17
хы; 2.
Жасөспірім психологиясы; 3. Жалпы психология пробле-
малары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында –
оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге
тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл жəне жазбаша тіл), көптілділік
мəселелері қарастырылған. Тəуелсіз еліміздегі тіл мəселесі,
оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары бүгінгі күнгі өзекті
мəселе екенін ескерсек, осы орайда, психология ғылымында
қарастырылған тіл мəселелері, соның ішінде көптілділікті балалық
шақта қалыптастырудың мүмкіндіктері үнемі зерттеу нысаны
болғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің
«Сөйлеу мен ойлау» проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын,
қалыптасуын, арақатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің
қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар.
Л. С. Выготский «Диагностиканы өрістету жəне қиын баланың
педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін
анықтау үшін қолданылған психометриялық сынақтардың ғылыми
маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тəсіл арқылы қалыпты мек-
теп оқушыларының ақыл-ой дəрежесін зерттеу қате қорытындылар
беріп, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мен ақыл-ой дамуында
кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып шатастырылуы мүмкін
деді.Психодиагностикалык əдістемелер ішінде белгілі болып сана-
латыны «интеллект тесті», интеллектуалды дамудың жас мөлшерін
анықтауға арналған əдістеме. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде
жалпы туа пайда болған қабілеттер кез келген тапсырманы дұрыс
орындаумен анықталады.
Ақыл-ой əрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін
кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П. Я. Гальперин
жасады. Ақыл-ой əрекетін қалыптастыру теориясы психикалық
үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік жəне
қолданбалы аспектілерді талдап саралайды. П. Я. Гальперин өзінің
«Бағдарлаушы іс-əрекет психологиясының пəні» деген еңбегінде
психикалық бейнелеудің формаларын жəне олардың физиологиялық
негізін кеңес физиологы И. П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс иде-
ясына сүйеніп, əр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.
Тəжірибе жүргізудің ерекшелігі, психодиагностика психология-
лық фактілерді белгілейді. Психодиагностикалық əдіс-тəжірибиеге
негізделеді. Психодиагностика əдістерін практикада қолдану
адамдардың қасиеттерін, даралық ерекшеліктерін, даму деңгейін,
кəсіби жəне шығармашылық тапсырмаларды орындау қабілетін
19
қалыптасуы адамның мотивациялық аймағының, яғни оның та-
лап- тілектерінің, ұмтылыстарының жəне ниеттерінің дамуы болып
саналады. Қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, ал бұл олар-
ды қанағаттандыратын амалдардың пайда болуын жəне оларды
жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуы-
на байланысты баланың танымдық қабілетінің, оның дағдыларының,
қолынан келетін істерінің, əдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асы-
рылады.
А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша, адамның мотива-
циялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері
сияқты іс-əрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-əрекеттің
өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сəйкес, олардың
функционалдық жəне генетикалық байланысты құрамаларын
байқауға болады. В. Г. Леонтьев мотивацияның екі типін атап
көрсетеді. Біріншісі қажеттілік түрінде, сонымен қатар қызығу, ин-
стинкт түрінде, екіншісі мотив түрінде көрінеді. Бұл жағдайда мотив
пен мотивация бір-біріне ұқсас болып кетеді. В. Г. Леонтьевтің бой-
ынша, мотив мотивация формасы ретінде белгілі бір мақсатқа жету
үшін бағытталған іс-əрекет пайда болады.
Оқу үдерісінің негізгі итермелейтін күштерін анықтау, оның
нəтижелі жүргізілуіне өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл туралы іс-əрекет
теориясын құрастырғандардың бірі А. Н. Леонтьев «тұтас үдеріске
бағытталған нəрсе, субъектінің нақты іс-əрекетке итермелейтін
түрткісімен (мотивпен) сəйкес болады», – деп жазады. Яғни адам
белсенділігінің үдерісі əрқашанда бір нəрсеге бағытталады, оның
мəні бар. Сонымен қатар бұл үдеріс белгілі бір қажеттілік жəне мо-
тивке (қажеттілік қанағаттандырылатын пəнмен) бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: