Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет85/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
4.8 Шылау сөздер 
 
Шылау  сөздер,  түрлері,  грамматикалық  қызметі.  Көмекші 
сөздер ішінде шылау сөздердің атқаратын қызметі ерекше. Бұл сөздер 
тобы да ішкі мазмұн, сыртқы форма және қызметі жағынан, бұрынғы 
шыққан  төркін  жағынан  алшақтап,  не  есім,  не  етістік  сөздеріне 
жақындаспай,  оқшауланып,  өз  алдына  жеке  категория  ретінде 
қалыптасқан. Шылаулар – сөз бен сөзді немесе сөйлеммен сөйлемнің 
араларын  байланыстыру,  құрастыру  үшін  қолданылатын,  өздерінің 
тіркескен  сөздерінің  ұғымдарына  әр  қилы  реңктер  үстеп,  оларға 
ортақтасып,  тұлға  жағынан  тынықталған,  лексика-грамматикалық 
мағынасы бар сөздер. 
Шылау  сөздер  де  кезінде  жеке  сөз  ретінде  болғанымен, 
қолданыла  келе  дербестігінен  айырылып,  көмекші  сөздерге,  яғни 
грамматикалық  абстракция тікелей әсер еткен. Шылау сөздердің бұл 
секілді  қызмет  атқаруының  өзі  тіркескен  атауыштық  сөздердің 
қасиетіне  тікелей  байланысты.  Себебі,  қайсыбір  атауыштық  сөздер 
сөйлем  құрамында  өзіне  жүктелген  толық  грамматикалық  мағынаны 
қамти  алмағандықтан,  шылау  сөздер  оған  жәрдемдесіп,  көмекшілік 
қызмет атқарады. Және  бұл жолдар басты осы қызметте тұрақталып 
қалыптасқан.  Сондықтан  шылау  сөздердің  бір  тобы  атауыштық 
сөздерді  толықтырып,  анықтап  немесе  түрлі  реңк  үстеп,  сол  секілді 
қайсыбірінің  басқа  шылау  сөздерге  қарағанда  лексикалық 
мағыналары  тым  солғын  болғандықтан  тек  аффикстер  секілді 
грамматикалық  мағына ғана үстеп немесе  сөйлем  мен  сөйлемді, сөз 
бен  сөзді,  сөз  бен  сөз  тіркестерін  т.б.  байланыстырушылық 
қызметтерін  атқару  дәрежесінде  әрі  тілімізге  өте  қажетті 
компоненттерінде  қолданылып  отыр.  Сондықтан  осы  секілді  түрлі 


 
135 
грамматикалық  сипаттарына  байланысты  шылау  сөздер    үш  топқа: 
септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер болып бөлінеді. 
Шылаулардың  түрлері  және  жалпы  сөйлем  құрамында  алатын 
орны.  Қазақ  тіл  білімінде  жалғаулықты  шылаулардың  функциялық 
қызметтерін  топтастыра  келгенде  мына  секілді  екі  топқа: 
салаластырғыш,  сабақтастырғыш  деп  бөледі:  1.Салаластырғыштық 
жалғаулықтарға  бірыңғай  сөздер  мен    сөйлемдерді  байланыстыра 
отырып,  іштей  екі  түрге:  ыңғайластық,  талғаулықты  салаластырғыш 
жалғаулықтары  болып  бөлінеді.  Да  (де,  та,  те)  жалғаулықты 
шылауларының  ерекшеліктері  –  салалас  құрмаластармен  қатар  әрі 
сабақтаса 
байланысқан 
сөйлемдер 
аралығын 
байланыстыра 
алуларымен  қатар,  кейде  сөздің  не  бірыңғай  мүшелерге  көмекшілік 
қызметте  жұмсалып,  оларға  күшейту,  анықтау  секілді  мағыналарды 
үстегенде, демеулік  шылау ретінде қызмет  атқарады.  Мысалы:  Екеуі 
айғайласып  та,  жанжалдасып  та,  ұрсысып  та  алатын  мезгілдері 
болады.  Бұл  сөйлеуде  та  шылауы  байланыстырушыцлық  емес,  әр 
сөздің  мағынасын  күшейту  мақсатында  жұмсалған.  2.Талғаулықты 
жалғаулықты  шылаулар  атауыш  сөздерді  байланыстырғанда  бірін 
талғап  я  кезектестіріп  немесе  біріне-бірін  қарсы  қою  үшін 
қолданылады.  Олар  мыналар:  я,  әлде,  біресе,  бірде,  яки,  не,  немесе, 
болмаса,  не  болмаса,  құй,  мейлі.  3.  Қарсылықты  жалғаулықтарға: 
бірақ,  алайда,  әйтпесе,  әйтпегенде,  әйткенмен,  сонда  да,  дегенмен, 
әйтсе де шылаулары жатады және сөйлемде айтылған ойдың қарама-
қарсы екендігін білдіру мақсатында жұмсалады. Бәріміз асыға күттік, 
бірақ күткен үмітіміз ақталмады. Қайсыбір кездерде қарсылық  мәнді 
жалғаулықтар қабаттаса (сонда да, бірақ сонда да) қолдануы ықтимал, 
бұл  кеде  олар  айтылар  ойдың  қарсылықты  мәнін  күшейту  үшін 
жұмсалады.  4.Себептік  жалғаулықтар  өз  аттарынан  көрініп 
тұрғанындай құрмалас сөйлемдер құрамында соңғы сөйлем алодыңғы 
сөйлемнің себебін ашу үшін көмекшілік қызметте жұмсалады. Олар: 
Себебі,  өйткені  шылаулары.  Мысалы:  Жаны  шығып  кете  жаздады, 
өйткені  оның  қолына  түскен  ыдыс  сау  қайтқан  емес  (Б.Майлин).  Ол 
кенет  тоқтай  қалды,  себебі  ұмытқан  заттары  енді  есіне  түсті.  5. 
Салдарлық  жалғаулықтар  салалас  құрмалас  сөйлемнің  алдыңғы 
сөйлем    не  сөйлемдер  соңғы,  яғни  басыңқыдағы  айтылған  ойдың 
нәтижесі,  салдары  екенін  білдіру  мақсатында    көмекшілік  қызмет 
атқарады. Оған сондықтан, сол себепті жалғаулықтары жатады: Оның 
ойы  Лизаға  таныс  еді,  сондықтан  көп  сөйлеген  жоқ  (С.Мұқанов).  6. 
Шарттылық  жалаулықтары  егер,  егер  де,  алда-жалда  шылаулары 
құрмалас сөйлем компоненттерінің шарттылық мағынасын айқындай 
түсу  үшін  қолданылатын  көмекші  шылау  сөздері.  Мысалы:  (егер  біз 
болмағанда, сенің тірі қалуың екі талай болар еді («Замандастар»). 7. 


 
136 
Айқындауыш  жалғаулықтарына  яғни,  демек  шылаулары  жата 
отырып,  сөйлем  құрамында,  аралығында  ойды  айқындап,  дәлелдей, 
нақтылай  түсу  үшін  көмекшілік  қызмет  атқарады.  Бұл  сыншы  неге 
ақталды,  демек  бір  нәрседен  сескенетін  секілді.  8.  Ұштастырғыш 
жалғаулықтары  ал,  ендеше  шылаулары  жата  отырып  айтылар  ойды 
бастау  не  жалғастыра  ұштау  үшін  жұмсалады.  Байқаймын  бәрің 
жиналыпсыңдар, ендеше мына мәселені ортаға салайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет