Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет1/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            О.БҮРКІТ,  Ұ.ЕРЖАНОВА,  Б.ӨМІРЗАҚОВ 
 
 
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫ: МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СИНТАКСИС   
(Оқу-әдістемелік құрал) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 
 


 

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
М.Өтемісов атындағы 
 Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
О.Бүркіт,  Ұ.Ержанова,  Б.Өмірзақов 
 
 
 
 
Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы:  
морфология және синтаксис  
(Оқу-әдістемелік құрал) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 
 


 

ӘӨЖ 811.512.122 
 
Пікір жазғандар: 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қ.Хасанов 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә.Ниязғалиева
 
 
 
 
 
 
 
 
    Бүркіт О., Ержанова Ұ., Өмірзақов Б. 
    Қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымы:  морфология 
және  синтаксис:  Оқу-әдістемелік  құрал.  –  Орал:  М.Өтемісов 
атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2012. – 299 б.  
 
 
 
 
 
 
   
 
 
   
Оқу-әдістемелік 
құрал 
грамматиканың 
негізгі 
салалары 
морфология  мен  синтаксистің  ғылыми-теориялық  мәселелеріне 
арналған, 
сонымен 
қатар 
теориялық 
тақырыптармен 
қоса 
студенттердің білімін тексеруге арналған түрлі тапсырмалар берілген. 
Оқу-әдістемелік  құрал  филолог  мамандар  мен  ізденушілерге,  
студенттерге және жалпы тіл сүйер қауымға арналған. 
     
 
 
 
 
 
 
 
©Бүркіт О., Ержанова Ұ., Өмірзақов Б., 2012 
©М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2012 


 

1. ГРАММАТИКА 
 
1.1 Грамматика – тілдің бір саласы 
 
Қандай  болмасын  тіл  туралы  ғылым  бірнеше  салалардан  тұрады 
және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді 
терең  түсіну  үшін,  оны  зерттеу  үшін  тілдің  осы  салалары  өте  қажет 
болып келеді. Қазақ тілі де сондай тілдердің бірі. Оның да бір-бірімен 
тығыз  байланысты  бірнеше  салалары  бар:  фонетика,  фонология, 
лексика,  лексикология,  лексикография,  грамматика,  морфология, 
синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика, т.б. 
Бұлардың  өздерін  екіге  бөліп  қарауға  болады:  тілдің  ішкі 
заңдылықтарын  зерттейтін  салалары  және  тілдің  сыртқы  салаларын 
зерттейтін салалары.  
Сөзде  лексикалық  мағынамен  қатар  грамматикалық  мағына  да 
болады.  Біз,  қала,  жеңіл,  көлік,  шық  деген  сөздерді  алсақ,  олардың 
әрқайсысы  жеке-жеке  ұғымдарды  білдіреді.  Бірақ  олардың  осы 
жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді. 
Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге 
болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-
тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы 
сөздерді  грамматикалық  тәсілдердің  көмегімен  «Біз  қалаға  жеңіл 
көлікпен шықтық» деп хабарлауға болады. 
Тілдегі 
грамматикалық 
амал-тәсілдердің 
барлығын 
грамматикалық  құрылыс  деп  атайды.  Оны  тілдің  грамматика  саласы 
зерттейді. 
Грамматика  –  сөздің  құрылысын,  сөз  тіркесінің,  сөйлем 
мүшелерінің  және  сөйлемнің  құрылысын  зерттейтін  тіл  ғылымының 
үлкен саласы. 
Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы 
ғана  көрініп  отырады.  Грамматика  ғылымы,  тілдің  грамматикалық 
құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін нысанның негізгі өзегі етіп 
сөзді  және  сөйлемді  алады.  Зерттеу  объектісінің  осындай 
ерекшеліктеріне  қарай  грамматика  ғылымы  морфология  және 
синтаксис болып екі салаға бөлінеді. 
Морфология  –  сөз  бен  оның  формалары  туралы  ілім.  Сөйлеу 
кезінде  әр  сөз  сөйлем  құрамында  келіп,  өзге  сөздермен  белгілі  бір 
заңдар  бойынша  әр  түрлі  қарым-қатынасқа    түседі.  Әр  түрлі  қызмет 
атқарып,  соған  сәйкес  форма  жағынан  да  сан  алуан  өзгерістерге 
ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа 
салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады. 


 

Морфология  тілдегі  сөздердің  түрлену,  өзгеру  жүйесін 
анықтайды.  Жалпы  сөз  атаулыны  топтарға  бөліп,  сол  топтардың 
әрқайсысына  тән  грамматикалық  сыр-сипатын  анықтайды.  Сөзді  сөз 
таптарына  ажыратады,  әр  сөз  табының  категорияларын  анықтайды. 
Осының  нәтижесінде  сөздің  жасалу,  түрлену,  өзгеру  жүйелерін, 
сөздің  бөлшектенуін,  қолдану  ерекшеліктерін,  грамматикалық 
мағыналарын анықтайды. 
Синтаксис  –  сөз  тіркесі  мен  сөйлем  құрылысын  қарастыратын 
ілім.  Сөйлеу  үрдісі  кезінде  сөздер  өз  ара  белгілі  бір  жүйе  бойынша 
тіркеседі.  Сол  сөз  тіркестерінің  де,  сөйлемдердің  де  өзіне  меншікті 
жүйесі болады. 
Морфология  сөздің  құрамын,  мағыналарын  және  қызметін 
талдаса,  синтаксис  сөйлемді,  оның  құрамындағы  сөз  тіркестері  мен 
сөздерді,  олардың  қарым-қатынастары  мен  грамматикалық  сыр-
сипатын талдайды. 
Грамматиканың  бұл  салалары  екі  сала  болып  бөлінгенімен,  бір-
бірімен тығыз байланысты болып келеді. 
Грамматика 
– 
тілдегі 
грамматикалық 
единицаларды 
ұйымдастыратын, байланыстыратын, оларды бір-бірінен ажырататын 
құралдарды  зерттейді.  Грамматикалық  негізгі  бірліктер  мыналар: 
Морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. 
Морфема  –  сөздің  әрі  қарай  бөлшектенуге  келмейтін,  ең  кіші 
мағыналық бөлшегі, грамматикалық бірлік. 
Сөз – морфемалардан құралып заттың атын, сынын, түсін, түрін, 
санын,  қимылын,  ісін,  т.б.  қасиеттерін  білдіретін,  түрлі  құрамда 
болып келетін, дыбысталу мен мағынадан тұратын бірлік. 
Сөз тіркесі – кемінде екі дербес сөздің еркін тіркесінен жасалып, 
құбылыстарды  бірімен-бірі  байланыста  атайтын  грамматикалық 
бірлік. 
Сөйлем  –  сөздерден  құралып,  аяқталған  ойды  білдіретін 
грамматикалық бірлік. 
Грамматикалық  бірліктердің  ара  қатысы  мен  байланысын 
анықтауға  және оларды тіркестіретін, жалғастыратын, сондай-ақ  бір-
бірінен  шегін  ажырататын  құралдарды  айқындауға  қатысты 
грамматикалық  ұғымдар  бар.  Олар:  грамматикалық  мағына, 
грамматикалық  форма,  грамматикалық  тәсіл,  грамматикалық 
категория.  
 
 
 
 
 


 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет