192
1. Табиғи ауытқушылықтар дегеніміз не?
Мәтінде мынадай мәлімет бар: «Жер-Ана бәрімізге ортақ. Оның бетінде болатын табиғи
ауытқушылық планетаны мекен етушілердің бәріне бірдей зардабын тарттырады». Нақты
жауап жоқ. Бұл сұраққа жауап беру үшін «ауытқу» деген сөздің мағынасын ашып алуымыз
керек.
2. Адамдардың табиғатқа деген қамқорлығы туралы айтыңыз.
Мәтінде мынадай ақпарат бар: «Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке
алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдарға қосымша азық береді, өйткені
Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ». Жауабыңызда мәтін мәліметін сөзбе-сөз қайталамау үшін
төмендегі сөздердің баламасын анықтап алыңыз:
• аңшылар мен ғылыми қызметкер;
• есепке алады;
• тіршілік-тынысы;
• бақылайды;
Сөйлем құрастырғанда, жоғарыдағы сөздердің баламаларын қолдана отырып, сөйлем
құрастырыңыз.
3. Марқакөл қай жерде орналасқан?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мәтіндегі географиялық атауларды еске түсіруіңіз керек. Қай
облыс, өңір екендігін есіңізге түсіріңіз.
4. Марқакөлдің басты байлығы не?
Мәтінде не туралы айтылғандарды еске түсіріп, жауап берген уақытта «не?» сұрағы
арқылы берілгендіктен, жауап беретін кезде атау тұлғада қоюды ескерген жөн. Мәтінде
мынадай мәлімет келтірілген: «Басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық.
Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл
көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған. Өлкенің өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі қорғауға алынған».
Жауабыңызда «қызыл балық, аңдар мен құстар, өсімдіктер» сөздерінің барлығын бір сөйлемге
біріктіруіңізге болады.
5. Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
Бұл сұрақ өз көзқарасыңызды білдіруіңізді талап етеді. Төмендегі мәліметтерді басшылыққа
алыңыз:
- табиғат байлықтарын: орман-көлдерді, тау-кенді қорғау;
- табиғат аясында тіршілік ететін аң-құстарға қамқорлық жасау;
- табиғатты адам игілігіне жұмсау үшін, оны тілсіз жаулардан қорғау. Анықталған тірек-
сөздермен сөйлем құраңыз.
5-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста.
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
Достарыңызбен бөлісу: