160
тиісті атшабар Қамысбай, Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз
жігіті, өз атшабары - Қарабас та бар. (М.Әуезов). Осы шағын
мәтінде төрт жеке сөйлемдік тұлға бар. Олардың негізгі мүшелері
орайласа байланысудан түзілген.
4) Аралас байланыс – бірбүтін синтаксистік құрылымда жеке
сөйлемдік
құрылымдарды
байланыстырудағы
салаласу
мен
сабақтасудың басын біріктіретін жаңа байланыс түрі. Бұл ерекше
байланыс түрі үшін кемі үш жай сөйлемдік үлгі қажет. Бұл орайда,
айтушы еш уақытта қандай құрылымда сөйлейтінін ойламайды. Ол
дайын тұрған тілдік бірліктерді пайдаланады. Нәтижесінде,
салаластық байланыс пен сабақтастық байланыстың араласа келуінен
болады. Тіл білімінде, атап айтқанда, орыс, монғол, түрік тілдерінде,
әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысу деп атау пайда болды. Ал қазақ
тіл білімінде мұндай байланысу түрін Н.Базарбаев
әрқилы байланыс
деді, Б.Сағындықұлы
әртиптес деп атады, ал ғылыми талдаулардан
кейін
аралас атауымен қазақ тіл білімінде орнықты. Мысалы:
Үй
маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз
жетпеген соң, туырлық орнына ши жасап қойыпты (Ғ.Мұстафин).
Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттері сөзге айнылдырып бөгей
тұрмақ еді, бірақ оның реті келмей қалды (Ғ.Мүсірепов).
Алғашқы
сөйлемде жеке сыңарлар байланысуы жарыспалы түрде, ал екінші
сөйлемде сатылы байланыстық қызмет болады.
Міне, әлем тілдерінің барлығында танылған синтаксистік
байланыстың салалас және сабақтас түрі қазақ тіл білімінде де
барынша дамуда. Сонымен қатар
орайлас пен
аралас байланыс түркі
тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін аса зор рөл атқарады. Себебі тек
осы байланыстардың қатысынан сөйлемнің ең кіші құрамы (жай
сөйлем) мен ең жоғарғы құрамы (аралас құрмалас) түзіледі.
Қорыта айтқанда, синтаксистік байланыс және оның түрлері
сөзтұлға синтаксисінен бастап, күрделі синтаксистік бірлік
аралығында болады. Синтаксистік байланыс түрлерін тілде бар басқа
байланысу тәсілдері (аналитикалық, синтетикалық) мен сөздердің
байланысу түрінен ажырата қарауымыз керек. Себебі амал-тәсілдер
жеке сөзтұлғаларды грамматикалық байланысқа түсірсе, синтаксистік
байланыс синтаксистің барлық тармағы үшін жауапты, әрі үлкен күш
көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: