Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет21/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

6-диалог
– Қаланың халқы жылдан-жылға өсіп келеді, ə?
– Иə, халықтың өсімі жақсы ғой. Тəуелсіздік алған жылдардан бері алыс жəне 
жақын шетелдерден оралмандар келіп жатыр. Бір ғана Алматы облысына 30 
мыңнан астам отбасы көшіп келген. Олардың жалпы саны 100 мың адамнан 
асқан. Биылдың өзінде 4 598 отбасы немесе 12 мың адам қоныс теуіпті.
– Қай елдерден көбірек келіп жатыр екен?
– Қандастарымыздың дені Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан
Тəжікстаннан. Облыстық көші-қон басқармасының деректеріне қарағанда, 
бірқатар аудандарда оралмандар отбасынан тұратын тұтас ауылдар да 
пайда болған. Əкімдер олардың жаңа ортаға тезірек бейімделуі үшін барлық 
мүмкіндіктерді жасап жатыр. Бейімделу бағдарламасына құқықтық мəселелер 
бойынша кеңестер, мемлекеттік тілді, сонымен қатар əркімнің қалауынша орыс 
тілін үйрету, кəсіпке дайындау, білім беру жəне əлеуметтік қамтамасыз ету 
кіреді.
– Дегенмен халық саны 20 миллионға жете қоймаған шығар?
– Соңғы халық санағы бойынша Қазақстан халқы 17 миллионға таяп келеді. 
Мұның өзі оралмандар есебінен қол жеткізген жетістік екендігін ерекше атап 
өткен орынды. Оралмандардың есебінен халық саны 700 мың адамға өссе, 
олардың бір бөлігін елін сағынып оралған қандастарымыз құрайды. Осылайша 
ордалы елге айналып келеміз. Сондықтан да алдағы уақытта да елге бет алған 
керуенге кедергі болатын мəселелерді шешу керек-ақ.
«Дала мен қала» газетінен
17
A) Бала санының өсуі
B) Оралмандардың келуі 
C) Шетелдегі қазақтар жайы
D) Қазақстан халқы санының өсімі
Мəтіндегі негізгі ақпаратты анықтаңыз.
Определите основную информацию текста.
1) Бала санының өсуі туралы айтылғанмен, бұл толық ақпарат емес.
2) Оралмандардың келуі – халық саны өсуінің бір жолы ғана, сондықтан бұл да толық ақпарат 
емес. 
3) Шетелдегі қазақтардың жайы туралы ақпарат жоқ.
4) Мəтінде айтылған ақпараттар – халық саны көбеюінің негізгі факторлары, сондықтан халық 
санының өсімі толық ақпарат болып табылады.
16
Сұхбаттасушылардың ойы қандай?
A) Шешендік өнер сайысына қатысу 
B) Шешендік өнер сайысын тамашалау 
C) Шешендік өнер сайысын ұйымдастыру
D) Шешендік өнер сайысына қатысушыларды сынау
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет