«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)


-мәтін  Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

2-мәтін 

Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:  

-  «Адамның  күні  –  адаммен»  демекші,  өмірде  барлығымыз  бір-бірімізбен  өзара 

байланыстамыз.  Дегенмен  адамдар  шын  мәнінде  жарастықта,  үйлесімде  өмір  сүріп 

жатпағаны  да  рас.  Бүгінгі  күні  адамзат  ақпараттар,  технологиялар  және  біліммен  жақсы 

қаруланған,  бірақ,  өкінішке  орай,  соғыс  пен  түрлі  қақтығыстарға  жол  бермеуге  қауқары 

жетпеуде. 

Көпшілігіміз  үшін,  шүкір,  бейбіт  өмір  –  күнделікті  шындық.  Күнбе-күн  біздер 

университетке  жұмысқа  барамыз,  көшелеріміз  тыныш…  Сонда  біз  осы  мамыражай  бейбіт 

тірлік  құндылығына  аса  көңіл  бөлмеуіміз  де  мүмкін.  Бейбітшілік  те  ауа  сияқты  –  барлығы 

білінбейді, ал егер жазатайым жоқ болып қалса – тіршілікке үлкен қауіп тудырады. Өкінішке 

орай,  бізге  күнделікті  үйреншікті  жағдай  –  әлемнің  түрлі  бөліктерінде  шиеленіс  пен 

қорқыныш қаупіне бөленген адамдар үшін арман ғана. 




 

38 


 

Бүгінде кикілжің мен қақтығыстар шиеленісе түсуде. ХХІ ғасыр дерті дерлік лаңкестік 

зардаптары,  қоғамдағы  қорқыныш  пен  үрей,  жеке  тұлғалар  санасының  зиянды 

стереотиптерге  бейім  болуы  адамзат  өркениетіне,  тіпті,  бүкіл  планетадағы  өмірге  қауіп 

төндіруде. Демек әлеуметтік жүйе де, рухани-адамгершілік принциптер мен құндылықтар да 

сынға түсер заман туып тұр. 

Біз  қоғамның  жүйелі  қағидаттары  ретінде  «қауіпсіздік  мәдениетін»,  «бейбітшілік 

мәдениетін»  жиі  айтамыз.  «Бейбітшілік  мәдениеті»  құндылықтарын  қолдау  және  оны 

өндірудің  маңыздылығын  мойындау  аясында  шынайы  саясатта  көретініміз  мүлдем  басқа 

жағдай  –  қоғамдық  қауіпсіздік  атын  жамылған  «соғыс  мәдениеті».  Осы  жағдайды  терең 

түсінген  Президент:  «…соғыс  вирусы  халықаралық  жағдайды  ушықтыруын  жалғастыруда. 

Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, 

әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», – деп ескертті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет