ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
♦ Асты сызылған сөзді мəндес сөздермен алмастырыңыз.
Найдите вариант, заменяющий подчеркнутое слово.
Ауыл əкімі ауданға ақпаратты факспен жіберді.
А) факстен кейін
В) факстен соң
С) факске дейін
D) факс арқылы
1) факспен сөзі іс-əрекеттің қалай, ненің көмегімен орындалғанын білдіреді,
сондықтан факстен кейін тіркесімен алмастырылмайды;
2) факстен соң тіркесі қимылдың не арқылы орындалғанын білдіре
алмайтындықтан, факспен сөзінің орнына қолданылмайды;
3) факске дейін тіркесі факспен сөзінің орнына беретін мəнін білдіре
алмайтындықтан, бұл сөзбен ауыстыруға болмайды;
4) факс арқылы тіркесі қимылдың ненің көмегімен, қалай іске асқанын білдіреді,
факспен сөзімен мəндес.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бауыржан Момышұлы ... қызықты аңыздар көп.
А) шақты
В) туралы
С) жайынан
D) турасынан
Асты сызылған сөздерді мəндес сөздермен алмастырыңыз.
Замените подчеркнутые слова близкими по значению.
Ауылды дамытуға арналған ауқымды жаңа бағдарламалар қабылданып жатыр.
А) Ауылды дамыту үшін
В) Ауылды дамыту арқылы
С) Ауылды дамытумен қатар
D) Ауылды дамытқанға шейін
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Сая оқуға түсу ... дайындалып жүр.
А) үшін
В) бойы
С) сайын
D) арқылы
77
78
79
88
Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар
Барыс септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер мекендік ұғымдағы
сөздермен тіркескенде бағыт мəнін білдіреді, мысалы: үйге қарай, жұмысқа дейін,
ал мезгіл мəнді сөздермен тіркескенде уақытты, мерзімді нақтылай түседі, мысалы:
кешке шейін, түске таман, кейде сан есімдермен тіркесіп мөлшерге болжалдық мəн
үстейді, мысалы: жүзге тарта, отызға жуық.
Септеулік Шылау
сөздер
Барыс септігіндегі сөздермен
тіркесетін септеулік
дейін, шейін, таман, қарай, жуық,
жақын, тарта
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Аналар мерекесіне ... оқушылар концерт ұйымдастырмақшы.
A) орай
B) кейін
C) шейін
D) шамалы
1) орай сөзі барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп, сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
2) кейін сөзі шығыс септігіндегі сөзбен ғана тіркеседі, барыс септігіндегі сөзбен
(мерекесіне) тіркеспейді;
3) шейін сөзі сөйлем мазмұнына үйлеспейді;
4) шамалы сөзі атау септігіндегі сөзбен тіркеседі, ал барыс септігіндегі сөзбен
тіркесе алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Оқу ордасында жиырма мыңға ... студент оқиды.
А) шақты
В) салым
С) қарай
D) жуық
1) шақты сөзі барыс септігіндегі сөзбен тіркеспейді;
2) салым сөзі сөйлем мазмұнымен сəйкес келмейді, мезгіл мəнді сөздермен ғана
тіркеседі;
3) қарай сөзі тіркескен сөзіне бағыттық мəн үстейді, сондықтан сөйлем мазмұнына
сəйкес мөлшер мəнін білдіру үшін қолданылмайды;
4) жуық сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес, оқу ордасында оқитын студенттердің жалпы
санын шамалап көрсетеді.
♦ Бағытты білдіретін тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть словосочетание со значением направления.
А) Біз түске дейін қалада болдық.
В) Олар қалаға қарай кетіп барады.
С) Ағам қаладан келген сайын көп базарлық əкелетін.
D) Інім қаладан келгелі бері əлденеге мазасызданып жүр.
1) қалада сөзі қимылдың орнын, мекенін білдіреді;
2) қалаға қарай тіркесі сөйлемде іс-əрекеттің орындалу бағытын білдіреді;
3) қаладан келген сайын тіркесі іс-əрекеттің мезгілін көрсетеді;
4) қаладан келгелі бері тіркесі қимылдың уақытын айқындайды.
|