Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  ЖЫЛЫТҚЫШ, ІШТІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР



Pdf көрінісі
бет398/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   417
Байланысты:
материалтану

10-БӨЛІМ 
ЖЫЛЫТҚЫШ, ІШТІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР 
10.1. ЖЫЛЫТҚЫШ МАТЕРИАЛДАР 
10.1.1.  Үлбір 
Үлбір,  теріні  -  киім  ретінде  қолдану  алғашқы  материал  бо-  лып 
есептелінеді.  Өзінің  жылусақтағыш  қасиеттері,  жоғары  тозуға  төзімділігі 
және  сыртқы  келбетінің  әдемілігіне  қарап,  табиғи  үлбір  қазіргі  кезде  түрлі 
әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады.
 
Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар: 
елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың 
түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы 
түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді.
 
Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал бо- лып 
есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген 
табиғи  үлбірлер  түрлері  жоғары жылу  сақтағыш  қасиетімен  қоса  әдемі  түр 
келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде 
қолданылады.  Тек,  табиғи  үлбірдің  кейбір  түрлері,  мысалы,  қоян,  үй 
қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды 
өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
 
10.1.2.  Мақта 
Тағайындалуына  байланысты  мақта  матасы  төрт  түрге  бөлінеді  ол: 
киімдік,  жиһаздық,  медициналық  және  техникалық.  Киімдік  мақтаны 
төменгі  сүрыптарынан  және  (ІУ-УІ  сүрып),  мақта  мамығынан,  мақта  иіру 
және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді.
 
Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның 
мамық  қалдықтардың  кішкене  мөлшерінің  қоспасынан  дай-  ындалады. 
«Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және 
төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта 
маталы  мақта  ақ  (люкс),  дөрекі  (прима)  және  меланжды  (тігін)  болып 
өңделеді.
 
Жылу  шығармайтын  іштікті  жоғары  серпімді  және  талшықтардың 
жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жа-
 
255 


сайды.  «Түкті»  маталар  бүйымдарының  жылу  шығармайтын  жақсы 
қасиеттері болады.
 
10.1.3.  Ватилин 
Бүл бір жағын немесе екі жағын желімді  эмульсиямен өңделген белгілі 
бір  қалыңдықты  киімдік  мақтаның  қабаты.  Ватилин  өндірісіне  шикізат 
ретінде  мақтаның  төменгі  сүрыптары,  ал  желімді  жапсыр-  ма  мақтаны 
жылжып  кетуден  сақтайды.  1м
2
  шығарылатын  ватилин  салмағы  200-225г, 
400-440г  және  700-750г  болады.  Желімдік  заттардың  саны  қалың  ватилин 
салмағынан 1,5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспа- уы қажет.
 
Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.
 
10.1.4. Күспе 
Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі.
 
Трикотажды  күспе  желі  тоқушы  арқау  жіпті  трико  өрімді  рашель- 
машинасында шығады.
 
Трикотажды  күспе  бір  жақты  немесе  екі  жақты  дөрекі  немесе  боялған 
түкті  болып  өңделеді.  Күспенің  сапасын  бағалауда  техникалық  шартта 
көрсетілген  қасиет  көрсеткіштерінің  нормаға  сәйкестігін  белгілейді  және 
баллмен  бағаланатын  сыртқы  түрінің  ақауларын  анықтайды.  I  сүрыпқа  15 
балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі.
 
Тоқыма-тігісті  күспе  тоқыма-тігісті  машиналарда  25текс  *2(№40/2) 
қалыңдықты  мақта  маталы  иірімді  белгілі  қалыңдықты  талшықты  қабатты 
тігу  жолымен  алады.  Күспе  ені  135-150см,  салмағы  1м
2
-250-  400г,  тігістер 
ара-қашықтығы  10мм  болып  шығарылады.  Бүл  күспенің  стандартты 
ылғалдылығы 11% болады.
 
Тығыз  енгізілген  күспені  жүннің  қыл-қыбырынан,  мақтаның  төменгі 
сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты 
штапель  талшықтарынан,  сиректілген  мақта  матасынан  жартылай  жүнді 
мақта  тарамын  қарау  арқылы  алады.  Өндіріс  бір  жақты  немесе  екі  жақты 
қақпалы  күспені  шығарады.  Тігін  өндірісінде  көп  қолданылатыны  салмағы 

2
300г  болатын,  қүрамындажүнталшығынын  30%  қақпалы  күспе.  Мата 
қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып 
тігеді.
 
10.1.5.  Поролон 
Пенополиуретан  -  жеңіл,  жүмсақ,  қатты  кеуек,  серпімді  матери-  ал, 
жылу  сақтау  қасиеті  жоғары.  Киімге  салу  үшін  поролон  үзындығы  15-17м, 
ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керекті
 
256 


өлшем  қажет  болғанда  бірнеше  қабаттап  бүктейді.  Жылу  сақтау  қасиеті 
жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге 
қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ, 
кеуек  болғандықтан  ылғалды  тез  сіңіреді,  жеңіл  сығылады,  тез  кебеді. 
Поролон  төсемнің  серпімділігінің  арқасында  киімнің  пішіні  жақсы 
сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді.
 
Поролон  қолданып  тігілетін  бүйымдарға  деген  үсыныстарды 
I І Н ИИ ІІ ІП   жасайды.  Поролон  бөліктерді  бір-бірімен  жай  тігін  маши- 
насында  тігіп  дайындайды.  Поролон  үйкеліске  мықты,  көп  қайтара 
бүктегенде,  қысымға,  суыққа  шыдамды,  кигенде  үгілмейді.  Поролон  150  С 
да жүмсарады, ал, 180 С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы 
заттар  бөледі,  сондықтан  қауіпсіздік  сақтау  және  арнайы  еңбек  қорғау 
ережелерін  қатаң  сақтау  қажет.  Поролонның  кемшілігі-  ескіргенде 
серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды. 
Трихлорэтилен,  перхлорэтилен  және  уайт-  спиртпен  өңдегенде  поролон 
бүлінеді.
 
Сондықтан,  поролон  қасиеті  бойынша  мақта  және  күспеден  артық,  ал 
киімде  жылу  шығармайтын  аралық  ретінде  кең  қолданылады.  Түрлі 
киімдерге  қолданылатын  поролонмен  негізделген  беймата  материал-  дар, 
трикотаж маталар шығарады.
 
10.1.6.  Іштік маталар 
Іштік  маталар  сырт  киімдерде  өңірге,  алдыңғы  бойға,  жағаларға, 
жеңдерге  және  басқа  киім  бөлшектерін  бүйымның (пальто,  пиджак,  жакет) 
пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен 
астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы 
пластикалы  және  форма  бергенде  түрақты  болуы  керек,  сондықтан  олар 
берік,  аз  созылатын,  қатты  және  сырт  матаның  отыруымен  сәйкес  болады. 
Классикалық  іштік  матаға  коленкор,  мақта  матасы,  зығыр  және  жартылай 
зығыр  қатырғылар,  желімді  және  ара-  лас  әдіспен  дайындалған  беймата 
материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе 
синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті 
табиғи және жасан- ды маталар. Көбінесе  іштік маталар ақ, қара, сүр және 
қою сары бола- ды, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.
 
Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір 
жағы  арнайы  жабынды  жағылады,  ол  үтік  әсерінен  балқиды  және  матаны 
іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті 
матаның  қасиеттеріне  қарай  таңдайды.  Үтікпен  ыстық  өңдеуге  келмейтін 
маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет