171
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе
білуге көпшілікті тәрбиелеу тіл мәдениеті деген
ұғымды білдіреді. Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті
деген терминдердің мәнін ажырата алмай, кей-
де екі категориялық білімдер жүйесін бір ұғымда
жұмсайтын кездеріміз көп. Бұл терминдер өзара
мағыналас болғанмен, бір-бірінен айырмашылы-
ғы да бар. Тіл мәдениетінің ұғымы кең. Ол көбіне
қарым-қатынас құралы болып саналатын, тілді
жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар, сөз шебер-
лігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды.
Ал сөз мәдениеті қарым-қатынас құралын қалай
игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әр-
түрлі амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып,
мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па, деген
мәселерді қамтиды. Сонымен сөз мәдениеті ал-
дымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық,
стилистикалық, орфоэпиялық нормаларын мең-
геру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-
тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен
мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған,
әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген
сөзі де, жазғаны да еш мінсіз, жатық шығып жата-
ды. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нор-
масын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жат-
тықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін
дұрыс жұмсауға, сөз жаттықтығына ғана қанағат
етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің
нормасына сай, дұрыс жұмсалуы, және «тілге же-
ңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сезімді дәл
жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет [Уәлиев
Н., 1984, 25].
Достарыңызбен бөлісу: