Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


  МЕМЛЕКЕТТІҢ  МӘНІ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК



Pdf көрінісі
бет6/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

1.4  МЕМЛЕКЕТТІҢ  МӘНІ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК 
БАҒЫТЫ
Мемлекеттің  мәні.  Мәнділік  категориясы,  оған  сапалы 
айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан бөліп 
алатын, зерттелетін құбылыстың басты және негізге алынатын 
белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі 
пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттің 
мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді. Қазір 
мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік 
етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның 
мүдделерін  бірінші  кезекте  жүзеге  асыруға  жағдай  жасауға 
оларды әртүрлі озбырлықтан қорғауға келіп саятындығы белгілі. 
Қазіргі  кезде  көптеген  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер 
таптық, топтық және жеке мүдделерді бірыңғай қорытындыға 
келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен қарама–қайшылықтарды 
шешуге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып, соған 
қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекеттің  мәні  туралы  мәселеге  қоғамның  түрлі 
әлеуметтік және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметтің 
бағыттылығына  түрлі  тәсілдер  әсер  етеді  әрі  оның  шешілуі 


19
қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты. Сондықтан, 
мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық үстемдік және 
билеуші топтың еркін тану есептелсе, екінші жағдайда – таптық 
және жалпы қоғамдық процесстердің үйлесуі. 
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселе мемлекеттің 
мәні туралы мәселелерге тікелей келіп тіреледі. Сонымен қатар 
өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады. Жалпы 
айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа 
немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді. 
Мемлекеттің  әлеуметтік  мақсатыпроблемаларын  теория 
жүзінде байыптап түсініп,оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін 
жасауда творчестволықпен пайдалану қажет.
Ал олар, біздің көзқарасымыз бойынша, түрлі мемлекеттерге 
деген дифференцияланған қарым–қатынасқа негізделуі керек, 
өйткені  кейде  мемлекеттердің  қызметі  түрлі  игіліктер  мен 
құндылықтары  шағын  таптық  сипатта  болса,  екіншілерінде 
–  игіліктер  мен  құндылықтар  жалпы  адамзаттық  сипатта, 
үшіншілерінде таптық, сондай–ақ жалпыадамзаттық сипаттағы 
игіліктер мен құндылықтардың жиынтығы болады.  Әр түрлі 
мемлекеттің мақсатын ашып көрсететін бірыңғай формула жасау 
мүмкін емес. Қорытындысында,қоғамдағы тәртіптің мемлекет 
жақтайтын  бағытын  анықтай  отырып,  олар  оның  күнделікті 
қызметіне ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет