарынан бас тартуда. Бұл тенденциялардың 
әрі қарай дамуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға 
алып келеді.
Мемлекет  пен  қоғамның  өзара  қарым–қатынасының 
үйлесімділігіне  апаратын  жолдың  көптеген  қиындықтары 
бар,  соқтықпалы–соқпақты  болып  келеді.  Жаңа  принциптер 
мен  әдістерді  бекіту  үшін  материалдық  және  ұйымдық  алғы 
шарттармен  қамтамасыз  ету  керек.  Сонымен  бірге,  бұйрық 
беруге  дағдыланып  қалған  әрі  иландыру  мен  тәрбиелеуді 
білмейтін  мемлекеттік  аппараттың  барлық  қызметкерлерінің 
ойлау селқостығын жеңу керек. Азаматтардың сана–сезімін қайта 
бағдарлау аз күш жұмсауды қажет етпейді, олар өз құқығы мен 
мүддесін қорғауға дағдыланбаған, кейде олардың бұзылуымен 
үнсіз келіседі, өмірде кездесетін заңсыздық, сыбайластық және 
қиянат фактілеріне енжарлық көзқарас ұстанады.


8
Қоғам қабілетті әрі тиімді әлеуметтік институттар құруға 
мүдделі, өйткені олар мемлекеттің рөлінің шектен тыс күшеюіне 
және оның өзіне негізсіз билік етуіне, айқын өктемдігіне, әсіресе 
тоталитарлығына сенімді кедергі болар еді. Олардың ішінде ең 
алдымен халықтың әртүрлі топтары құратын саяси партияларды, 
қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық қозғалыстарды, үкіметтік 
емес  ұйымдарды  айтуға  болады.  Жұртшылықтың  белгілі  бір 
дәрежедегі қолдануына ие болған, қоғамдық пікір мен өз беделіне 
сүйенген  олар,  қоғам  мен  мемлекеттің  арасындағы  қажетті 
балансты сақтау немесе қалыптастыру үшін ықпал етудің түрлі 
механизмдерін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет