Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет26/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   215
Алынған  нəтижелерді  талдау.  Сəйкес  аталған  міндеттер  бой-
ынша  өткізіледі.  Ол  көріністердің  бас  кейіпкерін  табудан  бастала-
ды.  Суреттегі  кейіпкерді  зерттелінуші  өзіне  ұқсастырады.  Зерттеу 
кейіпкердің маңызды мінездемесін анықтаудан басталады. Соңында 


42
қажеттіліктер  жəне  оларға  сəйкес  қысым  жасаушылар  тізімі 
құрылады.  Тақырыптық  апперцивті  тесттің  өңделуі  «кейіпкердің» 
өзгеше бейнесін қалыптастырады, яғни:
1.  Оның  сезімдері,  қажеттіліктері,  тілектері  қандай  жəне 
қайсысы басымырақ? 
2.  Қандай көріністерден əсер алды?
3.  Қоғамда жəне өмірде өзара қарым-қатынас кезінде белсенді 
ме əлде белсенді емес пе?
4.  Қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін бе?
5.  Жетістікке жетеме немесе фрустрацияға икемдіме?
6.  Қоғамдық тəртіпке қарсы қылығы көріне ме?
7.  Қоршаған  ортаны  қалай  түсінеді,  ол  үшін  қандай 
құндылықтарға ие?
Зерттелінушінің  əңгімесінен  көбіне  қияли  жəне  сюжеттегі 
жағдайларға  деген  қатынасынан  өмірлік  тəжірибесін  көруге  бо-
лады.  Суреттегі  көрініс  көп  жағдайларда  қорғаныс  механизмінің 
өнімі  ретінде  көрінеді.  Көрініс  шынайылығын  тұлға  өз  басынан 
өткізбегендіктен, оның алған əсерінің тиімді тұстары есептелінеді.
  Өмірінде  басынан  өткізген  оқиғалар  уақыт  өткен  сайын 
маңыздылығын  жояды  жəне  реңдік  бояуын  жоғалтады.  Соны-
мен  бірге  көріністе  сəл  ғана  айырмашылық  болады.  Бірақ  басқа 
адам  өмірінде  болып  жатқан  оқиғалар,  жағдайларды  зерттелінуші 
өз  бойынан  өткізеді,  сезінеді.  Бұл  диагностика  жасауға  маңызды. 
Егер  көріністен  ауытқығысы  келсе,  онда  нақты  елес  қатынастары, 
сезімдері  жəне  қылықтары  зерттелінушіге  берілуі  маңызды  болып 
табылады.  Тұлғаға  маңызды  мəлімет  ретінде  əңгіменің  мазмұны, 
құрылымы жəне оның сипаттамасын талдауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет