9
Исламдағы бала тәрбиесі
діни
тәрбие
мәйегіне
басымдық
беруімен
ерекшеленеді.
Еңбекте Ислам дініндегі бала тәрбиесіне қатысты
мәселелердің бәрі толық қамтылды деу қиын. Неге
десеңіз, баланың өзі кішкентай болғанмен, мәселесі
үлкен. Үлкен мәселені толық қамту көлемді уақытты
қажет етеді.
Бала тәрбиесіне қатысты мұсылмандық негізді,
діндегі тағылымды мүмкіндігінше жинақтап оқырман
назарына ұсына отырып, еңбектің ұрпақ тәрбиесіне
қосар үлесі, халқымызға тигізер пайдасы мол болар де-
ген үміттеміз.
Бүкіл мақтау мен мінсіздік Хақ тағалаға ғана тән!
Өнегесі өміршең ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
салауат айтып, сәлем жолдаймыз!
Автордан