Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет23/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215
Тақырыптық апперцивті тест (ТАТ)
 ТАТ - жобалау əдісіне жатады. Ол алғаш рет 1935 жылы ашыл-
ды. Алғашында қиялды тəжірибелік тұрғыдан зерттеу əдістемесіне 
жатқызылды. Əдістемені Г. Мюррей қолданысқа ұсынды. Əлеуметтік 
қарым-қатынаста əлеуметтік ортада көрініс беретін жеке тұлғаның 
ерекшеліктерін  анықтауға  қолданылды.  Тұлғаның  эмоциялық 
тұрақсыздық  басымдылығын  жəне  дау-жанжалға  бейімділігін, 
қажеттіліктерін қанағаттандыру амалдарын білуге бағытталған. Ол 
үшін төмендегідей мəселелерге назар аударуымыз қажет.
  Тұлға  позициясының  ерекшелігі  (іс-əрекеті  қуанышты, 
қайғылы жəне т.б.).
  Адамның өз санасының ішкі əлемінің ерекшілігі (симпатия, 
антипатия, бауырмалдылығы).
  Басымдылық тенденциясы.
  Əрекет  тəсіл  (əрекетті  ұйымдастыру  тəсілдері  мен 
практикалық  ойлау  ерекшілігі,  өмірде  туатын  мəселелерді  шешу 
тəсілдері).
  Тұлғаның динамикалық жағы ( іс-əрекет ритмі, эмоционал-
ды максимум импульстер саны, реактивтілік).
ТАТ  стандартты  кестелер  жинағынан  жəне  түсініксіз  ситуация-
лар бейнеленген суреттерден тұрады. Автордың ойынша əрбір кесте 
белгілі  ситуацияларға  байланысты  жəне  түрлі  мағынада  өңделеді, 
оның  өзектілігін  білдіреді.  Жанұя  конфликтілерін,  бағыңқы-
доминанттылық, агрессия мен өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін 
мəліметтерді жазатын кесте арнайы бөлінеді. Ер жəне əйел адамға 
кестелердің  жартысы  арнайы  беріледі.  Жасөспірімдер  өз  алдына 
бөлек сипаттамаға ие болады.
  Зерттелінушілерге 20-дан  аспайтын  кестелер  жинағы  беріледі. 
Зерттеу  жұмысы  екі  сеанстан  тұрады,  олардың  ұйымдастырылу 


40
мерзімі  бір  күндік  үзілістен  тұрады.  Өткізілу  кезіндегі  атмосфера 
жайлы, ыңғайлы, тыныш болуы керек.
 Жұмысты ең қарапайым əдістемеден бастаған дұрыс. Ол нақты 
тақырыпта  сурет  салу.  Бұл  суретте  зерттелінуші  туралы  негізгі 
мағлұматтарды тізген дұрыс (əулеметтік орны, жанұя құрамы, білім 
деңгейі, мамандығы).
 1-ші күні 1-ден 10-шы кестеге дейін беріледі 2-ші күні əдеттегідей 
11-ден 20-ға дейін. 1-ші сеанс кезінде зерттелінуші жас ерекшілігіне 
жəне  мəдени  деңгейдің  өзгеруіне  қарамастан  стандартты  нұсқау 
беріледі.
 Экспериментті өткізу барысы;
Тесттегі  баға  беру  жəне  көрсеткіштер  жүйесі  туралы  ешқандай 
мəліметті  зерттелінуші  білмеуі  керек.  Тесттік  сурет  бейнелен-
ген  парақтарын  кезекпен  кезек  жеке  нөмірлер  арқылы  белгілеп, 
зерттелінушіге  қатар  көрсетілгені  жөн.  Зерттелінушіге 5 бөліктен 
тұратын, нұсқау беріледі;
1)  Сіз мына суретте не көріп тұрсыз? Жағдайды баяндап беріңіз.
2)  Сіздің пікіріңіз бойынша, бұл жағдайдың туындауына не се-
беп болды?
3)  Енді əрі қарай не болады?
4)  Суретте бейнелеген адамдардың ойы қандай?
5)  Бейнеленген суреттегі адамдардың сезімі қандай?
Бастапқы  хаттамада  барлық  жауаптар  жазылады  жəне 
мүмкіндігінше толық жазылады. Бағалаусыз таза параққа жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет