АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
•
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлi құбылыстар туралы
мәлiметтер жиынтығы.
•
Кез келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (кiм ақпаратты бередi) және
қабылдаушысы (кiм алады) ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен
қабылдаушысына шартты сигнал көмегiмен берiледi. Сигналдар типтерi әр түрлi болып
бөлiнедi:
•
Физикалық табиғат бойынша: электрлiк, жарықтық, жылу, дыбыстық, механикалық,
радиосигнал.
•
Қабылдау тәсiлi бойынша: көз, дыбыс, иiс, дәм.
•
Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк
бередi. Ақпарат көзiнен қабылдаушысына байланыс каналдары арқылы берiледi.
•
Ақпарат қасиеттері:
дәлдік, толықтылық,, бағалылық, түсініктілік.
•
Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың
дәлдік
қасиетін қанағаттандырады.
•
Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім
қабылдауға жеткілікті болса, онда ол
ақпараттың
толықтылық қасиетін қанағаттандырады.
•
Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол
ақпараттың
бағалылық қасиетін қанағаттандырады.
•
Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың
түсініктілік
қасиетін қанағаттандырады.