Білу.Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында «Бастаңғы» ойынын ойнау. Балалар, үй тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру үшін, сендерді «Бастаңғы» ойынына қатысуға шақырамын. «Бастаңғы» сөзінің мағынасын көбіміз біле бермейміз.Әуелі түсіндіріп өтейін. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау. Үлкендер жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады.Балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне, бастаңғы дастарханы сіздерді күтіп тұр.Бірақ, онда бару үшін, мына үстел үстіндегі ұлттық тағамдарды дастархан үстіне апарып қою керек.Ал, ол тағамдарды апару үшін, артындағы сұрақтарға жауап беру керек.Қане, кім қай тағамды қояды?
Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.