Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ФУРНИТУРА



Pdf көрінісі
бет410/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   417
Байланысты:
материалтану

12-БӨЛІМ 
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ФУРНИТУРА 
12.1.  ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ 
Әрлеу,  сәндеу  материалдарына  таспалар,  ызбалар,  баулар,  шілтерлер, 
гипюр,  стеклярус  жатады.  Алуан  түрлі  тігін  бүйымдарын  әрлеу  үшін 
маталар, тері, үлбір, күдері, түймелер қолданылады.
 
Тағайындалуы  бойынша  әрлеу  материалдары  үш  топқа  бөлінеді: 
қолданбалы-бүйымның ішкі бөлімдеріның тігістерінің шеттерін бекіту және 
көмкеру  үшін  таспалар  және  ызбалар,  сәндік  қолданбалы  киімнің  сыртын 
сәнді  көмкеру  үшін  арналған  таспалар,  ызбалар,  баулар,  сәндік-  киімді 
сәндеуге арналған және эстетикалық функцияларды орындай- тын таспалар
эмблемалар, ызбалар, баулар және шілтерлер.
 
Таспа  -  бүл  ені  әр  түрлі  болатын  мата  қиындылары,  олар  екі  түрлі 
көлденең жіптерді тоқитын станоктар мен машиналарда өңделеді. Таспалар 
матаға үқсас бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып, әр түрлі 
матадан, түкті және шілтерленген түрлері болады.
 
Таспаның  талшықтық  қүрамы  әр  түрлі,  олар  кардалық  және  тарақтық 
мақта  матадан,  вискозды,  штапельді,  синтетикалық  көлемді  иірімдерден, 
қүрамдас  вискозадан,  ацетатты,  жай  капроннан  және  көлемді  жіптерден, 
табиғи  жібек  жіптерден,  сонымен  қатар  эластика-  лы  таспалар  үшін 
резиналы  жіптерден  қүралынады.  Аз  мөлшерде  та-  спаларды  зығырдан, 
жүннен  және  лавсанды  иірімдерден  шығарылады.  Киімге  қолданылатын 
таспалар әрлеуіш және қолданбалы болып бөлінеді.
 
Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы таспалар келесі 
түрлерге бөлінеді:
 
Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр, жаймалық өрім, өңделмеген, ені 
9-12мм, созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың жиектеріне салы- нады.
 
Шалбарлық  таспа-  мақта  жіппен,  жартылай  капрон  немесе  капрон 
жіптерден  жаймалық  және  саржалық  айқаспамен  «шыршаға  үқсас»  жиек 
салып  тоқылады  ені-15мм,  шалбардың  төменгі  қиық  жиегін  бекіту  үшін 
қолданылады.
 
Корсаждық  таспа-  жатық  боялған,  өңделмеген  түсті  мақта  жібінен 
жаймалық айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм болады.
 
Киперлік  таспа-  саржалық  өріммен  және  «шыршаға  үқсас»  өріммен 
тоқылған,  жіптері  ағартылған,  өңделмеген,  табиғи  түсінде  немесе  тегіс 
боялған,  киімдер  және  басқа  да  бүйымдарды  біріктіру  үшін  пайдала- 
нылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.
 
289 
19-6313 


Иілгіш  таспалар-өңделген  мақта,  ағартылған вискоза жіптеріне  резеңке 
талшықтар  немесе  спандекс  жіптерімен  араластырады,  үстағыш  ретінде 
қолданылады, ені 8-10 мм болады. Сәндік-қолданба- лы таспаларға мыналар 
жатады:
 
Аспабау  таспалар-  жартылай  жібек,  вискозды,  капронды,  эла-  стик 
араласқан  капрон  жіптерінен  жаймалық  атластық,  майда  өрнекті  өріммен 
тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16 мм болады.
 
Сәндік  иілгіш  таспалар-  штапель  жіптерінен,  жолақты  ала  тоқылған, 
таспалы  резеңке  талшықтардың  тартып  түруының  арқасында  бет  жағында 
ілмектері  бар,  ені  25-30  мм,  шомылу  костюмдері  және  шаңғышылар 
костюміне қолданылады.
 
Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс 
жіптерін араластырып, іш-киімдік бүйымдар мен плавкілерге қолданылады.
 
«Гофре»  иілгіш  таспа-  вискозды  жібектен,  екі  жағынан  резина 
талшықтары  өтетін  ортасы  гофреге  үқсас,  іш  киімдік  бүйымдар  және 
плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм болады.
 
Жиектік  таспа-  мақта  немесе  жүн  аралас  жіптерден  саржалық  және 
жалған  репстік  айқаспамен  тоқылады,  ағартылған  және  тегіс  боялған, 
тігістердің  қиылған  жерлерін  тегістеу  үшін  қолданылады,  ені  13-16  мм 
болады.
 
Сәндік таспаларға мыналар жатады:
 
Іш  киімдік  бейка  -  мақта  мата  таспаға  түрлі-түсті  вискоза  жіптерінен 
жаккрдтық  өрнектер  салынған,  ала  тоқылған,  балалар  бүйымдарында 
қолданылады, ені 9-15 мм болады.
 
Әрлеу тасмпалары- түрлі енді вискозды қүрамдас жіптерден жасалатын 
әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі- түсті суретті түрі жиі 
кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне қолданылады.
 
Үлдір  таспа-  жүқа,  мережкаға  үқсас  суретті  болып  келеді,  негіз  жібі 
капрон  жіптерден  және  арқауы  мақта  қағазды,  жүн  жіптерден  және 
текстурленген жіптерден дайындалады.
 
Эмблема  таспасы-  жаккардтық,  тақырыптық  суретті  (штурвал,  якорь, 
аңдар,  геометриялық  орнаменттер,  өрнектер),  вискозды  қүрама  жіптерден 
және  иірілген  штапель  жіптерден  жасалады  және  балалар,  спорттық 
бүйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады.
 
Таспалар  іш-киімге,  әйелдер  көйлектеріне,  балалар  бүйымына 
қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы ақ жайма іш-киім бейкала- ры, 12.1 
-  суретте  көрсетілген,  аспабау  үшін  таспалар,  көмкерме  үшін  өңіржиекті 
таспалар, әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу таспалары, шілтері тоқылған 
таспалар,  12.2.,  12.3.,  12.4  -  суреттерде  көрсетілген,  Ляке  таспалары, 
шілтерлі  таспалар,  спорттық  киімдер  үшін  -  қарапайым  және  түкті 
эластикалы таспалар қолданылады.
 
290 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет