12
Исламдағы бала тәрбиесі
аят-сүрелерімен шегелеп, бекіте түседі. Мысалы,
Құран Кәрімде:
«Араларыңдағы бойдақтарды, сондай-
ақ қолдарыңдағы құл мен күңдеріңнің дұрыстарын
үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ өз
игілігімен байытады. Аллаһ (игілігі) өте кең әрі бәрін
білуші»
4
– деген аят бар. Қасиетті Құран Кәрімнен отба-
сына қатысты, үйленген ер мен әйелдің құқықтары мен
міндеттері хақында мұнан да басқа көптеген аяттарды
кезіктіруге болады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде:
«Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің
көптігімен мақтанамын»
5
деп, үмбетіне отбасы құруды
және
ұрпақ өрбітіп, өріс кеңейтуді насихаттайды.
Мұсылмандықты діңгек еткен қандай да бір ұлт-
тың немесе қоғамның өз кемеліне келуі әрбір керілген
керегенің мығым боп, әрбір көтерілген шаңырақтың
шайқалмауына тәуелді. Сондықтан отбасы − ұлт дәнегі,
қоғам тірегі. Бұрынғы ойшылдар бұл тірек берік бол-
са, ұлт та, сол ұлт ұйыстырып отырған мемлекеттің
іргетасы да бекем болатынын айтып кеткен. Отбасы
қалай бой түзесе, қоғам да соның ырқында болады.
Адам ата ұрпақтары осы қағидалардың барлығын
білсе де, мұның бастау бұлағы мен шешімі Ислам
дінінде тұнып тұрғанына көз жеткізе алмай-ақ келеді.
Ислам діні мұсылман пенденің үйін «жаннаттың
бір пұшпағына» теңейді. Сол себепті де «Жұмақтың
бір пұшпағына» баланған шаңырақтың астында
бүлдіршіндер имани тәрбие алуы тиіс. Осындай құтты
4
«Нұр» сүресі, 32-аят.
5
Абдурразззақ, Мүсаннаф, 6/173; Ажлуни, Кәшфул Хафа, 1/318,
319.
13
Отбасы – тәрбие бесігі
шаңырақтағы бүлдіршіндердің үйді бастарына көтеріп,
шулағанының өзі періштелердің құлшылықтағы тәс-
бихын еске салатындай тым тәтті болмақ.
Үйленуді әрі ғибадат, әрі сүннет деп ұғу керек.
Сондықтан да ата-ананың мұсылмандық міндеттерінің
бірі − мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды пер-
зент тәрбиелеу. Осы арқылы екі дүниеде де Аллаһтың
разылығына бөлену. Шаңырақ көтеретін екі жас алда-
рына осындай асыл мақсат қойса, болашақта отбасы-
мен басталатын отаны берік болады.
Ислам діні бозбала мен бойжеткеннің осы бағыт-
ты көздей отырып, шаңырақ көтеруін сауапты әрі
құптарлық іс деп таниды. Бас-аяғын терең ойластырып,
ыстық сезім мен нұрлы ақылды басшы етіп тігілген отау
баянды, сол отауда жарық дүние есігін ашқан ұрпақ та
қайырлы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: