Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


    Сурет 11.5 - Былғарыны өндіру үрдістері



Pdf көрінісі
бет404/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   417
Байланысты:
материалтану

267 


 
Сурет 11.5 - Былғарыны өндіру үрдістері 
және кейбір шикізат түрлерінде ғана болатын өзіндік ақаулар болуы мүмкін. 
Шикізат ақаулары жануардың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі 
деп  ажыратылады.  Былғарылық  шикізаттың  сапасын  төмендететін 
ақаулардың 60 % тірі күнгі ақаулар болып табылады.
 
Үлбір шикізатының сапасын төмендететін ақаулардың көбі аң өлгеннен 
кейінгі  ақаулар  болып  табылады.  Ал,  теңіз  жануарларының  және  жүні 
бағалы  аңдардың  өлгеннен  кейінгі  ақаулары  терінің  бағасын  кемітіп,  оны 
бастапқы нарқының 70-80 % түсіреді.
 
268 


Мал немесе терілерінің тірі күнгі тері ақаулары. Мүндай ақаулар малға 
жөнді  күтім  болмағандықтан  және  ластанудан,  сондай-ақ  сыртқы  күш 
әсерінен механикалық жарақаттанудан болады. Көбінесе кездесетін ақаулар: 
тесік, тыртық, мойын терісінің қатюы, жара, жау- ыр, таңбалар.
 
Терідегі бөгелек шағудан болатын тесіктер диаметрі 1-5 мм аралығында 
болады.  Бүл  ақаулар  мүйізді  ірі  мал  және  бүғы  терілерінде  кездеседі.  Бүл 
ақау - терінің көп тараған ақауларының бірі. Бөгелек личинкаларының қүрты 
теріні  жеп,  тесіп  тастайды.  Одан  пайда  болған  тесіктер  өзі  шикізатта 
білінбей  түрғанымен,  дайын  былғары  жасаған  кезде  терінің  бетінде  анық 
көрінеді,  себебі  коллаген  талшықтарының  бағыты  бүзылады.  Терідегі 
формасыз  бедер  мал  шешек  (оспа)  ауруымен  ауырғаннан  кейін  пайда 
болады.  Ол  терінің  табиғи  өрнегінің  бүзылуына  әкеп  соғады.  Қыртыстар 
мойын терісінің қалыңдап кетуінен болады, бүл - бүқа, өгіз және өгізшелерге 
тән  нәрсе.  Мойын  қыртыстары  жас  бүзауларда  онша  терең  болмайды, 
оларды  сүт  сызықтары  деп  атайды.  Қыртыстар  аяқ  киімнің  үстіңгі  жағына 
арналған  былғары  сапасын  кемітіп,  шикізаттан  пайдалы  шығынды 
төмендетеді.
 
Сондай-ақ,  малдың  тірі  күнгі  тері  ақауларына  әр  түрлі  жаралар, 
жауырлар,  қамшы  қатты  тиген  немесе  қамыт  қажыған  іздер,  теміреткі 
шыққан орындар және басқа жара іздері жатады.
 
Тірі кезіндегі аңның жүнді жабынының ақауларына: 
жүн
 
талшықтарының  түсуінің  өзгеруі,  жүннің  үйпаланып  қалуы,  жүн 
талшықтарының  кенеттен  жіңішкеруі,  күн  сәулелерінің  әсерінен  кейбір 
аңдарда  жүн  үшының  оралып  қалуы  (түлкі,  қүндыз),  қылшық  жүндерінің 
нашар дамуы жатады.
 
Аң  алынғаннан  кейінгі  тері  ақаулары  аңдарды  қолға  түсіру,  терісін 
сыпыру  және  консервілеу  кезінде,  сондай-ақ  оларды  сақтау,  артып  тиеу 
кезінде пайда болады.
 
Мал  терісін  бөлу  кезіндегі  ақаулар. Теріні  малдың  денесінен  абай-  лап, 
еппен  бөлу  керек.  Әйтпесе,  тері  аумағының  аз  шығуы,  оған  еттің,  майдың 
кетіп қалуы, терінің жыртылуы, кей бөлшектерінің кесіліп қалуы, сыпырған 
теріде  сүйектің  кетіп  қалуы  сияқты  ақаулар  терінің  сапасын  20  % 
төмендетеді.
 
Консервілеу, сақтау және буып - түйіп, арту кезіндегі ақауларға қызарып 
кету,  түзды  таңбалар,  майысып  сынуы,  қыртыстануы,  мүйізденуі,  қатаюы, 
көгеруі, шытынауы, іріп-шіруі, түйінденуі, күйе түсуі жатады.
 
Қызару  -  терінің  бахтарма  жағының  түсінің  қызғылтқа  өзгеруі,  ол 
ылғалдап  түздалған шикізатты  сақтау  кезінде  пайда  болуы  мүмкін.  Қызару 
микробтардың  әсерінен  де  болады,  оның  нәтижесінде  теріде  әр  түрлі 
мөлшерлі  таңбалар  пайда  болып,  олардың  түсі  қызғылттан  қоңыр- 
қошқылға,  кейде  қызыл  -күлгін  түске  дейін  өзгереді.  Қызарумен  бірге 
кілегейлену және аммиактың бөлініп шығуы қатар жүреді. Қызарудың
 
269 


пайда болуы температураның 22-23°С көтерілуінен, ауаның салы- стырмалы 
ылғалдылығының  55-90  %  жетуінен  болады.  Қызаруының  нәтижесінде 
терінің  беткі  қабаты  босап  тұманданып  кетеді.  Мұндай  шикізаттан 
дайындалған  былғары  берік  емес,  сапасыз,  бос  майысқақ  болады.  Тұз 
таңбалары ылғалдай тұздалған теріде, майда, қаттылау формасыз, диаметрі 
5  мм  дейін  түсі  қоңыр  дүмпілер  түрінде  пайда  болады.  Тұз  таңбалары  бар 
жеріндегі  өзеңнің  сапасы  мен  құрылымы  өзгереді.  Бұл  таңбалардың  пайда 
болуы:  микробтар  түсуінен;  автолиз  нәтижесінен;  консервілеу  кезінде 
қолданылатын  химиялық  қосылыстар  әсерінен,  натрий  хлориді  мен 
антисептиктерден;  белоктар  ыдырау  нәтижесінде  шикізаттың  физикалық-
химиялық  өзгеріске  түсуінен  (бұл  өзгерістер  консервілеуге  дейін  пайда 
болады да, сақтау кезінде білінеді) деп есептеледі.
 
Шикізаттағы тұз таңбаларын ажырату онша мүмкін болмағанымен, шикі 
жарғақта  олар  қоңыр  және  жасыл  түсті  болып  анық  көрінеді  де,  бахтарма 
жағында дөңгелек жасыл таңбалар түрінде кездеседі. Тұз таңбалары бар тері 
бояуды  нашар  қабылдайды,  сондықтан  кейінгі  өтетін  әрлеу  процестері 
қиынға  түседі.  11.6-  суретте  былғарыны  илеуге  арналған  барабандар 
көрсетілген.
 
11.3. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ 
СИПАТТАМАЛАРЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет