Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Сурет 11.9 - Үстіңгі беті кесілген табиғи былғары



Pdf көрінісі
бет407/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   417
Байланысты:
материалтану

Сурет 11.9 - Үстіңгі беті кесілген табиғи былғары 
276 


Ешкі терісін ылғалдап тұздау және кептіру арқылы сақтайды, сондай-ақ 
ешкі терісі майда шикізатқа жатады. Сүтті тұқымды ешкінің терісі қысқалау, 
селдір, бірақ өзеңі тығыз болады. Жүнді және түбітті ешкі түқымы терісінің 
ерекшелігі,  сүтті  тұқымды  ешкіге  қарағанда,  өзеңі  онша  тығыз  емес,  жүні 
қалың  болады.  11.10-Суретте  беті  тегіс,  жылтыр  табиғи  былғарысы 
көрсетілген.
 
 
Сурет 11.10 -Беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы 
Түйе  терісі.  Түйе  терісінің  қүрылымы  бостау  болып  келеді. 
Ерекшеліктері - мойын терісінің қалыңдығы біркелкі емес, түк қалташалары 
өзеңге  тереңдей  орналасқан,  өркештің  орны  дүмпиіп  түрады.  Түйенің  көп 
жатқан жағының терісі  бүдырланып кетеді. Терінің ауданы үлкен, салмағы 
ауыр  болады.  Теріні  сыпыру  түйенің  арқасынан  басталып  өркеші  арқылы 
аяқталады.
 
Түйе  терісін  түздай  кептіру  арқылы  консервілейді.  Жасына  қарай  түйе 
терісі бота және түйе терісі болып екі түрге бөлінеді.
 
Салмағы 10 кг дейін болады. Түйе терісі  салмағына қарай жеңіл (10-17 
кг), орташа (17-25 кг) және ауыр салмақты (25 кг жоғары) бо-
 
277 


лып  бөлінеді.  Бота  және  жеңіл  түйе  терісі  үлтарақ,  юфть  жасау  үшін 
қолданылады.  Ауыр  салмақты  түйе  терісінен  иленбеген  шикі  қайыс 
(сыромять) және үлтан дайындайды.
 
Мойын  терісінен  галантереялық  былғары,  ал  өркешінен  өкшеге 
қаптайтын былғары алынады.
 
Шошқа  терісі.  Шошқа  терісі  басқа  төрт  түлік  малдың  терісінен 
өзгешелеу.  Шошқа  қылы  (түгі)  нашар  дамыған,  қыртысы  қалың,  ол  өзең 
қалыңдығының 2-5% қүрайды.
 
Шошқа терісінің сортын анықтау біршама қиынға түседі, себебі терінің 
бетіндегі ақаулы-кемістікті айыру қиындау. Шошқа түгі сирек- теу және ірі 
болғандықтан,  түк  пен  қыртысты  алып  тастағанда,  өзеңнің  беті  тегіс  емес, 
сондықтан былғарының бедеріде сүлу емес, нашарлау бүдырлы көрінеді.
 
Бірақ, тері берік, үйкеліске төзімді бүл қасиет былғарыда да сақталады. 
Шошқа  терісіндегі  май  мен  тер  бездері,  бүлшық  еттері  түкті  тік  түрғызып 
түрады  және  ол  тері  қалыңдығының  өн  бойын  тесіп  өтеді  де,  түк 
қалташалары  өзеңнің  төменгі  қабатына  орналасады.  Сондықтан  шошқа 
терісінің өзеңін торлы және емізікше қабатқа бөлмейді. Дайын былғарының 
бетінде түк орны өзеңде көптеген тесік түтікшелер түрінде қалады да, оның 
су  өткізгіштігіне  әсер  етеді,  табиғи  бүл  ақауды  жөндеу  үшін  тері  арнайы 
өңдеуді  қажет  етеді.  Эластинді  талшықтар  терінің  өн  бойында  орналасқан 
және тері асты май қабаты жақсы дамыған.
 
Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 дм^), орташа (70- 120 
дм^),  ірі  (120-дм2  артық)  болып  бөлінеді.  Шошқаның  бөксе  терісі  ауданы 
бойынша шағын (30-50 дм^) және ірі (50 дм^ жоғары) болып бөлінеді. Олар 
аяқ  киімнің  жоғарғы  жағына  былғары  жасауға,  юфть  әзірлеуге,  ер-түрман 
былғарысын дайындауға, үлтан мен үлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін 
қолданылады.
 
Шошқа мегежіні терісінің ауданы 80 дм^ жоғары болады.
 
Теңіз  жануарларының  терілері.  Теңіз  жануарларының  ішінен  теңіз 
мысығының  терісі  сапасы  жағынан  ерекше  орын  алады.  Қылшық  жүні 
теріліп,  түбіт  жүні  қара  түске  боялған  немесе  қылшық  жүнін  тер-  мей, 
табиғи,  боямаған  түрінде  әйелдер  пальтосы  үшін,  жакет,  жаға,  бас  киімдер 
және басқа да бүйымдар жасауға қолданылады.
 
Түкті жабынды тюлень терілері жас шамасына қарай ерлер бас киімі мен 
күртелері үшін қолданылады.
 
Тюлень  терілері  былғары  өндірісінде,  сондай-ақ  үлбір  өндірістерін-  де 
қолданылады.
 
Олардың  қүрылымының  жалпы,  белгілері  эпидермисінің  мүйізді 
қабатының жақсы дамуы, тері өзеңінің емізікше мен торлы қабатының үзіліп 
бөлінуі  остік  шаштарының  тамырының  тереңдеп  орналасуынан  емізікшесі 
торлыдан  қалыңырақ.  Тері  өзеңі  үшін  майлы  қабаттарының  мөлшері  тән 
сипатты.  Тюлендердің  әр  түрлерінен  жиі  кездесетіні  греландық, 
беломорлық, каспийлік, нерпа, лахтах, теңіз қояны. Тю-
 
278 


лень  түріне  тәуелді  терілер  өзара  айтарлықтай  ажыратылады.  Соны-  мен 
бірге, бір түрде және әр түрлі жастағы терілердің қолданылуы әр түрлі.
 
Морж терілері. Морж жарғақ аяқтылар отрядының ірі аңдарының бірі. 
Терілерінің ауданы 600 дм^, ал салмағы 200 кг жетеді (орта- ша салмағы 70-
80кг ) үлкен аңдар 150-200 кг май береді. Терілерінің қалыңдығы 30-50 мм. 
Үсті сирек жүнмен жабылған, терең әжімдерімен қатпарлары бар, тері үлкен 
босаңдығымен ерекшеленеді. Морж терілері техникалық былғарыға (аралық 
поршень,  муфт)  шыныштарды  қайта  өндіріледі.  Олар  өте  қалың,  дөрекі, 
босаңдау және тегіс емес бетімен ерекшеленеді.
 
Морж  терілерінің  сипатты  ақаулары  атудан,  шіруден,  кесуден,  қүрт 
жегеннен туындайды.
 
Рептилий терілері. Бүл терілер - қолтырауын, бақа және жылан
 
-  галантереялық  былғарыларды  шығаруда  өндіріледі.  Қолтырауының 
терісінің қүрылымы - қалың көп қабатты эпидермистен, ал бақа мен жылан 
терілерінің  мүйіздік  қабаты  жүйелі  өзгеріп  отырады.  Өзеңі  бір  бірімен 
талшықты  көпіршелермен  байланысып,  горизонталь  бағытта  коллаген 
талшықтарының  шоғырымен  айқасатын  пласталармен  түзілген.  Терілерді 
сорттауда үзындығы бойынша үсақ, орташа, және ірі деп бөледі.
 
Қолтырауын  терілері  Үндістанда,  әсіресе,  Калькутта,  Бразилияда  және 
Оңтүстік Индия төңірінде, жылына 300 мың дана дайындалады. Қолтырауын 
терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.11-суретте көрсетілген.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет